1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер


Шылаулардың сөз тіркесін түзудегі қызметі



бет13/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Шылаулардың сөз тіркесін түзудегі қызметі.
Тілімізде, жалғау, жұрнақтармен бірге шылаулар да сөз тіркесін түзуге қатысады. «Жалғаулықтар тең дәрежедегі сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырса, септеуліктер оларды бағындыра, сабақтастыра байланыстырады» [21, 559-б.].
Нормативті грамматикаларда арқылы, үшін, соң, кейін, қарай, таман, сайын, әрі, бері, дейін, шейін, құрлы, туралы шылаулары сөз тіркестерін кұраушы бірліктер ретінде қарастырылып жүр.
Абайдың қара сөздерінде де сөз тіркесін жасауға қатысқан жалғаулық шылаудың мынадай түрлері кездеседі: һәм, уа, уа һәм, аның үшін, ләкин, уә ләкин, бірлән, я, яки. Бұл шылаулар қазіргі әдеби тіліміздегі қолданысынан басқарақ.
Абай шығармаларында жиі кездесетін һәм, уә һәм шылаулары ыңғайластық, мезгілдестік мағынада, ләкин, уа ләкин жалғаулық шылаулары қарсылықты мағынада, ал бірлән шылауы мен, менен жалғаулықтарының қызметін атқарса, аның үшін шылауы өйткені, себебі деген мағынада қолданылған. Бұған төмендегі талдау барысында көз жеткіземіз.
«Уа жалғаулығы: Бұл – түркі тіліне араб тілінен ауысқан жалғаулық. Оны қазіргі әдеби тіліміздегі да (де, та, те); мен, пен, бен; я, не деген тәрізді жалғаулықтар ығыстырып шығарып тастады» [2, 55-б.].
Ақын қара сөздеріндегі уа жалғаулығы бірде қазіргі тіліміздегі және жалғаулығы мәнінде қолданылса, бірде я, не, немесе жалғаулықтары мәнінде, кейде да, ал, мен жалғаулықтары, сондай-ақ, немесе, тағы сөзі мәнінде қолданылған. Мысалы: «Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ» - деген 13-сөзде уа жалғаулығы бірлігіне, барлығына, жарлығына, білдіргеніне деген бірыңғай толықтауыштарды өзара байланыстырып және мағынасында қолданылып тұр.
14-сөзде: Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі, асықтық та - жүрек ісі [22, 33-б.]. Бұл мысалда атау тұлғалы сөздер мен қимыл есімі қызметінде тұрған де көмекші етістігін бірыңғай қатынаста байланыстырып тұр.
25-сөзде: Ашап-ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе [22, 51-б.]. Мұнда да уа жалғаулығы барыс септік тұлғалы бірыңғай толықтауыштарды байланыстыру қызметін атқарып тұр.
15-сөзде: Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, уа әрбір құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен [22, 35-б.]. Бұл сөйлемдегі уа жалғаулығы я, не, немесе талғаулық мәнді жалғаулықтардың қызметінде келіп салалас сөйлем компоненттерін құрмаластырып тұр.
3-сөзде: Уә және назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бәлки жоғалар еді. Уә және әрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді [22, 13-б.]. Келтірілген мысалдардағы уә және жалғаулығының сөйлемнің басында келуі бірдей болғанмен, атқарып тұрған қызметі мен беретін мағынасы бірдей емес. Бірінші сөйлемде қарамаса деген шартты райлы тиянақсыз баяндауыш пен егер деген шартты мағынада тұрған уа және жалғаулығы арқылы мұның шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем екені анық көруге болады. Ал екінші сөйлемдегі уа және жалғаулығы қазіргі тіліміздегі сондықтан, сол үшін де жалғаулығы мәнінде қолданылып, себептестік қатынасты білдіріп тұр.
9-сөзде: «Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді» [22, 25-б.]. 13-сөзде: «Уа әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ» [22, 32-б.]. Бірінші сөйлемде не талғаулық мәнді жалғаулықтың қызметін атқарса, екінші сөйлемде сондықтан деген себеп-салдарлық мәнде тұр.
Сонымен, Абай қара сөздеріндегі уа жалғаулығы қолданылу орны мен атқаратын қызметіне қарай түрліше болып келеді. Бірінші, бірыңғай мүшелер арасында және жалғаулығының қызметінде, екінші, дербес сөйлемдер басында талғаулық мәнде, себеп-салдарлық мәнде, үшінші, құрмалас сөйлем компоненттері арасында уа және тұлғасында келіп шартты мәнде, себеп-салдарлық мәнде қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет