«Зерттелмеген арал» сайысы Тақырыбы: «Информатика – ғасыр талабы»



бет1/2
Дата26.01.2018
өлшемі0,68 Mb.
#34011
  1   2
Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Сары Өмір ауылы

Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ

Информатика пәні мұғалімі Турсинова Жадыра Берковна
«Зерттелмеген арал» сайысы

Тақырыбы: «Информатика – ғасыр талабы» атты интеллектуалдық олимпиада.
Мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын
арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық:
Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру,
шығармашылық ізденістерін арттыру.

б)тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар.
Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.
Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.

Сайыстың өту барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Зерттелмеген арал» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға,
– дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік. Сайысқа екі топ қатысады.
І-ші топ. «Алғырлар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.



Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.



ІІ-ші топ «Тапқырлар» тобы

Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.



Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!



1 – жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ – қазылар алқасын тағайындап алайық.

1.


2.

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де

Мүмкін емес информатикасыз түсіну,

Компьютер дүние кілті бүгінде, - демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Біздің Алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай хат жолдапты (алдын-ала «Звукозапись» бағдарламасында жазылған дыбыстық файл іске қосылады):

«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,

Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын!

Қымбатты достар, мен жер шарын аралап жүріп Компландия деген елге бардым, сол жерде бір зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық, достар!»



Жүргізуші: Ал, балалар! Аттанамыз ба? Жолға шықпас бұрын бізге карта керек, мына тапсырманы орындасақ, картаны ала аламыз.

Тапсырма: Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет.

  1. ПЕРНЕТАҚТА (перне, тақта, пер, ақ, тақ, ақта, қанат, тақ, тап, рет, ер, ет,....)

  2. БАҒДАРЛАМА (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,...)

Алдар: Осы аралдың табиғаты тамаша, орманы бай, осы аралдың тау-тасы, өзені, көлі, тіпті батпақты жерінің өзі тапсырмаларын дайындап қойыпты, оларды орындап аралды зерттеп көрелік!

Таулардың тапсырмасы: Екі топтың қайсысы сөзжұмбақты бұрын толтырады?

  1. Дискіні оқитын құрылғы

  2. Алғашқы шоттың грекше аты

  3. Ақпараттың өлшем бірлігі

  4. Шығару құрылғысы

  5. Windows-тың қазақша аудармасы

  6. Дүниежүзілік компьютерлік желі

и

с



к

ж


е

т

е



к

Көлдің тапсырмасы: Көлдегі балықтарды қармақпен аулап, балықтардың бауырында жазылған жұмбақтарды шешу керек.

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус)

  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшер (бит)

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

  1. Егер білсең айта ғойшы,

Бұл қандай құрылғы.

Ақпаратты қағаздағы,

Компьютерге енгізеді? (сканер)

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын. (тышқан)

  1. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн барда, бір күн жоқ.

Оны есепке алсаң,

Ұзын саны 107 (пернелік тақта)

  1. Пернетақта ауылында тұратын,

Пернелік деген атаның.

Бар екен 12 ағайынды,

Немерелері алғашқы.

Есімдері де өздерінің,

Тек қана F (эф) әрпінен басталады (функционалдық пернелер)

  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылға жатады.

Қозғала салса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)

  1. Төрбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

  1. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)

Тастардың тапсырмасы: Ребус шешу.



Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет