05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет39/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

h=U/I


кернеу бойынша кері байланыс коэффициенті үшін I = const болғанда, Һ12 =U/U

ток бойынша күшейту коэффициенті үшін U2 = const, болғанда, Һ2\ = I/I

шығыстық өткізгіштік үшін (і = const) болғанда, Һ22 =U/U

Транзисторлар шала өткізгішті диодтар сияқты маркирленеді, тек белгілеудің екінші элементіне Т (транзистор) әрпі жазылады.

9. Көп электродты және ұластырылған электрондық лампылар

Көп электродты электрондық лампылар деп катодтан, басқарушы тордан және анодтан басқа, қосымша электродтары, әдетте торлары бар лампыларды айтады.



Вакуумдық триодтардың электрод аралық сыйымдылығы едәуір болғандықтан күшейту коэффициенті аз болады. Олардың бүл кемшіліктерін жою үшін басқарушы тор мен анод аралығына қосымша экрандық тор қойылады (79-сурет). Бұл тор анодтық кернеудің анодтық токқа әсерін әлсіретеді, лампының

79-сурет.

а тетродты қосу схемасы; б анодтық және экрандық токтардың графиктері.

өтімділігі азаяды, ал күшейту коэффициента (және ішкі кедергі) артады. Лампының электродтар аралық сыйымдылығы азаяды, ейткені «басқарушы тор анод» участогында бір-біріне тізбектей жалғанған екі конденсатор («басқарушы тор экрандық тор» және «экрандық тор анод») тұрғандай болып шығады.

Алайда, мұндай төрт злектродты лампыларда (тетродта) анодтық кернеудің кейбір мәндерінде динатрондық эффект деп аталатын ұнамсыз құбылыс байқалады. Ол құбылыстьщ мәні мынада: электрондар анодқа соғылып, одан екінші реттік электрондарды (екінші реттік эмиссия) жұлып шығарады, ал олар оң зарядталған экрандық торға тартылып, экрандык, токты арттырады, ал оның есебіне анодтық ток кемиді (79,6-суретте АБ участогы).

Екінші реттік электрондарды кері анодқа теуіп тастау үшін және олардың экрандық торға жолын кесу үшін анод пен экрандық тор арасына катодпен жалғастырылған үшінші тор динатронға қарсы тор орналастырылады (80-сурет). Мүндай бес электродты лампы пентод деп аталады. Үшінші тор да экрандаушы әрекет ететіндіктен, тетродқа қарағанда пентодтың күшейту коэффициенті кепте, ал электрод аралық сыйымдылығы аз. Пентодтың күшейту коэффициенті бірнеше мыңға жетеді, триодта бұл 100-ден аспайды, тетродтарда не бары бірнеше жүзге ғана жетеді; пентодтың ішкі кедергісі миллион омға дейін жетеді.




80-сурет. Пентодты қосу.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет