Табиғаттану және экология іс-тәжірибесі бойынша берілген ұй тапсырмасы(конспект)



бет1/3
Дата17.06.2020
өлшемі19.35 Kb.
түріКонспект
  1   2   3

Табиғаттану және экология іс-тәжірибесі бойынша берілген ұй тапсырмасы(конспект) 219к тобы студенті: Сураубай Самал

Табиғат- адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығы мен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті. Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Табиғат қорғауға ғылыми тұрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс шаралар жатады.

Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қана сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке карай, аға ұрпақтың санасезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келді. Ол олардың табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарауы. Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Ол-жердің беткі қабаты-литосфера, оның үстіндегі гидросфсра, оның жоғарғы қабатын құрайтын - атмосфера, осы үшеуінің ара қатынасындағы биосфера - тіршілік қабаты. Осы үшеуі бір-бірімен үйлесімді ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды. мысалы, Финляндияда, онда тал тұрмақ бір бұтақ кестірмейді. Базардың өзін олар тазалық үшін уақытша пайдаланады. Яғни біздегідей тұрақты орны жоқ.
Экология қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым. Сәкеннің "Көкшетауын" алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, "көк шөпті баспа", "суға түкірме" деп үйреткен, "ботам", "құлыншағым", "қошақаным" деп еркелеткен. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі табиғатпен етене өскеннің арқасы. Мұны мен жаңа бағыттағы ғылымда этноэкология деп атадым.
Қазіргі таңда экология мөселесі атом қаруынан да қауіпті. Себебі экология қазір ғаламдық проблемалық сипат алып отыр. Кез келген өркениетті ел өзінің экологиялық мөселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ-ның алдына мәселе етіп қояды. Біздің елімізден Елбасы БҰҰ-ға Арал мәселесін қойып отыр.


Соңғы жылдары жер шарында барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы- әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптік қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.

Қазақстан жерiне орманды дала зонасының тек оңтүстiк шетi суйiрленiп кiредi.Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседi. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сiбiр жазығы мен Жаллы Сырт қыратының аз ғана бөлiгiн алып жатыр. Жалпы көлемi 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4 орманды дала зонасының жер бетi тегiс. Онда шағын ойпаттар кездеседi, бұлардың кейбiреулерiн көл алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасына климаты басқа зоналарға қарағанда бiршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшерi 300-350 мм,оның көбi жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шiлденiң орташа температурасы 18°-20*.Қысы едеуiр суық, кей күндерi қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53С- қа дейiн темендейдi қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С. Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9 пайызына жуығы шірінді болады.Зонаның оңтүстігіне қарайқара топырақтың қалыңдығы кеми түседі,шіріндінің мөлшері 6 пайызға азаяды. Өсiмдiк жамылғысы жыртылмаған үлескiлердi жауып туратын қалың және әр түрлi шөптер, дәнді дақылды өсiмдiктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз,шоқ түпті бетеге, бұралган жер бидайық өте көп. Бiраз жердi қарабас шалғын мен қылқансыз арпабас алып жатыр. Астық тұқымдас өсімдiктерге сәбiзшөп, жұпар иiстi алтын түстес гулдер өседi. Бұршақ тұқымдастардан сары гулдi беде бар. Батыс Сiбiр жазығының ормандарында қайың мен көктеректер өседi. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпак жапырақты ағаштар емен жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып бiткен қайыңды, кектеректi ормандар арасында өсетiн бұталарға тал, долана,итмұрын,қарақат жатады. Сабағы жiңішке,шырынды, қызыл күрең түстi жемiсi бар тошала жиi кездеседi. Орман шетiнде аңқыған иiсi бар, қызыл күрең түстi итблдiрген көздiң жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстын орманды даласын Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсiмдiктерi өзен аңғарларын бойлай оңтүстiкке де таралады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет