! Қандай аймақты Люнд орталықты фиброзды аймақ деп атаған? қатты таңдайды атаған



Дата12.11.2022
өлшемі33,28 Kb.
#157852
Байланысты:
АБ -2. каз. 22ж. Ортопедия 1
2022 жыл 100 пайыз, 472 бұйрық-4 тоқсан-8 сынып, 10Б-4-2, 472 бұйрық-4 тоқсан-7 сынып, Жаңа тестер 2022, 1 ОШ БЖБ Қазақстан тарихы 7 сынып-1-1, Қ.тарих 4-тоқсан 6-сынып, 6 Дүние.Тарих. БЖБ. 2 нұсқа-1, 6 Д.Тарих. 4 Тоқсан. ТЖБ. 3 нұсқа, 6 Д.Тарих. 4 Тоқсан. ТЖБ. 4 нұсқа, 5-8 сынып Д.тарих,Қ.тарих БЖБ Алтын апай, қазақстан тарихы 8 сынып, 8-сын БЖБ «Дүниежүзі тарихы», ҰБТ де кездесетін даталар Қаз. тарихы мен Д. тарихы 2022 жыл, кабинеты на 26.09.22

1
! Қандай аймақты Люнд орталықты фиброзды аймақ деп атаған?


* қатты таңдайды атаған
* жұмсақ таңдайды атаған
* альвеолалық өсіндіні атаған
* таңдайдың томпақ сүйегін (торусты) атаған
*+сагитальді жік аймағын атаған
2
! Қандай аймақты Люнд бездік аймақ деп атаған?
* қатты таңдайдың алдыңғы үштен бір бөлігін солай атаған
*+қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігін солай атаған
* қатты таңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігін солай атаған
* сагитальді жік аймақ бөлігін солай атаған
* вертикалды жік аймақ бөлігін солай атаған
3
! Буферлік аймақ деген не?
* жұмсақ таңдай аймағы
*+қатты таңдайдың шырышты қабығының қан тамырлары жағы
* альвеолалық өскіннің шырышты қабығы
* жоғарғы жақ сүйек төмпешігі
* төменгі жақ сүйек төмпешігі
4
! Тіссіз жақ сүйекке И.М.Оксман қандай жіктеу ұсынды?
* жоғарғы жақ сүйекке
*+жоғарғы және төменгі жақ сүйекке
* төменгі жақ сүйекке
* жоғарғы жақ сүйектің шырышты қабығына
* төменгі жақ сүйектің шырышты қабығына

5
! Оксман тіссіз жақ сүйектің қанша түрін ұсынды?


*+4 түрін
* 5 түрін
* 3 түрін
* 6 түрін
* 2 түрін
6
! Жақ сүйектің қай түрінде тіссіз жақ сүйектің альвеоларалық өскіні мен төмпешігінің биіктігі байқалады?
* 3-түрінде
* 4-түрінде
* 5-түрінде
* 2-түрінде
*+1-түрінде
7
! Төменгі жақ сүйектің альвеолалы өсіндісінің сему ерекшеліктері қандай?
* өсіндісінің ерінге қараған беті көбірек семеді
*+өсіндісінің тіл жақ беті көбірек семеді
* өсіндісінің ерінге қараған беті де, тіл жақ беті де бір қалыпты семеді
* сему альвеола өсіндісінің ұшында анығырақ байқалады
* сему өсіндісінің табанында байқалады
8
! Жоғарғы және төменгі жақ сүйектегі барлық тісі түгел жоқ науқастың бет-келбетін не үшін анықтау керек?
* жалпы анықтаудың керегі жоқ
*+әр бет-келбетке тістердің түрі сәйкес болғандықтан анықтау керек
* протездің құрылымын таңдау үшін керек
* тістем (прикус) биіктігін анықтау үшін керек
* жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін керек

9
! Кампердің горизанталь сызығының маңызы қандай?


* орталық окклюзияны анықтауға арналған бағыт-бағдар (ориентир) сызық
* тістемнің түрін анықтауға арналған бағыт-бағдар сызық
* тіссіз жақтардың тістемін анықтайтын бағыт-бағдар сызық
*+тістерді шыны бойына орналастырып шығуға арналған бағыт-бағдар (ориентир) сызық
* сагитальді буын жолын анықтауға арналған бағыт-бағдар сызық
10
! Дайын болған толық алмалы-салмалы протездің сапасын тексеру барысында базистегі кеуектер байқалады. Қандай технологиялық қателіктер жіберілген?
* протез толық полимеризацияланбаған
* полимер мен мономердің ара қатынасы дұрыс емес
* кювета салқын суға салынған
*+полимеризация бұзылған
* ішінде протезі бар кюветаны тез салқындатқан
11
! Жоғарғы жақ сүйекке жеке дара қасықты кигізіп көргенде қасықтың алшақ (дистальді) жатқан шеті таңдайда қалай орналасуы керек?
* қатты таңдай мен жұмсақ таңдайдың шекарасына жетпеу керек
* жұмсақ таңдайға 2-3 мм жетпеуі керек
*+қатты таңдай мен жұмсақ таңдайдың шекарасындағы тұйық тесіктерді 1-2мм жабуы керек
* жұмсақ таңдайда жатуы керек
* қатты таңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігінде жатуы керек
12
! Торус дегеніміз не?
* төменгі жақ сүйек альвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешіктері;
* жоғарғы жақ сүйек альвеола өсіндісіндегі сүйек төмпешігі;
* ішкі қиғаш сызық аймағындағы сүйек төмпешіктері;
*+қатты таңдай жігі аймағындағы көзге көрінетін сүйек төмпешіктері
* төменгі бірінші үлкен азу тістің вестибулярлы аймағындағы көзге көрінетін сүйек төмпешіктері
13
! Окклюзиялық білік бетіне салынатын бағдарламалық сызықтар қандай жұмыс істегенде өздерінің бағдарлық қызметін атқарады?
* жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтағанда
* тістем биіктігін анықтағанда
*+тістің мөлшерін өлшеп таңдағанда
* орталық окклюзияны бекіткенде
* тіс жадиғатын таңдағанда
14
! Шайнау бұлшықеттерінің талуы, сөйлегенде және шайнағанда тістердің бір-бірімен тиісіп тықылдауы қай кезде байқалады?
* орталық ара қатынасты анықтау кезде альвеола аралық биіктік жоғары болғанда байқалады
* орталық ара қатынасты анықтау кезде альвеола аралық биіктік төмен болғанда байқалады
*+жақ сүйектің физиологиялық тыныштық күйін және биіктігін анықтағанда байқалады
* салмағы ауыр протезді жасағанда байқалады
* жасанды тісті дұрыс салмағанда байқалады
15
! Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерге толық алмалы-салмалы протез саларда, орталық окклюзияда ауызды жапқанда қалақшамен анықталатын жасанды тістердің оң жақ бүйір тұсында саңылау байқалады. Дәрігер қай клиникалық кезеңде қате жіберген?
*+протез құрылымын тексергенде орталық окклюзияда тістердің арасында жаппай байқалатын түйіспені анықтамаған
* тіс салынарда модельді окклюдаторға дұрыс бекітпеген
* балауызды пластмассаға алмастырар кезеңде пресстеу барысында, протез табанын жұқартып алған
* протездің балауыз құрылымы кері әдіспен ғанышқа салынғанда (гипсовка) жасанды тістерді орнынан жылжытып алған
* протездің бір жақ шетін шамадан тыс өңдеген, жылтыратқан
16
! Тісі мүлде жоқ науқасты тексергенде жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің альвеолалық өскіндерінің біркелкі семгені, протез орындағы шырышты қабық батымдылығының (податливость) орташа күйде екендігі анықталған. Нақтама (диагноз) қойыңыз:
* Оксман бойынша 1-түр; Супле бойынша 3-түр
* Оксман бойынша 2-түр; Суппле бойынша 2-түр
*+Оксман бойынша 2-түр; Суппле бойынша 1-түр
* Оксман бойынша 3-түр; Суппле бойынша 1-түр
* Оксман бойынша 4-түр; Суппле бойынша 4-түр
17
! Тістем биіктігі жоғары болған кезде сөйлеу сынамасы тістің бір-біріне тықылдап тиіп тұрғанын көрсетеді. Мұндайда алдыңғы тістер арасындағы саңылау неге тең болады?
* 4-5 мм-ге
*+0-2 мм-ге жетпейді
* 7-8 мм-ге
* 8-10 мм-ге
* 10-12 мм-ге
18
! Толық алмалы-салмалы протездің негізгі бөліктері:
* сауыт, жасанды тістер, доға
* сауыт, аралық бөлік, доға
*+& табаны (базисі), жасанды тістер, кламмерлер
* табаны, кламмерлер, вестибулярлық доға
* бюгель, табаны, кламмерлер, жасанды тістер
19
! Толық алмалы-салмалы протезді науқастың аузына салған соң, ол бір апта өткеннен кейін шырышты қабықтың жарақаттанғанын ауырсынғанын айтады. Протез салғанда қандай ақыл-кеңесті айтпаған?
* ауызды күнделікті шаю қажеттілігін айтпаған
* протезді мұқиятты түрде күту керектігін айтпаған
*+толық алмалы-салмалы протезді түзеп жөндеу үшін дәрігерге
келесі күні келу керектігін айтпаған
* протезді дұрыс сақтау керектігін ескертпеген
* протезді жөндеу үшін үш күннен кейін келуді айтпаған

20
! Толық алмалы-салмалы протезді науқастың жоғарғы жақ сүйегіне салғанда дәрігерге науқас кейін томпақ сүйектің (торустың) жарақаттанғанына, ауырғанына, протездің нашар бекітілгенін айтқан. Протезді әзірлегенде қандай қателіктер кеткен?


* протезді жасағанда оның табанын томпақ сүйектің бетіне бататындай етіп жасаған
*+протез табаны томпақ сүйекке сай жасалмаған, қамтығыш клапанның шеті таңдай жігінен аспаған
* қамтығыш клапанның шеті таңдай жігінен асып кеткен
* протез табаны қалың жасалған
* протездің шеті өтпелі қатпарға жетпеген
21
! Науқастың аузына толық алмалы-салмалы протез салған соң оның өңі төмендегідей болып шыққан. Ерін-мұрын, иек асты қатпарлары тереңдеген, езу төмендеген, иек алға қарай жылжыған. Дәрігер-ортопед протез саларда қандай қателік жіберген?
* науқастың бетіне, түріне сай емес бір қалыпты (майда) тістері бар протез салынған
*+бетінің төменгі үштен бір бөлік биіктігі қалпына келтірілмеген, қысқартылған
* толық алмалы-салмалы балауыз табаны (базисі) қалыңдаған
* орталық окклюзияны анықтарда науқастың сырт бейнесі қалпына келтірілмеген
* альвеолалы өскіннің шырышты қабығы мүлде семгенде қысым түсіру арқылы функциональді қалып алынған
22
! Науқастың аузына толық алмалы-салмалы протез салғанда оның өңі өзгерген: иек алға шығып кеткен, ерін-мұрын және иек асты қатпарлары тереңдеген, екі езуі салбыраған. Протез салудың қай кезеңінде қателік кеткен?
* қате 2-клиникалық кезеңде функциональді қалып алғанда кеткен
*+қате 3-клиникалық кезеңде орталық окклюзия күйінде тістем биіктігін анықтауда кеткен
* қате 4-клиникалық кезеңде протездің балауыз құрылымын тексергенде кеткен
* қате 2-зертханалық (лабораториялық) кезеңде-модель үлгісін (шаблонын) жасауда кеткен
* қате 3-зертханалық (лабораториялық) кезеңде тіс салу, протездің балауыз құрылымын ең соңғы рет мүсіндеуде кеткен
23
! Төменгі жақ сүйекке салынған толық алмалы-салмалы протез кезінде үзбесі не себептен жарақаттанады және протез не себептен ауыздан шығып кете береді?
* тіл астындағы протездің шеті ұзынырақ болған соң
* тілдің үзбесі жақсы дамыған соң
*+қымтағыш қақпаны жасарда тіл үзбесі биік орналасып кедергі болған соң
* протез табаны қалың болған соң
* толық алмалы-салмалы протез жөнді өңделмей жылтыратылмаған соң
24
! Толық алмалы-салмалы протезді ауызға кигізу кезінде науқас жоғарғы ерні салбырап, түрінің қарт адамның түрі сияқты боп көрінетінін айтады. Сонда орталық окклюзияны анықтаудың қай кезінде қате жіберілген?
* тістем білігін дайындау кезінде альвеоларлық өскін семуі ескерілмеген
* қате альвеола доғасының алдыңғы бөлігінде үстіңгі тістем білігінің қалыңдығы мен ерін жақ иінін қалыптастыру кезінде жіберілген
*+қате жоғарғы еріннің қызыл жиегі бойынша альвеола доғасының алдыңғы бөлігінде үстіңгі тістем білігінің биіктігі мен ерін жақ иінін қалыптастыру кезінде жіберілген
* қате төменгі жақ сүйек алға жылжыған кезде және жақ сүйектерді орталық окклюзияда бекіткен кезде жіберілген
* қате алдыңғы тісті салу кезде оны жасанды қызылиекке (етке) бекітпей, протездің базисіне тікелей бекіту кезінде (приточка) жіберілген
25
! Толық алмалы-салмалы протездің балауыз құрылымын тексеру кезінде екі ерін бір-біріне керіліп тиіседі, бет пен жоғарғы ерін созылып тартылған, мұрынның екі жағындағы қатпар жазылған. Мұндай жағдайда қандай қателіктер жіберілген және қандай сынамалар бұл қателіктерді көрсете алады?
*+орталық ара-қатынасты анықтау кезде альвеолааралық биіктік дұрыс анықталмаған. Ол қалыптағы шамадан биік боп алынған. Бұл қателікті саусақты керілген (жымқырылған) ерінге тигізгенде оның сол сәтте ашылып кету сынамасы көрсетіледі
* протез табаны үлкен болып мүсінделген. Бұл қатені Гербстің ерінді керіп-созу функциональді сынамасы көрсетеді
* жасанды үлкен тістер салынған. Бұл қателікті тілмен жоғарғы ерінді жалау сынамасы көрсетеді. Жасанды тіс үлкен болғанда тілмен ерінді жалау күшке түседі
* протездің табаны үлкен болған әрі ірі жасанды тістер салынған
* орталық ара қатынас дұрыс анықталған
26
! Толық алмалы-салмалы протездің табаны қандай жағдайда өз пішінін өзгертеді, деформацияға ұшырайды?
* пластмассаның құрамындағы заттар дұрыс мөлшерде алынбаған жағдайда
* протез базисінің қалыңдығы дұрыс мүсінделген жағдайда
*+пластмассаның полимеризациясы бұзылған жағдайда
* протез жөнді өңделген, тегістелген, жылтыратылған
* протездің базисі дұрыс жағдайда
27
! Толық алмалы-салмалы протездің ауыз тіндеріне әсері қандай болады?
* қалай болса солай болады
*+тікелей болады
* жанама болады
* кері болады
* әртүрлі болады
28
! Толық алмалы-салмалы протездің жанама әсері қандай тіндерде байқалады?
* протез жайғасатын орындағы тіндерде байқалады
*+протезге тимей алыс жатқан тіндер мен ағзаларда байқалады
* шықшыт буында, ішек-қарында, жүйке тамырларында байқалады
* ішек-қарында, жүрек-қан тамарыларында байқалады
* протез орнындағы тіндерде, ағзаның барлық мүшесінде байқалады
29
! Толық алмалы-салмалы протездің ауыз тіндеріне әсері қандай?
*+жарақаттандырады, уландырады, аллергиялық және басқа қосымша әсер етеді
* тітіркендіреді, бірақ дұрыс тітіркендірмейді, яғни тіннің тітіркенуі протездің зиянды әсеріне сәйкес келмейді
* әртүрлі әсер етеді
* жайлы әсер етеді
* химиялық жолмен уландырады, механикалық жолмен жарақаттандырады
30
! Алмалы-салмалы протездің улағыш әсері неге байланысты?
* протездің құрамындағы полимердің аздығына байланысты
* протездің құрамындағы полимердің көптігіне байланысты
*+протездің құрамындағы мономердің көптігіне байланысты
* протездің құрамындағы гидрохинонның көптігіне байланысты
* протездің құрамындағы бояғыш заттардың көптігіне байланысты
31
! Протездің аллергиялық әсері неге байланысты?
*+протез жадығатының протез астындағы тіндердің ақуызына әсер етуден пайда болған аллергенге байланысты
* улағыш заттарға байланысты
* ауыз тазалығын сақтамауына байланысты
* жалпы соматикалық ауруларға байланысты
* сапасыз жасалған протезге байланысты
32
! Толық алмалы-салмалы протезден болатын қабынуды не деп атайды?
* протез орны тіндерінің реакциясы дейді
* тұрақты дымқылдану (парниковой эффект) дейді
*+протездік стоматит дейді
* протез орны тіндерінің ауруы дейді
* төзбеушілік дейді
33
! Науқас толық алмалы-салмалы протезге үйрену кезеңінде ұрттың шырышты қабығын тістейтінін, шырышты қабығының жарақаттанғанын айтады. Ол жарақаттанудың себебі не?
* тістем биіктігі жоғарылаған
* тістем биіктігі төмендеген
* жасанды тістер дөңес-сызаттық (фиссурно-бугорковый) түйіспеде түйіседі
*+дөңес-сызаттық түйіспенің болмауынан
* жасанды тістер арасында тығыз окклюзиялық түйіспенің болмауынан
34
! Науқас протезге үйрену кезеңінде «с» дыбысын дұрыс шығара алмайды. Протездің қай жерін жөндеп түзету керек?
* 13,12,11,21,22,23 тістер аймағындағы өтпелі қатпар тұсын жөндеу керек
* төменгі алдыңғы тістердің тіл беті тұсын жөндеу керек
*+протез таңдай бетінің алдыңғы үштен бір тұсын жөндеу керек
* таңдайдың ортаңғы үштен бір тұсын жөндеу керек
* протездің дистальді шекара тұсын жөндеу керек
35
! Дайын толық алмалы-салмалы протездің сапасын тексерген кезде оның базисінде газ толған кеуек бары анықталды. Қандай технологиялық қателіктер жіберілген?
* протез жартылай (толық) полимеризацияланған
* полимер мен мономер қатынасы дұрыс анықталмаған
* кювета салқын ауға салынған
*+полимеризация жолы бұзылған
* кюветадағы протез бірден суытылған
36
! Жоғарғы жақ сүйекке толық алмалы-салмалы протез салғанда, науқастың құсқысы келеді. Сіздің іс-әрекетіңіз?
* жоғарғы жақ сүйегіне қайта жаңа протез жасау керек
*+протездің «А» сызық тұсындағы жерді жөндеу керек
* науқасқа протезге қалай үйренуді айтып түсіндіру керек
* протездің табанын (базисін) қайта жасау керек
* екі жақ сүйекке де протезін қайта жасау керек
37
! Толық алмалы-салмалы протездің окклюзиясын жөндеп түзеу қандай мақсат үшін керек?
*+төменгі жақты біркелкі қозғалысқа келтіру үшін керек, мұндай жағдайда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады
* дикцияны жақсарту үшін керек, мұнда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады
* беттің төменгі бөлігінің қалпына келтіру үшін керек, мұнда барлық тіс бір-бірімен бір қалыпты өзара түйісетін болады
* дұрыс сөйлеу үшін керек
* беттің төменгі бөлігін қалпына келтіру үшін керек
38
! Толық алмалы-салмалы түзеп жөндеу кезінде функциональді сынамаларды не үшін қолданады?
*+базистің шекарасын түзеп жөндеу үшін
* окклюзияны түзеп жөндеу үшін
* тістем биіктігін анықтау үшін
* жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтау үшін
* жасанды тістерді түзеп жөндеу үшін
39
! Толық алмалы-салмалы протезді дайындағанда жақ сүйектердің орталық ара қатынасын анықтап, дұрыс бекітпеудің белгілері қандай?
* алдыңғы (фронтальді) тістердің өзара түйісуі және бүйір тұстағы тістердің бірден түйісуі
* протездің орнықтылығы мен эстетикалық ойдан шығуы
* сөйлегенде тістердің бір-бірімен тиісіп тұруы
* окклюзия аралық саңылаудың болмауы
*+алдыңғы (фронтальді) бөлімдегі тістер бір-бірімен тығыз түйісе тұра, шайнау тістерінің бір-бірімен түйіспеуі
40
! Толық алмалы-салмалы протездің шекарасын сызғанда «А» сызығы қандай бағдарды көрсетеді?
*+протездің артқы шекарасын көрсетеді
* жоғарғы жақ сүйекке тіс қатарын қалай дұрыс құруды көрсетеді
* алдыңғы тістерді қалай салуды көрсетеді
* тістем биіктігін анықтау бағытын көсетеді
* ол сызықтың ешқандай маңызы жоқ
41
! Алмалы-салмалы протездің ту сыртындағы шекарасын анықтау кезде «А» сызығы бағдар болады. Сонда протездің шеті қалай жатуы керек?
* «А» сызығына 5мм жетпеуі керек
* «А» сызығына 1-2мм жетпеуі керек
* «А» сызығымен шектелгені дұрыс
*+«А» сызығын 1-2мм жаба түскені дұрыс
* «А» сызығын 5мм жаба түскені дұрыс
42
! Толық алмалы-салмалы протездің балауыз құрылымын тексергенде, орталық окклюзияның орына бүйірлік окклюзия анықталған. Не істеу керек?
* жаңа қалып алу керек
*+жақ сүйектердің орталық ара қатынасын қайта анықтау керек
* тістем биіктігін қайта анықтау керек
* басқа тістерді салу керек
* дайын болған протез тістемін жөндеп, түзету керек
43
! Толық алмалы-салмалы протезді науқасқа салғаннан кейін жөндеп түзету үшін (коррекциялау) үшін науқас дәрігерге қашан келу керек?
* 2 күннен кейін
* 1 күннен кейін
*+келесі күні
* ауыруды сезген кезде
* 1 аптадан кейін
44
! Алмалы-салмалы шендеуіш протездің ауызға дұрыс салынғанын қандай аспап анықтайды?
* гнатодинамометрмен
*+параллелометрмен
* реографпен
* окклюзиограммамен
* электродонтометрмен
45
! Иммедиат протездің қандай түрлері болуы мүмкін?
*+алмалы-салмалы түрі болуы мүмкін
* алынбайтын тұрақты түрі болуы мүмкін
* жартылай алынатын түрі болуы мүмкін
* толық алынбайтын түрі болуы мүмкін
* құрамалы түрі болуы мүмкін
46
! Алмалы-салмалы шендеуіш-протез қандай әдіспен жасалады?
*+құю әдісімен жасалады
* соғу әдісімен жасалады
* дәнекерлеу әдісімен жасалады
* штамптау әдісімен жасалады
* пресстеу әдісімен жасалады
47
! Тістердің жеке түйіспесін таңдап егеп-түзету үшін не қажет?
* реограмма
* рентгенограмма
*+окклюзиограмма
* гнатодинимометрия
* электродонтометрия
48
! Тісті таңдап түзеткен соң не істеу керек?
* тісті сауытпен қаптау керек
* тіске пломба салу керек
*+тіске құрамында фторы бар дәрі-дәрмекті жағу керек
* шендеуіш салу керек
* каппа салу керек
49
! Қозғалған тістерге 2-3 айға шендеуіш салу қажет болса шендеуіштің қандай түрі қолданылады?
* тұрақты түрі қолданылады
*+уақытша түрі қолданылады
* құрама түрі қолданылады
* алынбайтын түрі қолданылады
* алынатын түрі қолданылады
50
! Уақытша шендеуішті қолдану алдында кенет қатты қабыну белгісі байқалса оны емдеу қажет пе?
* қажет
* қажет емес
* кейін емдеу қажет
*+сол сәтте емдеу қажет
* бәрібір

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет