2- сыныпта төрт негізгі бөлімді қамтиды: 1) «Ғасырлар даналығы»;
2) «Тату отбасы»;
3) «Адам болам десеңіз»;
4) «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, бұл курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.
Қорытынды қайталаудың сағаттарын оқушылардың портфолиосында байқалатын шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.