Ζῷον „жануар


Бақалшақты амебалардың және фораминифералардың құрылысы, систематикасы



бет2/4
Дата15.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#131938
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация
тарих азамат соғысы, тарих

.Бақалшақты амебалардың және фораминифералардың құрылысы, систематикасы. 

  • Фораминиферлер отрядына теңізде тіршілік ететін 4000-нан аса түрлері жатады.
  • Бұлардың дене құрылысы амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы денесі сыртынан көп камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршағы алғашқы кезде бір камералы болып келеді, бұл камераны ұрық камерасы деп атайды. Содан кейін цитоплазманың бір бөлігі қабыршақтың тесігі арқылы сыртқа шығып, оның сыртында жаңа қабыршақ пайда болып, сөйтіп екінші, үшінші, көптеген камералары түзіледі. Көп камералы қабыршақтың ішінде тек қана бір клеткалы қарапайым орналасады.
  • Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды туғызады. Талшықтылардың негізгі белгісі - бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, бұлар дененің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Барлық өкілдерінің талшықтарының құрылысы бірдей болып келеді. Талшық жасуша бетінен сыртқа қарай шығып тұратын ұзынша келген бос бөлігінен және эктоплазманың қоюлығына батып тұратын базальды денешік немесе кинетосомадан құралған. Электрондық микроскоп арқылы қарағанда талшықтың күрделі құрылысын да байқауға болады. Оның сыртын үш қабатты мембрана қаптап тұрады, ол жасушаның мембранасының жалғасы, ал мембрананың астында (ішінде) ұзына бойы созылып жатқан 11 жіпшелердің (фибрилдердің) бар екендігі байқалады, екеуі қалың (әрқайсысы 25 нм) орталық фибрилла, ал қалған тоғыз фибрилдері екі орталық фибрилді қоршап жатады. Әрқайсысы екі түтікшеден тұрады. Фибрилдердің толқынды тербелісі арқылы қарапайымдылар қозғалысқа келеді. Талшықтың қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан 40-қа дейін айналымды жасайды. Талшықтылардың кейбір түрлері (Rhizomastigina отрядының өкілдері) талшықтарымен қатар жалған аяқтарын (псевдоподияларын) да шығарып амеба тәрізді қозғала алады, бірақ еш уақытта талшықтарын жоймайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет