1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т



Pdf көрінісі
бет262/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1
rubric, rubric, Listening, ПКТ силлабус 1-семестр, data , Каз.яз-В1В2-1, culturology, Еркін күрестен әлем және Қазақстан чемпиондары, Lecture task 2
        
Логистика
 – 
корпорация,  
компания, 
зауыт, 
фабрика 
секілді 
кәсіпорындардың  жасап  шығарған  тауар  өнімдерін  бір  нүктеден  екінші 
нүктеге  жеткізумен  айналысатын   сала. Ол  тасымалдау,  мүліктеу, 
қоймалау,  қаптамалау  және  қауіпсіздік  сияқты  жұмыс  түрлерін  қамтиды. 
Логистика  саласына  жер,  әуе,  кеме,  темір  жол  секілді  тасымалдау  көлік 
түрлерін  жатқызамыз.    Солардың  бірі  автомобиль  көлігі  –   жолаушылар 
мен  жүктерді  таяу  және  орта  қашықтыққа  жедел  жеткізетін  тиімді  көлік 
құралы. Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала ішіндегі және қала 
маңындағы,  қалааралық  және  халықаралық  болып  бөлінеді.          Теміржол 
көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс 
қашықтыққа  тасымалдайтын  басты  қатынас  құралы.  Теміржол  көлігі 
тасымалдау  қашықтығына  байланысты      жергілікті  жолаушы  тасымалы, 
қала  маңындағы  жолаушы  тасымалы  және  алыс  қашықтықтық  жолаушы 
тасымалы  болып  бөлінеді.  Ал  жылдамдығына  қарай  жай  жолаушы 
тасымалы және жүрдек жолаушы тасымалы болады.  Әуе көлігі – көліктің 
ең жаңа және қарқынды дамыған түрі. Әуе көлігі –  жолаушыларды, пошта 
мен жүкті таситын көлік түрі. Оның басқа көлік түрлерінен артықшылығы 
– жылдамдығында.   
         Байланыс  –  әртүрлі  техникалық  құралдар  арқылы ақпарат беру  және 
қабылдау,  яғни  почта, телефон, телеграф, радио    хабарларын  таратуды 
қамтамасыз  ететін  шаруашылықтың  бір  саласы.  Техника  құрал-
жабдықтарының сипатына қарай байланыс почта және электрлік байланыс 
болып  екіге  бөлінеді.  Пошта    байланысы  арқылы  хат, газет, журнал, 
бандероль  және  тағы  басқа  заттарды  алыс-жақын  жеткізу  және  ақша 
аудару  қызметтері  жүзеге  асырылады.  Бүгінде  пошта  хат-хабарларын 
іріктеудің  автоматтандырылған  жүйелері  қолданылады.  Электрлік 
байланыс  құрылымы  бойынша  сым  және  радиотолқын арқылы  таралатын 
түрлері телефондар, теледидарлар, радио арқылы жүзеге асады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   365




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет