1 -тақырып : Әкімшілік құқыктың пәні мен әдістері


сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі34,49 Kb.
#84123
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әкімшілік құқық

1сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері Заң әдебиетінде әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде қатынасы туралы сұрақтар қазірге дейін дискуссиялық болып отыр. Осыған орай бұл ғылым көптеген мамандармен мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы ретінде қарастырылды. Француз ғалымы Р. Драго мемлекеттік басқару ғылымы саясаттану, құқық теориясы, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың тәсілдері мен әдістерінің ғылыми қиылысы болып табылады деп санайды. Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде - әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы пікірлер мен қорытындылар жүйесі. Оның пәні болып құқық саласы және сәйкесінше заңнама саласы ретінде әкімшілік құқық табылады. Соңғы жылдарда зерттеудің тек жалпы ғана емес, сонымен қатар арнайы әдістеріне де қызығушылық көбейді. Мұның нәтижесінде көптеген мәселелер жаңа дауысқа ие болуда. Әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде айырмашылығы әкімшілік-құқықтық құбылыстар мен оларды зерттеу нәтижелерін бейнелеу тәсілдерінде болып табылады. Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы – тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.). Өз кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік, қаржылық, білім беру туралы заңнамаға негізделген. Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар. Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие, себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың, лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті), келесі жағынан – нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады (мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау).Әдебиетте әкімшілік құқықтың пәнін құрайтын қатынастар сыныптамасын анықтауда келіспеушіліктер бар. Мысалы Д.Н. Бахрах оларды: Ішкіаппараттық қатынастар; Әкімшілік биліктің азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынасы деп бөледі.Ал, А.П. Алехин, Ю.М. Козлов бұл қатынастарды басқару аясына, қатысушыларына, мақсаттарына, мемлекеттік құрылысына байланысты бөледі. Сыныптамалау үшін негіздер бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты әкімшілік, басқарма, ішкіаппараттық қатынастар мемлекеттік емес ұйымдарда да орын алуы мүмкін. Яғни қатынастарды сыныптамалау негіздері әкімшілік биліктің табиғатын сипаттайтын типологиялық байланыстарды табуға көмектесуі керек. Сондықтан әкімшілік құқықтың пәніне келесі қатынастарды жатқызуға болады: атқарушы билік органдарының ұйымдастырылуымен байланысты; азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әкімшілік билік органдарының арақатынасы мен басқарудағы әкімшілік-биліктік құзіреттерді жүзеге асыру барысында пайда болатын; әкімшілік-деликттік сипаттағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет