" Қайта құру" кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы өзгерістер



бет1/2
Дата04.11.2023
өлшемі62,88 Kb.
#189542
  1   2
Байланысты:
әлеуметтану(Толқынқызы Лаула^Jфизика-информатика) (копия)
payment-receipt-303445712 2, Ибб сабак, саясат сессия, Шарт операторлары, Шарт операторлары

“ Қайта құру” кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы өзгерістер

&1.Жаңа жағдайдағы республиканың экономикалық ахуалы


Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады.Осымен байланысты он екінші бесжылдықта 1986-1990 жж. Республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, бұл бағытта болған жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет, сүт өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан резервтері іске қосылмады.
Өнімнің өсуінің күрт төмендеуінің тағы бір негізгі себебі – ел ішіндегі жағдайдың шиеленісуімен байланысты еді. Бұрынғы, ертеден келе жатқан кемшіліктерге еселенген жаңа қиындықтар қосылды. Олар КСРО-ның тарауына байланысты республикалар арасындағы экономикалық қатынастардың үзілуі, бір-біріне тауарлар жіберу жөніндегі міндеттемелердің орындалмауы, қаржы-несие мәселесіндегі қиындықтар болатын. Осының салдарынан, ең алдымен, Орта Азия республикалары мен Қазақстанның экономикалық жағдайы нашарлап кетті.
1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, мықтап құлдырағаны байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің,метал-

310
лургтердің тұрмыс дәрежесі мейлінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік беріліуін талап етті.


Экономикалық дағдарыс республикадағы өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. 1991 жылы аграрлық секторда да қиыншылықтар аз болған жоқ. Көктемнің ерте шығуы, жаңбырдың болмауы, мамыр айында салқын түсіп, топырақтың тоңазуы көп жерлерде астықтың шығымын төмендетті. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.
Қазақстанда республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары – акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың орта шенінде республикада 35 бірігіп істейтін кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.
Мемлекеттік шаруашылық басқару құрылымы өзгеруіне байланысты пайда болған қиындықтарға, бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйе қалдықтарының тарапынан болған қарсылықтарға қарамастан нарықтық саудаға көшуде біраз іс тындырылды. Республика Президентінің жарлығымен жекешелендіру жөнінде Мемлекеттік комитет құрылды. Ал 1991 жылғы шілде айында өткен Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің IV сессиясы мемлекеттік меншікті жекешелендіру жөнінде
311

Арнайы заң қабылдап, 1991-1992 жылдарды қамтитын оның бірінші кезеңінің бағдарламасын бекітті.


Бұл бағдарлама бойынша:

  • бұрынғы Одаққа қараған кәсіпорындардың барлығы енді республиканың заңды меншігіне енетін болды;

  • кәсіпшілікті қолдау, бұрынғы мемлекеттік меншікті мүмкін болатын жерлерде таратып, оны жеке меншікке айналдыру қажеттігі атап көрсетілді. Бұл шаралармен байланыстыра отырып, ақша құнын күшейту, оған сатып алынатын тауарларды көбейту міндеттері алға қойылды;

  • агроөнеркәсіп кешеніндегі жекешелендірудің мүмкінділігінің ерекшеліктерін ескере отырып, онда жалға беру, сатвп алу, бірлестіктерге бөліп беру, кейбір құрал-жабдықтарды ұжымдық меншікке бөлу т.б. іске асыру қажеттігі айтылды.

Бұл шараларды іске асырғанда ең әуелі халықтың қамын ойлап, оның материалдық
жағдайын ескеру; үй иеліктерін және мемлекеттік кәсіпорындарды бөлгенде купондық жүйені барынша пайдалану; бұл істе әрбір әлеуметтік топтардың материалдық мүдделерін жан-жақты ескеріп отыру қажеттілігіне назар аударылды.
Сөйтіп, бұл бағдарламаларда қазіргі қоғамдық қатынастарды дамытуға барынша күш жұмсау мақсаты қойылды. Бұл жағдай экономикалық бірлестік жөніндегі шартқа қол қойған басқа да республикаларға тарауға тиісті болды. Ол мемлекеттердің басшыларымен бұл мәселеде ортақ ой-пікір, келісулер, мәмлелесу мен уағадаластықтар жасалды.
Алайда, осындай өзара уағадаластыққа қарамастан ұлттық республикалар арасындағы ертеден қалыптасқан экономикалық қатынастардың ыдырауы орын алды. Мәселен, өзара келісім бола тұра Украина мен Ресей Қазақстанға кокс жіберуді тоқтатты. Соның салдарынан Жамбыл мен Шымкент фосфор өндірісі зардап шекті, олар минералдық тыңайтқыштарды шығаруды қысқартты. Немесе, Тәжікістан біздің республикаға сататын электр қуатын өздеріндегі бір квт-сағат үшін төленетін 10 тиын орнына 30 тиынға дейін көтерді. Ал Түрікменстан газдың құнын 57 есе өсірді. Мұның өзі, сайып келгенде, республикалар арасындағы экономикалық байланысты күрделендіре түсті. Сондықтан да Қазақстан Президенті мен

312

үкіметі достастық аясындағы мемлекеттермен өзара тиімді және бір-бірін кемсітуге жол бермейтін келісім шарттар жасауға күш салды.
Дегенмен әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындық күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға, ұлттық табыс 10 пайызға, еңбек өнімділігі 5,4 пайызға төмендеді. Тұтыну-сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы “көлеңкелі” экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді.Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп, 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомға дейін өсті.
1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен ұжымдардың 11 пайызы шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар азайды. Тауарларға бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде сол жылды табысты аяқтаған кәсіпорындар да аз болған жоқ. Бірақ олардың ақшалай кірісі көбейгенімен, материалдық және еңбек қорлары артпады.
Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1,5-3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60-65 пайыздан асқан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жұмыртқа сатвп алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімі 8 пайызға, еңбек өнімділігі 11 пайызға төмендеді.

313

Мемлекетке небәрі 3,2 миллион тонна астық сатылып, бұл барлық жиналған астықтың тек 27 пайызын ғана құрады. Сондай-ақ картоп, көкөніс және қант қызылшасын сатып алу едәуір қысқарды. Колхоздар мен совхоздардың қаржы жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.
Халық шаруашылығына жұмсалатын қаржының барлық көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 7 пайызға азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. Оған жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомға жетті. Транспорт бойынша жүк тасу 1990 жылмен салыстырғанда 66 миллион сомға, ал жолаушыларды тасу – 8 пайызға қысқарды. Шет елдерге бұрынғысвнша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым болды. Оның 60 пайызы қара және түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерінен тұрды. Есесіне басқа жерлерден республика бұрынғыша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін, 13 пайыз көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар мен шикізатты алдырды.

&2.Қазақстанның әлеуметтік және мәдени дамуындағы қиындықтар


XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстанда ұлттық табыс кісі басына шаққанда Одақтық деңгейден 12 пайыз кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени-әлеуметтік құрылыстар салуда да ілгерілеу болған жок. Мәселен, 80- жылдары Одақ бойынша 10 мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек – 69, Одақта әрбір он мың адамға 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы республикада мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53 пайыз ғана болды. Табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен Өскемен, Шымкент, Алматы, Теміртау, Лениногорск сияқты өнеркәсіп орталықтарында ауаның ластануы өте жоғары деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, Ақтөбе, Семей облыстарында


314

экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында өңеш, қылтамақ, асқазан, бауыр аурулары едәуір көбейді. Мұнда басқа жерлермен салыстырғанда балалар өлімі екі есе өсті. Осыған орай республикада қоғамдық қозғалыс күшейіп, Арал,Балқаш мәселелері жөнінде қоғамдық Комитет құрылды. “Невада-Семей” ядролық қаруға қарсы күрес күшейіп, Семей полигонының жабылуына қол жетті. Бұл қозғалыстар тек ядролық полигондарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту бағытында, “Халық денсаулығы” деген атпен жүргізілді. Қоғамдық негізде сондай-ақ мәдени-ұлттық орталықтар құру, діни ұйымдар, шығармашылық өнер одақтарын ұйымдастыру жөніндегі қозғалыс кеңінен өрістеді.


Халықтың қалың бұқарасы арасында әлеуметтік жағдайын қорғауды талап ететін топтар көбейді. Олар – жалақысы төмен жұмысшылар мен қызметкерлер, зейнеткерлер, студенттер еді. 1991 жылғы желтоқсанда оларды материалдық жағынан қолдау мақсатында жарық көрген “Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы” Президенттің жарлығына байланысты республика үкіметі бірнеше шешім қабылдады. Зейнетақы, жәрдем ақша, стипендия, т.б. әлеуметтік төлемдердің ең аз мөлшері көбейтілді. Қазақстанда 1991 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері және балаларға мемлекет тарапынан қосымша төлем төлеу екі есе өсті, көтерілген бағаның орнын толтыру үшін қосымша 3 миллиард сом ақша бөлінді. Әрине, бұл қаржы күн санап қымбаттап бара жатқан халықтың тұрмыс қажеттілігін қанағаттандыра алмады.
Қоғамды қайта құру, қоғамдық-саяси ахуалды жандандыру барысында бұрынғы КСРО-ның көптеген аймақтарында ұлттар мен әр түрлі халықтар арасындағы қайшылықтар күшейе түсті, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен қойыла бастады. Өйткені көптеген ұлттар мен халықтардың өздеріне тән мәдени мұралары мен әдет-ғұрыптары әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында жойылып кетті. Мемлекеттік іс жүргізу тек орыс тілінде жүрді. Ұлттық тіл еленбеді. Ұлт тілінде сабақ жүргізу нашарлап, орыс тілі айрықша дәріптеле бастады. Соның салдарынан қаладағы қазақтардың 40 пайызы өздерінің ана тілін білмейтін мәңгүртке айналды. Мұндай жөнсіздіктерді

315

түзету мақсатында республикадағы 7999 балалар бақшасының жанынан 814 қазақ топтары құрылды. Республикадағы жұмыс істейтін 8654 мектептің 2500-інде оқу қазақ тілінде жүргізілді.
Қазіргі кезеңгі өмір талаптарына сай кейбір пәндерді терең талдап оқытатын мектептердің, гимназия, лицейлердің саны көбейе бастады. Олардың жалпы саны 1400-ге жетті. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жарты миллионға жуық студент білім алды. Бұл жылдары Түркістан мемлекеттік университеті, Шымкент дене шынықтыру, Көкшетау ауыл шаруашылық, Шымкент фармацевт институттары ашылды.
1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-інде тіл туралы заң қабылданып, республикада қазақ тілін және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000-жылға дейінгі кезеңге арналған Бағдарламасы бекітілді. Оның негізгі мақсаты ұлттық тілдерді қорғап дамыту. Заң бойынша мемлекеттік тіл болып қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып белгіленді. Бірақ бұл заңның орындалуында көптеген кемшілік орын алды. Өйткені іс жүргізуде, еңбек ұжымдарында әзірге қазақ тілінен гөрі орыс тілі басым еді. Бұл мәселеде жергілікті Кеңестерге елеулі міндеттер жүктелді. Алайда, оны іске асыруда едәуір қиыншылықтар мен қайшылықтар кездесті. Бірқатар жерлерде іс жүргізу, ұлтаралық қатынас қазақ тілінде жүргізілу қажет делінсе, Орал, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан сияқты облыстарда онан бас тартуға дейін барды.
Қоғамды жаңартып, қайтадан құруда ұлттық, демократиялық қозғалыстар күшейіп, олар бұқарлық демократиялық қозғалысқа айналды. Бұрынғыдай өз ұлтына қалай болса солай қарайтын адамдардың қатары азайып, олар өз ұлтының экономикалық және рухани мәдениетінің дамуына жанашырлық көрсете бастады. Мәселен, 1989 жылы Алматы қаласындағы үш өнеркәсіп орындарында жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижесінде 18 бен 25 жас арасындағы қазақ жастарының 71 пайызы өздерінің ұлтын мақтан тұтатындығын айтқан.
Қазақстанда тұратын адамдардың басым көпшілігі өз елінің болашақ дамуын ұлттық тәуелсіздікпен тікелей байланысты деп қарайды. Осы орайда бір айтатын жәйт республикадан басқа жаққа кетушілердің саны көбейді.
316

Мәселен, 1986 жылы 75,7 мың адам, 1987 жылы 71,4 мың, 1988 жылы 70 мың адам басқа жаққа қоныс аударған. Олардың саны, әсіресе, ауылдық жерлерде өсті. Ол жерлерден, соның ішінде тың және тыңайған жердерді игерген облыстардан орыс, украин, неміс, беларусь тағы басқа да ұлт өкілдерінің кетуі күшейді. Мұның өзі республикадағы барлық саяси күштердің ынтымақтасып, жалпы ұлттық мүддені барынша қорғау үшін күресуін талап етеді. Әсіресе, қазіргі мейлінше күрделі ауыр кезеңде, оның маңызы өте зор, өйткені таяу арада саяси-экономикалық және әлеуметтік жағдайдың түзеліп кетуіне ол кезде жұрттың сенімі азайды.


317
Жоңғар шапқыншылығы


Әңгіме желісін ендігі кезекте Қанжығалы қарт Бөгенбай тұсындағы жоталы оқиғалар және батырдың қахармандық жолы арқылы байытайық. Бұл баянымызға қазақтың қамал қорғаны атанған Қанжығалы қарт Бөгенбай мен оның өз кіндігінен тараған, ұлт тарихында есімдері мәңгі қалған ұрпақтарының өмір жолы жайлы баяндауға тырыстық. Бөкеңнің ерлігі туралы шамырқана жырлаған Бұқар мен Үмбетай сынды дүлдүлдердің бізге жеткен толғаулары,тарихшы-зерттеушілердің нақты деректерге құрылған ғылыми талдауларын негізге алдық.
Тарихтың тәлкегі алауыздықтан туындап отырғанына арғы-бергі заманда дәлел көп. Соның бірі бұдан үш жүз жылдай бұрын болған қазақ-жоңғар соғысында халықтың әуелден басы бірікпегені, жойқын ұрыстың алдында үш жүздің үш жақта шашырап жатқандығы еді. Көрнекті тарихшы, төңкерістен бұрын Петербордағы I Александр атындағы жол қатынасы инженерін дайындайтын институтты үздік бітірген қазақ оқығаны Мұхамеджан Тынышбайұлының дерегіне сүйенсек, қалмақтармен арадағы соғыс жеңіске ұласар тұсында ел екіге бөлініп, бір тобы (Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлігі) орыс шекарасына қарай ығысса, екінші легі жаудың ауыр соққысына ұшырап, қытайлар жоңғарларды жойып жібергенге дейінгі 30 жыл ішінде қансыраумен болды.
Жалпы қазақ жұртының тұтасуын қалайтын замани оқиғалар тарихта аз кездескен жоқ-ты. Қалмақ атауымен мәлім монғол рулары 1399-1408 жылдарда-ақ бас көтеріп, маңайын ұлардай шулата бастаған болатын. Олар алғаш керейлерге түре тиісті, 1430 жылы үйсіндер мен қырғыздар жайлаған Ыстықкөлге ат басын тіреді, 1447 жылы Сырдария өңірін қаңқақсатты.
Арада оншақты жыл өткенде қалмақ жұртының айбыны

86
басылып, қазақтар еңсе көтере бастайды. Үйсіндер мен қырғыздар қосылған Шағатайлық Сейіт ханның ұлы Рашид хан 1522-1524 жылдары қалмақтарды ойсырата жеңсе,Тәуекел екіге бөліп тастайды.


Қазақ әулеті жаудың тауы шағылды, осымен іс бітті деп, артынша бейғам жатқанға ұқсайды. Олай дейтініміз қалмақтар 1600-1610 жылдары қайта дәуірлеп, Тары, Түмен аймағын шауып, кейін Еділ өзенінің бойын өрлей шабуылдаған. Қазақтар қуғын-сүргінге ұшырап, Ұлытауға асады. Осы тұста тарих төріне Тәуекел ханның інісі Есім шығады. Ол Ыстықкөлдің шығыс жағындағы қалмақтарға жорық жасап, бірде жеңген, бірде шегінген.
Қалмақ сойқандары XVIII ғасырдың бас кезінде ел тізгінін ұстаған Тәуке ханға да маза бермеген. Ол жігерлі, әскери іске жеттік текті адам еді. Дұшпанға қарсы қайратты қимыл ұйымдастыра алды. Қалмақтарды Тәуекел секілді екіге жарып тастап, күшін әлсіретті. Бірақ бұл жеңіс ұзағынан сүйіндірген жоқ. Тәукенің ынжық мұрагері Болат ханның тұсында қалмақтар қазақ даласында еркін жортып жүрді.
Тарихшылар қалмақ әскерінің осы кездегі көп жеңісінің бір себебі – оларда зеңбірек болған еді деп жорамалдайды. 1709 жылғы Полтава түбіндегі ұрыста тұтқынға түскен швед артиллериясының сержанты Иоганн Густав Ренат қалмақтарға осындай қахарлы қаруды құюды үйреткен. Ренат олардың арасында 1733 жылға дейін жүрген.
Осы арада қазақ-қалмақ қонысының шекарасын ажыратып алғанымыз жөн. Олар Ертіс өзені мен Балқаш көлін, Шу мен Таласты бойлай отырды. Тарихи деректерде қалмақтардың 1723 жылы басталған, қазақтарды ақтабан-шұбырындағы ұшыратқан жойқын шабуылына алғаш ұшыраған Талас пен Арыс өзендерінің орта ағысына дейін жайылған садыр наймандар екені айтылады. Олар басқыншылардың тегеурініне шыдай алмай жеңіледі. Садырдан шыққан Жомарт батырдың тоғыз ұлымен ұрыс үстінде өлетіні де осы тұс.
87
Қалмақтар салған беттен қатты қарсылық көрмей, қазақ жеріне сұғына енді. Ел басы ауған жаққа сенделді. Ұлы жүз бен Орта жүздің шағын бөлігі Ходжентке кетсе, Орта жүздің көбі Самарқанға, Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға ығысты. Ал бұл жаққа жол таппай торықан арғындардың бір бөлігі жер жағдайына қарай Қаратаудан Солтүстік Батысқа, Торғай даласына ағылды. Ал Бетпақдала мен Ұлытауды мекендеген қалың арғын қалмақтардың зардабына көп ұшырай қоймаған.
Босқын елдің ендігі бір легі Жиделі-Байсынға иек артады. Бұл жерде Жиделі деп отырғанымыз – тау, Байсын – шығыс Бұхарадағы қала. Белгілі тарихшы Левшин шұбырған осы елдің жайы туралы былай деп жазады: «Шұбырындының айрылмас серігі – қайыршылану мен аштан қырылу еді. Күн сайын олардың отарлары мен үйірлері азая берді. Сондықтан айырбас сауда мүлде тоқтады. Қайыршылық пен қайғы қасірет бүкіл халықты қамтыған болатын. Біреулері аштан өліп жатса, енді біреулері әйелін, бала-шағасын тастай қашты. Ақырында қашқындар бір жерге тоқтады. Қай жерге дейсіз ғой, көшпелі халыққа мүлде қолайсыз тап-тақыр қу далаға. Мұндай бақытсыздық жағдайда, әрине қазақтар ұзаққа шыдамас еді. Оларға алдарында тұрған екі жамандықтың жеңілдеуін таңдау керек болды. Азып-тозу, ашынғандық өздерінің бұрынғы отанын қайтарып алуды ойлауға, сол үшін күш-қайрат жинауға жұмылдырылды. Бастарына төнген қауіп-қатер оларды татуластырып біріктірді де, мақсатты ортақ шешімге келтірді».
Бұл қылаусыз шындық еді, басы сірә да біріге қосылмайтын қазақтың енді тас түйін жұмылудан, елді жаудан тізе қосып қорғаудан, алалықты ұмытудан басқа амалы қалған жоқ. Дулат жұртында сақталған әңгімеге сенсек, сол тұста Ұлы жүздің қолы Сырдариядан өтіп, Қазықұрт тауының батысындағы Келес Бадам асуынан асады. Орта жүздің әскері солтүстіктен көтеріледі. Кіші жүз Қаратаудың батысынан құйылады. Сөйтіп қалмақтарды ойсырата жеңеді. Соғыс болған жер

88
қалмақтар аңырай қашқандықтан «Аңырақай» атанған. Ол Диваевтың айтуынша Арал теңізінің солтүстігіндегі таудың Алакөл жағы, Итішпес деп аталатын көлдің жаны. Енді бір аңыз бойынша Аңырақай бұл маңда емес, Балқаштың оңтүстік жақтағы айдынынан 12 шақырым жердегі Итішпес көлінің қасындағы жер. Осы жерде де Алакөл делінетін шығанақ бар. Соның оңтүстігінде «Әбілқайыр», «Сұңғайты» таулары, «Ақсүйексай», «Хантау» көзге ұрынады. Осы тауларда болған адам «Үлкенордақонған», «Кішіордақонған» шатқалдарын табар еді. Бұл хандар шатырлары тігілген жерлер. Ендеше шындаққа әбден жанасымды.


Тарихшы М.Тынышбайұлы «Ақтабан-шұбырынды» атты мақаласында Шымкенттен 30 шақырым жердегі Ордабасы тауына назар аударады. «Боралдай және Қошқарата өзендерінің бас жағындағы Арқалы тауда «Үлкенордақонған», «Кішіордақонған» деген екі шатқал бар, - дейді ғалым. – Әулиеатаның шығысындағы Ақыртөбе және Подгорный станцияларының қарсы алдында «Сұңғайты», «Әбілқайыр» деген екі сай бар. Шабуылға шыққан үш топтың кездесуі біздіңше Ордабасы тауында өтті. Алатау мен Қаратау қоршаған, Арыс пен Бадам өзендері өтетін түйетайлы жазық, тау-тасы кезектескен, жоталы өңір бірте-бірте ойлы-қырлы далаға айналады.Аса биік болмаса да, Ордабасы тауынан сол маңайдың бәрі алақанға салғандай көрініп тұрады. Арыстанды және Шаян ойпаттарынан көтерілгенде, көзге бірден осы Ордабасы шоқысы шалынады. Енді бұған Ордабасының қасынан Бадам өзені ағып өтетінін, сол жерлердің қалың шөбін, көгалдай кілемін, Ордабасының артындағы көп сайларға қазақтардың қалың қолы жасырылуы мүмкіндігін қоссақ – бұл жерде қазақтардың негізгі күші жиылған бас қосыны болғаны өзінен өзі түсінікті. Осы жерде қазақтардың өзара ант берісіп бас қолбасы етіп Әбілқайыр ханды сайлағанына, халық дәстүрі бойынша іс оңға басу үшін құрбандыққа ақбозаттың шалынғанына біз тіпті сенімдіміз».

89
Ғалым бұл сенімін Левшиннің деректерімен дәйектейді. Ал академик Манаш Қозыбаев «Ел – ебелек емес, ер кебенек емес» деген мақаласында «1730 жылы тамыз айының аяғында Іле өзенінің Аңырақай ағысының тұсында қазақ жасағы жауды жеңіп, ұлы жеңіске жетеді»,- деп жазады. Осы мақалада XVIII ғасырдың 20 жылдарының басында (1723 ж.) жоңғарлардың бір қолы Тарбағатай, Сауыр жоталарын асып, екіншісі Тұрпаннан шығып, Жоңғар - қақпасынан өтіп, Итішпес-Алакөл маңында соғысты» деген жолдар бар. Мәкеңе сенсек, Аңырақай Іленің ертеден бар бір ағысы. Итішпесте жоңғарлармен Қабанбай шайқасқан.


Енді бір мәліметтерде, атап айтқанда Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханның «Абылай» атты мақаласында үш жүздің өкілі Ордабасы тауында бас қосып, жаумен тізе қоса соғысуға бел байлайды. 1726 жылы қазақ қолы Бұланты өзенінің бойында, Қара сиыр деген жерде қалмақтарды бірінші рет жеңеді.1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстік шығысындағы Итішпес көлінің жанында жауды екінші рет талқандайды.
Бұл кезде қазақтардың ханы Болат болатын. Ал қалың қолдың қолбасшысы Әбілқайыр еді. Әлде ханның осалдығы, әлде қазақтың ескі алауыздығының жеңгендігі ме, осы керемет маңызы бар жеңіс әрі қарай дамытылмай, үш жүз бет-бетімен кетеді. Тарихи әңгімелерде бұған Әбілқайыр, Сәмеке және Әбілмәмбеттің өзара келісе алмауы себеп болған делінеді. Тегінде ақиқаты да сол болса керек.
Осының бәрін бір ретке түсіріп, ғалымдардың кейінгі деректеріне ден қойғанда, Ақырақай Балқаш көлінің маңында болған шайқастан қалған ат екеніне тоқтаған дұрыс сияқты. Ал жалпы қазақ-жоңғар қақтығыстарына келсек, екі арадағы ұрыстар 1711-12, 1714-1718, 1723-25, 1742 -жылдары болған. Солардың ең негізгісі – 1730 жылғы Аңырақай,1733 жылғы Ереймен шайқасы.
Енді соңғысына қысқаша тоқтала кетелік.
1733 жылы Уса-Серен бастаған жоңғар қолы Қара Ертіс жақтан Зайсанға ілігіп, одан Аякөзге тұяқ тіреп, Қарқаралы, Баянауыл тауларын асып, Ерейменге топтанады.

90
Жаудың беталысын күні бұрын бақылап, қам жасап отырған қос батыр – Бөгенбай мен Қабанбай Орта жүз қолын ұрысқа әзірлейді. Өлеңті өзені мен Ерейментау аралығында қан майдан басталады да кетеді. Шайқас алдында Галдан-Сереннің үлкен баласы Сары-манжа жекпе-жекте қазақтың екі адамын өлтіріп, мысы басады. Сонда жас Абылай топтан суырылып шығып, Сарының түбіне жеткен екен. Болашақ ханның «Абылайлап» ұран тастап, жауға түре тиетін, аңызға айналған алғашқы ерлігі, атын шығарған қахармандығы осы жолы еді.


Жоңғарлар бұл ұрыста қатты соққы алады, қирай жеңіліп, кері серпіледі. Өкінішке орай тарихшылар мен зерттеушілер, әдебиетшілер осы тарихи ұрыс туралы не айтпайды, айтса екі ауыз сөзбен тәмәмдай салады. Біздің парызымыз – сол ұрыстың жай-жапсарын барынша терең білу, шайқас өткен жерге белгі салу, оны тарихтың мәңгілік жадына сіңіру.
Сөз орайы келгенде айта кетейік, Ерейментаудың аты осы ұрысқа әкеліп телінеді. Сары-манжаның аты иесі өлгенде ерімен қаша жөнелсе керек. Содан ерімен ат қашқан тау деген тіркес туып, бара-бара Ерейментау аталса керек. Мұның қаншалықты дұрыс-бұрыс екені қазіргі ұрпаққа анық емес. Тек Ерейменнің одан ертеде Кәрітау аталғаны белгілі. Бәлкім Ерейментау атауы әуелде шайқас өткен жердегі бір биік шоқыға беріліп, келе-келе бүкіл тауға ортақ болды ма ?!
Бөгенбай батыр тұсындағы зар заман 1742 жылға дейін созылды дейміз. Осы ұзақ айқас, ел болып сақталып қалу жолындағы қанды шайқас өз кезеңінің ұлы адамдарын тарих сахнасына шығарды. Олар: айбатты да данышпан Абылай, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақ ұлы Жәнібек, Серкеқара, Тілеуке, Шапырашты Наурызбай, Құдаменді Жібекбай, Сеңгібай мен Шүйкебай, Таңсықожа, Мамыт, Қасқараұлы Молдабай, Айнақұлы Батый, Атан, Жантай, Досай, Олжабай батырлар, Бура, Ақпантай, арғыннан шыққан Аралбай, Байғазы, ақын-жыраулар Бұқар, Үмбетай, кемеңгер билер – Төле, Қаздауысты Қазыбек пен Әйтеке.

91
Осы тарихи ұрыстардың бәріне қатысқан және қолбасшы болған, ерен ерлік көрсеткен Бөгенбай батырдың ғұмырнамасына дербес тоқталайық. Ұлы тұлғаға арналған перзенттік құрмет, аруағына бағыштаған дұғамыз болсын.


Қанжығалы қарт Бөгенбай.Бөгенбай батыр Орта Жүздің бел баласы, руы – қанжығалы, осы үлкен атаның Жапар буынынан. Кеңес кезінде оны қарадан шыққан еді деп, сол заманғы идеологияға жұғыстырғамыз кеп, шыққан тегін кедейлендіріп те көрдік. Анығында Бөкең әуелден әлді болған батырлар әулетінен. Ұлы атасы Әлдеуік Еңсегей бойлы ер Есімнің даңқы шыққан батыры екен. Ғұмырының дені ат үстіндегі жорықтарда өткен. Ел аузындағы, кейбір жазба деректердегі мәліметтерге сенсек, көбіне өзбек Қатаған ханмен алысқан. Одан 12 қаланы қайтарып алғаны үшін Түркістан шахарының әміршісі болыпты.
Әлдеуіктен Ақша туған. Бұл да заманында бет қаратпаған қахарман, әйгілі бахадүр. Тәуке ханның сеніміне ие болған жырынды сардар. Ханның 80 мың сарбаздан тұратын қалың қолын басқарған. Үмбетай жырау:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет