В. Шойынбетова Тақырыбы : Түркістан тарихы өткені мен бүгіні Мақсаты



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі202.52 Kb.
  1   2   3

«Тексерілді»

Қосымша білім беру педагогы:

................ В.Шойынбетова

Тақырыбы : Түркістан тарихы өткені мен бүгіні

Мақсаты: Оқушыларға Түркістан тарихының өткені мен бүгіні Әзірет сұлтан кесенесі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны өз практикасында қолдана білуге үйрету;


Күтілетін нәтиже: Білім беру мен сабақ үдерісінде оқушыларды мәселелерге сыни көзбен қарауға, проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға,«Ойлаудың алты қалпағы» туралы үйренеді.
Стратегиялар: «Ақылдың алты қалпағы»
Ресурстар: «Алты қалпақ», постерлер, маркерлер, түрлі - түсті стикерлер Сабақтың түрі: Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы»технологиясы
Кезеңдері: І. Ұйымдастыру


ІІ.Мұғалім мақсаты туралы шағын түсінік береді,бейнежазба көрсетеді.
ІІІ.
Қалпақтардың түсіне сай топқа бөліну.
1.Ақ қалпақ –тарихи оқиғаларға жалпылама тоқталу
2. Қызыл қалпақ -
сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көңіл - күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

3.Қара қалпақ - сары қалпаққа қарама - қайшы. Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.
4.Сары қалпақ - айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді.Болашаққа деген үмітті көзқарас,талдау жасау.
5.Жасыл қалпақ - бұл шығармашылық ойлау қалпағы,жергілікті ақын өлеңдері мен эссе оқылады.

6.Көк қалпақ - ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады,жалпы рефлексті ойларды,идеяларды,тұжырымдарды қалыптастыру.

1.Ақ қалпақ – тарихи оқиғаларға жалпылама тоқталу

1.Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.

2.ХІҮ ғасырда, яғни А.Ясауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазреті Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.

3.ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.



4.Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұндар жатады.Қазіргі таңда түркі дүниесіне ортақ 1991 жылы Халықаралық қазақ түрік университетінің ашылуы.

5.Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.2000 жылы қаламыздың 1500 жылдығы аталып өтілді.

6.ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған.



7.1398 -1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қ.А.Яссауи кесенесі салынды.

2. Қызыл қалпақ - сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.



Каталог: uploads -> doc -> 0a6d
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a6d -> Сабақ Тақырып: Сыр мен сымбат Құндылық: Сүйіспеншілік
0a6d -> Сабақтың мақсаты Тәрбиелілік Дамытушылық Сабақтың түрі
0a6d -> Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы- функционалдық сауаттылықты қалыптастыру құралы ретінде
0a6d -> Сабақ тақырыбы : Зертханалық жұмыс №9 «Көлбеу жазықтықтың ПӘК ін анықтау» Мектеп
0a6d -> Күні,айы,жылы: 2015 жыл. Білім беру саласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет