Тақырып 12. Капитал және жер нарықтары



Дата26.08.2020
өлшемі0.63 Mb.

Тақырып 12. Капитал және жер нарықтары

Өндіріс факторларының рыногы екі негізгі түрде енуі мүмкін:



  1. жетілген бәсекелестік жағдайында өндіріс факторларының
    рыногы;

  2. жетілген емес бәсекелестік жағдайында өңдіріс
    факторларының рыногы.

Жетілген бәсекелестік жағдайында өндіріс факторлары рыногы ерекшеліктері болып, не сатып алушы, не сатушы өндіріс
ресурстарының бағасына әсер ете алмайды, ал өндіріс
факторларына деген баға сұраныс және ұсыныстан байланысты
болады, сол уақытта жетілген емес бәсекелестік жагдайында
сатып алушы немесе сатушы өндіріс ресурстарының багасына
әсер ете алуы мүмкін.
Капитал рыногы.

Капитал немесе капиталды активтер рынок - бұл өндіріс


факторлары рыногының құрамдас бөлігі.

Капитал - бұл тауарлар және көрсетілетін қызметтерді


ұлғайту мақсатында адамдар жасаған өндіріс құралдары. Капитал
өзіне машиналар, ғимараттар, үймереттер, шикізаттар, материалдар, идеялар, ақпаратты және көптеген басқаларды енгізеді.

Капитал үш негізгі нысанда болады:



  1. жеке;

  2. қаржылық;

  3. адамзаттык.

Капитал осы үш түрден басқа мына нысанда болады:

  1. негізгі капитал - бұл өндірістік процеске ұзақ уақыт
    қатысушы, өзінің физикалық нысанын өзгертпейтін және өзінің
    құнын дайындалатын өнімге амортизациялық аударымдар
    түрінде тозуына қарай бӛлшектеп көшіретін өндіріс құралдарының құны;

  2. айналым капитал - бүл еңбек құралдарының және жұмыс

күшінің құны.

Капиталға деген табыс көрсеткіші немесе капиталды активтер


болып жылдық пайыздық мөлшерлемесі табылады, яғни
қолданылатын капиталдың шамасына уақыттың белгілі бір
кезеңінде есептелетін табыс шамасы болып табылады.

Инвестициялау кезінде ағымдағы табыстарды келешектегі


табыстар ағынымен салыстыру проблемасы пайда болады.
Келешектегі табыстар ағынымен ағымдағы табысты салыстыру
дисконттау көмегі кезінде жүргізіледі.

Дисконттау – бұл капиталдың таза өнімділігінің есебі.


Банктік пайыз мөлшерлемесі r тең деп санайық, онда қазіргі уақытта салынған 1$ бір жылдан кейін (1+r)$ әкеледі. Сондықтан, (1+r)$ қазіргі уақыт- тағы 1$ құны болып табылады. Осылайша, ағымдық дисконттау кұны PDV - бұл 1 $ бір жылдан кейін, егер r есептік мӛлшерлемесі бойынша пайда әкелсе, беретін ақша мөлшері.

Дисконттау немесе ағымдық құн:


1) пайыздық мөлшерлемеге;
2) жыл сайын күтілетін кіріс сомасына байланысты болады.

Инфляция жағдайында номинал және нақты пайыздық мөлшерлемелер ерекшеленеді. Номинал мөлшерлемесі инфляция қарқыны және нақты мӛлшерлемесінің сомасы ретінде есептеледі.

Жер рыногы

Жер - бұл өндірістің маңызды факторы. Жердің оны бірегей ететін сипаттамалары болады:



  1. жерге деген абсолют икемділіксіз сұраныс;

  2. пайдаланылатын жерлердің бекітілуі;

  3. жердің жылжымайтындығы.

Өйткені жер ұсынысы абсолют түрде икемділіксіз болса, онда оның бағасы жекелеген учаскелердегі сұраныс деңгейімен анықталады.





Жер рентасы - белгілі бір кезеңдегі уақыт ішінде жерді пайдалану үшін жер учаскесінің иелеріне жалгерлердің төлемі. Осылайша, рента жердің капитал бағасына енеді.

Жер рентасының тӛмендегі түрлері болады:


- абсолют рента. Жерге деген кез келген меншік рентанын осы түрлерін алу үшін негіздеме береді;

- инфрамаржиналдық рента. Рентаның бұл түрі аталған табиғи ресурсты пайдалануға және жалға алуға ұмтылатын жалгерлердің арасында нақтылау нәтижесінде құрылған рентаның кӛрсетілген түрлерімен таза экономикалық рентаның артылуын білдіреді;



- экономикалык рента. Ол ӛндіріс факторларын пайдаланудан алынған табыс және осы пайдалануды қамтамасыз ететін минимум шығындар арасындағы айырмашылықты білдіреді;

- дифференциалдық рента. Рентаның бұл түрі әр түрлі сападағы жерді пайдалану нәтижесінде пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет