Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырылуы



Дата07.09.2020
өлшемі16,54 Kb.
#77596
Байланысты:
Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырылуы


Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырылуы.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсактында , сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін Қазақстар Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 16 наурыздағы №1хаттамалары негізінде Білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту технологиясы ұйымдастырылды.

2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқуға көшті. Соған орай Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруды және педагогтермен, қызметкерлермен, ата-аналармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу процесін іске асыру жағдайында мектеп жұмысының жоспары бекітілді.Оқыту процесі интернет- платформалар арқылы мұғалімдер мектеп директоры бекіткен сабақ кестесіне сәйкес қол жетімді онлайн-платформаларды қолдана отырып, сабақ жоспары негізіне дербес жүргізілді. Сынып жетекшілерден әр оқушының электрондық жүйені пайдалану мүмкіндігі туралы ақпараттар жиналып,мектеп әкімшілігі оқушылардың оқу контенті бар ТД- телесабақтарға және электрондық платформаларға қол жетімді болатындай техникамен көмек көрсетілді. Қол жетімді : Bilimland.kz, Мектеп Online, daryn.online.kz,kundelik.kz т.б. платформаларды пайдалана отырып сабақтар жүргізілді және оқушылардан кері байланыс электрондық журналдары арқылы және қол жетімді байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылып отырды.Теледидарда трансляцияланатын пәндер тізіміне енбеген оқу пәндері (музыка, көркем еңбек, дене тәрбиесі, алғашқы әскери және технологиялық дайындық) мұғалімдермен дербес қашықтықтан оқытылды.Fasebook, Instagram және т.б. мектеп сайты, әлеуметтік желілерге мұғалімдер өздерінің авторлық бейне сабақтарын, тәрбиелік іс-шараларын орналастырды.

Сонымен қатар екінші жаты жылдықта өткізілген онлайн қашықтықтан өткізілген әр түрлі олимпиадаларға мектебімізден 193 оқушы тіркеліп, жүлделі орындар 169, мақтау қағаздары 27, 25 сертификаттар мен марапатталды. Бұл да үлкен жетістік деп айтуға болады.

Мектеп директорының басшылығымен ұйыдастырылған «Бізбіргеміз» атты іс шарасында мектептің жетім, жартылай жетім, көпбалалы,аз қамтылған отбасыларына мектеп ұжымының атынан 55 отбасыға азық түлікпен,10 отбасына ақшалай көмек көрсетілді. 15 сәуір Отбасы күніне орай «Отбасы бақыт мекенім» тақырыбында аудандық қашықтықтан ұйымдастырылған отбасылар сайысына мектептің денешынықтыру мен мектепалды даярлық сыныбының мұғалімдері Д.Ахметов,С.Алгазиева балаларымен сайысқа қатысты. 1мамыр Бірлік,Ынтымақ, Бейбітшілік күніне 1-11 сыныптар арасында «Татулық достықтың киелі бесігі» тақырыбындағы сурет көрмесі өтті. 7мамыр Отан қоғаушылар күніне орай 8-11 сыныптар арасында онлайн түрінде қашықтықтан құттықтау челенджі өтті. 9 мамыр Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай НҰР ОТАН партиясының ұйымдастыруымен 7-9 сынып аралығында қашықтықтан өткізілген сурет байқауына мектептің 7 «А» сынып оқушысы Бибрал Сымбат, 8 «Ә» сынып оқушысы Бейбітбекова Мадина өз жұмыстарын ұсынды. 20 мамыр күні 11 сыныптарға арналған Онлайн форум «Современное образование тақырыбында өтті. 25 мамыр 1-11 сыныптарда «Сыңғырла соңғы қоңырау» тақырыбында сынып сағаттары өтті.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет