«Тәрбие – ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі» Жайлибаева Қымбат Мизанбаевна



Дата26.08.2017
өлшемі166.57 Kb.


«Тәрбие – ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі»

Жайлибаева Қымбат Мизанбаевна

Тәрбиедегі басты мәселе – тәрбиешінің

кім екендігінде

Д Писарев

Мен өз мамандығымды мұғалім –тәлімгер мамандығын тәрбиелей отырып тәлім беретін, тәлім бере отырып тәрбиелейтін нағыз ұстаз деп танимын. Ал нағыз ұстаз - ол өз ісің де, шәкіртін де жақсы көре білу.

Қостанай политехникалық колледжі жастарын тәрбиелеу ең күрделі әлеуметтік мәселе болып саналады. Себебі, жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу дегеніміз – оқытуды жақсы жолға қою ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмыстарын да дұрыс ұйымдастыру, оқу тәрбие саласындағы жұмыстарды жақсарту бағытында сынып жетекшілер шығармашылықпен жұмыс жасап, студенттерді де өз бетінше зерттеу жұмыстарына баулып, жетілдіріп отырады.

Оқу мен тәрбиені ұштастыра жүргізіп, жастарға заман талабына сай тәрбие беруде туған жердің, оның адал перзенттерінің игілікті істерін, тарихын білудің маңызы зор.

«Адамның тәні сияқты, жанына да тәрбие керек, онсыз жан семіп қалады, енжарлықтың ми батпағына батады»

Қазақстан Республикасы өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саяси –әлеуметтік, экономикалық өзгерістерімен қатар білім саласындағы басты мәселе – келешек ұрпақты заман талабына сай интелектуалы жоғары, мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын ел жанды азамат етіп тәрбиелеу.

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басты мақсаттарын айқындап, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі.

«Тәрбие - ұлағатты іс», - деп ұлы ойшыл Әл-Фараби айтпақшы, тәрбие қызықты, қиын, өнегелі бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс. Қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлықты болып, халқымыздың ұлттық өнерін, салт-дәстүрін ұстанып, ата-ананы сыйлап, туған жерді аялау, қонақ күту, үлкен-кішіге қайырымдылық көрсету, еңбекқорлық, әдептілік нысандарын бойларына сіңіріп, қазақ шежіресін танып білсе, өнерлі де өнегелі, тәрбиелі болары сөзсіз.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың психологиялық, физиологиялық дамуы мен қалыптасуы үрдісіндегі рөлі де ерекше. Отбасы - тәрбие ошағы, Отбасының балаға тәрбие беруінің қызметінің ерекшелігі - оның тұрақтылығында. Қоғамдық ережелер, ең алдымен, отбасында қабылданып, мойындалады. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында да «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың етене құқығы, әрі міндеті» деп белгіленген. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды, білімді. Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Сондықтан да, олар өз балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса, перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған.

Жасөспірімнің білімі қалыпты болса да, тәрбиесі жеткіліксіз болса, қоғамға тигізер кесірі мол. Сондықтан қазіргі таңда колледждің алдында тұрған өзекті мәселе - білім берудің гуманитарлық үлгісі негізінде тәрбие жүйесін жетілдіру.

Әл-Фарабидің айтуынша, «адамды жануарлардан ерекше бөліп тұрған қуат оның ақыл, парасаты, яғни сөйлей, ойлай алу қабілеті ». Осы қабілеті арқылы адам тәрбиесі саналы түрде жүргізіледі.

В. Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі жолдарын атап көрсетті.

Әрбір мұғалім - тәрбиеші. Өйткені, студент пен ұстаз арасында рухани бірлік болғандықтан, оқыту тек білім беру емес, сонымен қатар түрлі қатынастар жасау үрдісі де.

Тәрбиенің әдістері - тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері.

Адамгершілікке тәрбиелеу ісі тек білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы да оның ішкі жан дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастырады.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Ұлт боламын десең, қызынды түзе»,- деп Б Момышұлы атамыз айтқандай, ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алар болсақ, елді қолда ұстар батыр ұлдарымызды, ұлтымызды тәрбиелейтін аруларымызды теріс жолдан аулақ ұстап, тәрбие бергеніміз жөн нашақорлық шылым шегу, жат әдет бала санасына кері әсерін тигізбесе, оң бағытқа сілтемейтіні айдан анық. Қай ата-ана болсын баласына тәрбие бергенде жаман болсын деп емес, жақсы болсын деп үйретеді.

Қазақ халқының тәрбиесі атам заманнан өмірлік тәжірибеге, ата-бабаның дала тіршілігі қалыптастырған дәстүріне негізделген. Біздің ұжым қазақ тағылымдарын негізге ала отырып, мен мынадай қағидаларды баршамызға ортақ деп санайды.

1. Ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл - ойлы, парасатты болу;

2. Өргенді атану - қазақ тағылымының басты шарты не нәрсе болса да көз жеткізу, иландыру, ақиқаттан, әділдіктен айнымау;

3. Аз сөйлеп, көп тыңдау, иманды, инабатты, қайырымды болу;

4. ’’Сегіз қырлы, бір сырлы’’ болу, рухыңа кір келтірмеу, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, сыйлау асыл - таспау, достыққа берік болу, татулықты дәріптеу, ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.

Арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді. Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек ет (Ш.Құдайбердіұлының ғибрат сөздерінен)

Тәрбие кешіктірілсе, кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, кәделі де сауапты, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі.

Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, туған жерін сүюден, ана тіліне, ұлттық өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншіліктен туындайды, сондықтан тәрбие ісінде студенттерді өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті, мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу – оқу тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.

Жас ұрпақ - келешектің қожасы, - деп В.Г Белинский айтқандай, болашағымыз бен келешегіміздің қожасы – ұрпақтарымызды білімді де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

Жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беруді қоғам болып қолға алсақ, болашағымыздың жарқын болары сөзсіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме, ұрпағымыздың отансүйгіштікке, ұлтымыздың салт – дәстүрлерін ұмытпауға, ата – бабаларымыздың аманат етіп,білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, мұра еткен жерімізді қорғауға тәрбиелеу және баулу баршаға бірдей міндет және борыш.

Ұжымда өткізілген тәрбие сағаттарының тәрбие үрдісінде алатын орны ерекше.

Сөзімді қорытындылай келе, ғылым-білімнің шамы қағылған, қазығы қағылған оқу орны –Қостанай политехникалық колледжі саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында сан шәкіртті білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оларды білікті де білімді маман қатарына қосып, өрісті өмір сыйлап келеді.



45 жылдық мерекесі қарсаңында,оқу орнының ұлағатты ұстаздарын, іскер азаматтарын халыққа адал қызмет етуде жастарға жаңа деңгейде сапалы білім беруде талмас талап, қажымас қайрат, шығармашылық табыстар тілей отырып, зор денсаулық, бақыт, отбастарыңызға құт-береке, ашық аспан тілеймін.

Білім мен ғылым жолдарындағы ізденістеріңіз тың, шығармашылықтарыңыз сәтті бола берсін!

Өз тобыммен 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығының ІІІ курс Д-2 студенттерімен өткізілген тәрбие сағатын қосымшада ұсынамын.

Қосымша

Тәрбие басы – отбасы

Мақсаты:

Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүр туралы білімдерін байқау. Ән-би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, студенттерді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындығы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: слайд, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер, қолөнердің үлгілері, мамандық бойынша слайдтың дискілері.

Сабақ барысы:

Армысыздар! Құрметті ұстаздар мен студенттер және қонақтар, ата-аналар!

Біздің "Тәрбие басы - отбасы" атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі күн біз үшін ерекше, себебі, біздің колледжге ата-аналар мен біздің мамандар қонаққа келіп отыр. Барлығымыз да бір терінің пұшпағын илеп отырмыз, яғни ата-ананың да, ұстаздың да айтатыны бала тәрбиесі. Сондықтан, мен бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбын "Тәрбие басы - отбасы" деп алдым, өйткені бала тәрбиесінің бастауы отбасында. Қазақ атамыз "Ұяда не көрсе, ұшқанда оны іледі" деп тегін айтпаса керек. Соған байланысты сабақта ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән, би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден хабардарлығын анықтау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Болашақ мамандарды колледжге тарту. Ендігі кезекті колледж студенттеріне өз өнерлерін көрсетуге беремін.

Жүргізуші:

Атамыз қазақ "Бала - адамның бауыр еті", "Балалы үй - базар" дейді. Өйткені, бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланын болашаққа жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі "Тәрбие басы - отбасы" сайысына 3 отбасы балаларымен қатысады.

1-топ: «Ұйымшыл»;

2-топ: «Бірлік»;

3-топ: «Талапкер»

Сайысымызды бастамас бұрын сайыс бағдарламасымен танысып алайық (слайдтан көрсетіледі).

I бөлім. Команданы таныстыру және өз өнерлерін көрсету.

ІІ бөлім. Қолөнер. «Өнерлеріңіз қолы алтын»

1) Ата-ана баласымен алдында тұрған түрлі түсті қағаз, желім, тоқуға арналған жіп, қарындаш т.б пайдаланып бір зат жасау керек (жұмыстарын жасай береді).

- Сіздер жұмыстарыңызды жасап бітіргенше біздің студенттерімізге қонақжайлық көрсетейік. «Менің болашақ мамандығым» атты слайдпен таныстырайық.

Алдарыңызда қойылған слайдпен таныстырыңыздар, енді содан алған ойларыңызды мына кестеге толтырыңыздар. Студенттеріміз ойларын кестеге түсіріп болғанша, кезекті шебер ата-аналарымызға берсек.

III бөлім. Салт-дәстүрді білеміз бе?

Конвертте салт-дәстүрге, Елбасы жолдауына, әлемдік дағдарысқа байланысты сұрақтар жазылған.

1) Сәлемдесу, жөн сұрасудың өзіндік дәстүрі бар.

Осы жағдайда не айтасыз?

2) Елбасы жолдауында білім беру саласына қандай өзгерістер енген.

3) Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт-жораның түрлері қандай?

4) Жастарға байланысты қандай жағдайлар жасалған.

5) Ұлағатты ырым - тыйымдардың тәрбиелік мәні неде?

6) Әлемдік дағдарысқа қандай көзқарасыңыз бар?

Ата-аналарымыз ойланып болғанша, кезекті шығармашылық жұмысқа берелік.

«Туған жер» өлеңі оқылады.

IV бөлім: Ата-аналар жарнамасы.

Бүгінгі сайысымызда әр отбасының мүмкіндігінше жасаған жарнамаларын көріп, тамашалайық. (Үйден дайындап әкелген бұйымдарын алқа мүшелеріне табыс етеді)

V бөлім: Жағдаят шешу.

1-жағдаят:

Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды нәрсе айтқым келеді», - десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма», - депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

2-жағдаят:

Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын», - деп, барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

3-жағдаят:

Балаңыз уақытынан кеш келді, қалай қарсы алар едіңіз?

Б. Сокпақбаевтың «Менің атым – Қожа» әңгімесінен үзінді.

А.Құнанбаев атындағы колледжде оқып жатқандықтан сайысымызда Абайдың әнін айтпай өткізгеніміз болмас. Кезекті Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әніне береміз.

VI бөлім: «Жалғасын тап» деп аталатын майыс.

«Мақал айтсаң - жол көрсеттің, мәтел айтсаң - жанымды жайландырдың» демекші, ал енді балаларыңызбен бірігіп мына үздік-үздік сөздерден мақал құрастырыңыздар.

Ұяда ... ұшқанда ... (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)

Ата... бала ... (Ата - бәйтерек, бала - жапырақ)

Таяқ ... сөз ... (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

Тентек ... ақыл ... (Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

... сүйіндіреді, ... күйіндіреді. (Жақсы сөз сіңдіреді, жаман сөз күйіндіреді)

Колледж ... білім ... (Колледж - кеме, білім - теңіз)

Ата-аналардың тапқан мақал-мәтелдерінің мағынасы топтың студенттері ашады. Алқа мүшелері қорытынды бағасын шығарғанша кезекті әнге берелік.



Жүргізуші: Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, сау болыңыздар!


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет