* жбмқЖ. Транзиторлы ишемиялық шабуылдар 1


*Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары. Дорсопатиялар*3*18*4*



бет3/11
Дата25.05.2020
өлшемі328,92 Kb.
#71150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ига невро тест

*Перифериялық жүйке жүйесінің аурулары. Дорсопатиялар*3*18*4*
#143

*! Ер адам 44 жаста кез-келген қимылдан кейін күшейетін бел аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Науқастың айтуынша, ауыр зат көтерген соң пайда болған. Объективті: анталгиялық қалып, бел бұлшық етінің ширығуы, лордозының түзелуі, оң жақтан ахиллов рефлексі анықталмайды.

Қандай зерттеу әдісі қажет?
#144

*!Ер адам ЖРВИ-ден кейін пайда болған аяқ қолдарындағы күйдіретін ауру сезіміне, әлсіздігіне шағымданады. Қарап тексеру барысында сезімталдықтың "қоғап және шұлық" түрінде өзгеруі, дистальді шеткі тетрапарез анықталады.

Қандай тактика ең ықтимал?
#145

*! Ер адам оң аяғының сыртқы бөлігіне берілетін бел омыртқасындағы ауру сезіміне шағымданды.Объективті: бел омыртқасындағы қозғалыс шектелген, сол жаққа сколиоз, сол аяқ ұшының 1-2 саусақтар арасындағы гипестезия, оң аяқтың үлкен саусағының бүгілуінің әлсіздігі. Аяқтарындағы рефлекстер D=S. Ласега симптомы оң жақтан оң.

Осы науқасқа қандай инструментальды зерттеу тағайындау ең ықтимал?
#146

*!Пациент белі мен оң аяғындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Ауру сезімі бір жылдан астам мазалайды, ауыр физикалық жүктемемен байланыстырады. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдаған. Обьективті: бел бұлшық етінің дефансы, оң жактан Ласег симптомы оң 35ºдейін, ахиллов рефлекс оң жақтан шақырылмайды, аяқ ұшы жазу бұлшық еттерінің парезі. МРТ-да – L5-S1 дисктерінің 7мм-ге дейінгі жарығы.

Қандай ем тағайындау ең ықтимал?
#147

Әйел адам күндіз пайда болатын, сөйлеу немесе тамақтану барысында шақырылатын, төменгі жаққа берілетін бетіндегі "атпалы" ауру сезіміне шағымданып келді. Бұл жағдай науқасты бір жыл көлемінде мазалайды.

Қандай дәрілік затты тағайындау ең ықтимал?
#148

*!Әйел адам оң жақ қабырға аралық бойымен таралған күйдіретін ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Жедел түрде науқастанды. Ауруын суықтаумен байланыстырады. Объективті: терідегі Тh8-10 дерматомасы  гиперемияланған,   серозды-іріңді сұйықтықты көпіршіктер бар. Парездер жоқ, рефлекстер сақталған.

Қандай дәрілік заттарды тағайындалған ең ықтимал?
#149

*!Ер адам тіл түбірі маңындағы қатты ауру сезімінің ұстамаларына шағымданады.Қарап тексеру барысында тіл түбіріндегі дәм сезудің төмендегені анықталды.

Қандай дәрілік заттарды тағайындалған ең ықтимал?
#150

*!Ер адамда жоғарғы еріннен басталатын, бетінің сол бөлігіндегі ауру сезімі анықталады. Күйдіретін ауру сезімі сол жақтағы көзден жас ағу мен гиперемиямен жүреді. Қарап тексеру барысында сол жақ бет терісінде көпіршік тәрізді бөртпе шыққан.

Қандай препарат тағайындау ең ықтимал?
#151

*!Әйел адам суықтанғаннан кейін пайда болған бетінің ассиметриясына шағымданады, оң көзін жаба алмайды, көзінен жас ағады, ұртын үрлей алмайды. Объективті: беттің асимметриясы, оң жақтағы бет қатпарының тегістелуі, «желкен», Шарко симптомдары оң.

Қандай препарат тағайындау ең ықтимал?
#152

*!Ер адам күндіз пайда болатын, сөйлеу немесе тамақтану барысында шақырылатын, төменгі жаққа берілетін бетіндегі "атпалы" ауру сезіміне шағымданып келді. Бұл жағдай науқасты 10 жыл көлемінде мазалайды, ауру сезімін басатын дәрілер көмектеспейді. Объективті: оң жақ бетінің гиперестезиясы, триггерлік нүктелер оң жақ ментальдік тесік маңында орналасқан.

Қандай дәрілік затты тағайындау ең ықтимал?
#153

*!Ер адам алыс рейстен кейін (автомобильде ашық терезе маңында отырған), бетінің қисаюына, сол жақ ерін бұрышының түсуіне, сөйлеу және тамақ ішу барысында қиындыққа, сұйықтықтың төгілуіне шағымданады. Қарап тексеру барысында сол қасын көтере алмайды, Белл, «желкен», «леп белгісі» симптомдары оң, сол жақ ауыз мұрын қатпары тегістелген.

Қандай дәрілік затты тағайындау ең ықтимал?
#154

*! Әйел адам, 38 жаста, сол жақ кеуде қуысындағы белбеу тәрізді күйдіретін ауру сезіміне шағымданады. Салқын дымқыл сүлгі басу науқастың жағдайын жақсартады. Анамнезінде осы аймақтағы герпетикалық ганглионит.

Қандай дәрілік затты тағайындау ең ықтимал?
#155

*! Әйел адам 70 жаста, құлағаннан кейін пайда болған қолындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, ауру сезімінен ұйқысының бұзылуына шағымданады. Объективті: АҚҚ- 160/90, пульс -80, ауырып тұрған иығының төмен түсуі, қолының ісінуі, күшінің 4,0 баллға дейін төмендеуі, гипотония мен гипорефлексия анықталады.

Қандай зерттеу әдісі ең ықтимал?
#156

*! Қант диабетімен ауыратын ер адам аяқ қолдарындағы әлсіздік пен ауру сезіміне шағымданады. Объективті: аяқ қолдарындағы күші мен тонусы төмендеген, гипотрофия және гипестезия.

Қандай дәрілік затты тағайындау ең ықтимал?
#157

*!Ер адам 57 жаста, қарауыл болып жұмыс істейді, ыңғайсыз ұйықтағаннан кейін пайда болған оң қол ұшының жазылмауына, оны көтеру кезіндегі салбырауына шағымданады. Қарап тексеру барысында оң қол ұшының салбырауы, сыртқы бүгудің бұзылуы, қол қысудың қиындауы, үлкен саусақты әкету анықталады.

Қандай зерттеу әдәсән қолдану ең ықтиал?
#158

*! Әйел ауыр зат көтергеннен кейін бірден пайда болған беліндегі ауру сезімі салдарынан белін жаза алмай қалды. Объективті: бел аймағы бұлшық етінің ширығуы, сколиоз. Бел омыртқаның қозғалысы шектелген. Сол жақ L4—L5 паравертебральды нүктелерінің ауруы. Ласега симптомы оң.

Қандай препаратты тағайындау ең тиімді?
#159

! Ер адам , 37 жаста, жүк тиеуші, аяқтың әлсіздігіне шағымданады. Объективті: аяқтағы бұлшық ет күшінің 3-4 баллға дейін төмендеген, тонус төмендеген, гиперрефлексия, патологиялық табан рефлекстері жоқ.

Зерттеудің қандай әдісін тағайындау керек?
#160

*!Әйел адам ауру сезіміне, маңдайындағы көпіршік түрінде бөртпеге және сол жақтағы кератит белгілеріне шағымданады.

Қандай препарат ең тиімді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет