Тасқала ауданы іі-ші Шежін ауылы



Дата01.04.2017
өлшемі1.69 Mb.
Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

ІІ-ші Шежін ауылы

ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

Айжарикова Гульбану Талаповна

І санатты мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі.

Еңбек өтілі-16 жыл

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Аңдар паркіне саяхат

Құзыреттілікке жеткізілетін – ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет міндеттері:

Ақпараттық құзыреттілік
Коммуникативті құзыреттілік

Проблеманы шешу құзыреттілігі

А) Ақпарат көздері арқылы аңдар паркіндегі саяхаттың ерекшеліктерін балаларға меңгерту
Ә) Балалардың тілін дамыту арқылы жануарлардың қалай дыбыстайтының дұрыс айта білуін дағдыландыру. Сенсорлық тәрбие бойынша түстерді, пішіндерді, ажырата білу дағдыларын үйрету.
Б) Берілген сұрақ-тапсырмаларға өз бетінше жауап беруге қалыптастыру. Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жануарлардың қалай дыбыстайтынын, берілген жұмбақтарға тез, әрі нақты, дұрыс жауап береді. Игеруі керек: Берілген сұрақ-тапсырмаларға өз бетінше жауап беруге қалыптасады. Табиғат байлықтарын қорғап, сүйіспеншілік сезімдері артады. Баланың қолынан келуі: Жануарлардың ерекшеліктерін үй жануарлары мен жабайы жануарларды айыра алады.

Оқу іс-әрекет түрі, әдіс-тәсілі

«Таным», «Қатынас» білім салалары және саяхат сабағы, тақырыпты меңгерту. түсіндіру, сұрақ-жауап ,ойын.

Оқыту құралдары

Билингвалдық компонент:

Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар, музыка. Психологиялық тренинг, «Зообаққа орналастыр», «Өз орнын тап » ойындары.
Аю – медведь – bear

қоян-заяц-hare

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Психологиялық тренинг: Кәне балалар, алдымен бір-бірімізден сәлемдесіп алайықшы. Мына өлең жолдарын қайталайық. «Мен қандаймын?» тренингі -Балалар, сендер өздерін туралы айтуға дайынсыңдар ма? Кәне кім айтады? Сендер қандай сұлу, мейірімді, ақылды балаларсыңдар. Осындай қайырымды, ақ жарқын болуыңызға кім көмектеседі? -Дұрыс, ендеше шуағын төккен күнмен де амандасып алайық (амандасу).-Балалар біз бүгін аңдар паркіне саяхатқа барамыз. Аңдарды көргілерің келе ме? Балалар қандай аңдарды білесіңдер? Аю – медведь – bear , қоян-заяц-hare орысша, ағылшын аудармасын қайталайық.

Амансыз ба, Сәлеметсіздер ме?

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз,

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз!

Мен әдепті қызбын.

Мен келбетті, көріктімін.

Мен зейінді, зерікпін.

Балалар өздеріне тән жақсы қасиеттерін айтады.

Арайлап атқан таңымыз, Қайырлы болсын күніміз. Амансың ба, Нұрлы күн!



Балалар бір дауыспен зообаққа барғылары келетіндерін айтады.

Слайд:_№1'>Іздену - ұйымдастырушы

Слайд: №1 Берілген аңдармен таныстыру. Олардың тіршілігі, қоректенуі туралы әңгімелеу. -Зообақ дегеніміз ол аңдардың бір жерге жиналған,топтастырған жері. Зообақта жабайы аңдар,құстарды кездестіруге болады.Құстар ұшып кетпес үшін, ал жабайы аңдар қауіпті болғандықтан оларды торға қамап қояды.Зообақта аңдарды адамдар еркін бақылайды. Бұл аңдарға қарайтын тамақтандыратын зообақта жұмысшылар бар. Зообақта қыста аңдарға ерекше көңіл бөледі.Оларға түрлі дәрумендер, көкеністер, жемістер беріледі. Сендер зообаққа барып көрдіңдер ме? Балалардың жауабы тыңдалады. Слайд:№2 Музыка арқылы зообақтағы көрген аңдардың бейнесін қимылмен келтіру.(маймыл,аю,түлкі,құстар т.б) Слайд:№3 «Зообаққа орналастыр» ойыны. Берілген торларға түйе, аю, түлкі қоянның пішіндеріне сәйкес орналастыру. Интерактивті тақтада берілген тапсырманы қаламның көмегімен орналастыру. Слайд:№4 «Өз орнын тап » ойыны. Кестеде берілген суреттерді топтастыру. Интерактивті тақтадағы суреттерді қаламның көмегімен кестеге орналастыру. Бұл тапсырмада балық, құстар, аңдар топтарын дұрыс тауып орналастырулары керек.