___________Экономика және бизнес_________факультеті
____Туризм және сервистік қызмет көрсету____кафедрасы
«БЕКІТІЛГЕН» «____»___________20_____ж.
Факультеттің ҒӘК шешімі (№ ___хаттама)
ҒӘК төрағасы, декан
______ Абдраимова Д.Б. (қолы)
СИЛЛАБУС
__6В11101 - «Туризм» __
(мамандықтың/БББ коды және атауы)
мамандықтың/білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған
___KV ORG 1201 - «Рекреациялық география негіздері»____пәні бойынша
(мамандықтың/БББ оқу жоспарларына сәйкес пәннің коды және атауы)
Алматы қ., Төле би к-сі, 100. Бас оқу ғимараты, 6-қабат, 611-каб.
Кафедра телефоны
Тел: 8 (727) 226-11-70 (ішкі 162, 154)
2 Оқу пәнінің сипаттамасы 2.1 Пәнді оқыту мақсаты: студенттерге рекреациялық ресурстар, ғылымның терориялық тұжырымдамалары, терминололгиялық аппараты, Қазақстан Республикасы мен алыс жақын шет елдердің туристік игерілуі мен туризмнің даму болашағы туралы теориялық және эмпирикалық білімді негіздерін меңгерту кәсіби іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.
2.2 Пәнді оқыту міндеттері:
- рекреациялық географияның негізгі теориялық ережелері мен басты түсініктері;
- рекреациялық әлеует және олардың негізгі түрлері;
- аумақтық рекреациялық жүйелер;
- рекреациялық аудандастыру;
- рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың ерекшеліктері мен негізгі элементтері, рекреациялық табиғат пайдалану туралы білімді меңгерту студенттердің жалпы және арнайы іскерлік-дағдыларын қалыптастыру.
2.3 Пән бойынша оқыту нәтижелері: Студенттің білімі мен іскерлік-дағдыларына қойылатын талаптар Рекреациялық география пәнін оқуды аяқтаған білімгер білуі тиіс:
рекреациялық географияның негізгі түсініктерін, рекренациялық географияның ғылым жүйесіндегі орынын;
рекреацияның шаруашылықтық әлеуетін, рекреациялық іс-әрекеттің түрлері мен кезеңдерін;
бос уақыт пен кеңістік және олардың ара салмағын;
рекреациялық және туристік ресурстардың негізгі түрлерімен оларды бағалау әдістерін;
тарихи-мәдени рекреациялық ресурстардың түрлерін, мәнін, бағалау кезеңдерін;
аумақтық рекреациялық жүйелермен олардың жүйе тармақтарын;
рекреациялық және туристік табиғат пайдаланудың тиімді жолдарын;
рекреациялық іс-әрекеттің құрылымдық ерекшеліктері мен оларды аумақтық-уақыттық ұйымдастырудың негізі ретіндегі рекреациялық қажеттілікті.