1 Қадашева Қ., Омарова С. К., Карипжанова Г. Т


№6 Тақырып: Қазақ медицинасының майталманы



Pdf көрінісі
бет342/365
Дата23.12.2021
өлшемі5,41 Mb.
#128181
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   365
Байланысты:
Каз.яз-В1В2-1
rubric, rubric, Listening, ПКТ силлабус 1-семестр, data , Каз.яз-В1В2-1, culturology, Еркін күрестен әлем және Қазақстан чемпиондары, Lecture task 2
   №6 Тақырып: Қазақ медицинасының майталманы 
 

 
Мақала  тақырыбын  оқыңыздар.
 
Оны  түсіну  үшін  «майталман  сөзінің» 
түсіндірмесі мен аудармасын Оқу сөздігінен қараңыздар.
 
 
Майталман      -    сөзге,  тілге  шебер,  ісіне  мықты  адам  (өнер  иесі,  ғылым, 
оқымысты) 

 
Мақала тақырыбын аударыңыздар. 


237 
 
 
       Аталмыш университеттің 1200 орындық «Конкордия» театрында өткен 
алқалы  жиынның  беташары  Мемлекет  басшысының  мерейтой  иесіне 
жолдаған  құттықтауымен  ашылды.  Елбасының  сәлемін  Денсаулық  сақтау 
және  әлеуметтік  даму  министрінің  орынбасары  Светлана  Жақыпова 
жеткізді. 
         «Құрметті  Төрегелді  Шарманұлы!  Сексен  бестің  төріне  сергек 
қалпыңыза  келіп  отырған  мерейжасыңыз  құтты  болсын!  Сіз  дәрігер 
маманы  ретінде  үзбей  ізденудің,  халыққа    адал  да  абыройлы  еңбек  етудің  
нәтижсінде  кәсіби  біліктіліктің  биік  шыңына  шығып,  қоғамда  бұлжымас 
беделге  ие  болдыңыз.  Жоғары  адамгершілік  қасиеттеріңізбен,  зор 
ұйымдастырушылық 
қабілетіңіздің 
арқасында 
республикамыздың  
денсаулық  сақтау  министрлігіне  жетекшілік  жасап,  осы  салада    ауқымды 
істер  тындырып,  лайықты  қолтаңбаңызды  қалдырыңыз.  Ғылыми 
ізденістеріңіз де жемісті болып, КСРО Медицина ғылымы академиясының 
академигі  атандыңыз.  Әлемдік  денсаулық  сақтау  ісін  дамытуға  қосқан 
үлесіңіз  үшін  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  Леон  Бернард 
атындағы  сыйлығымен  мараппаталдыңыз.  Осы  уақытқа  дейін  белсене 
еңбектен  қол  үзбей,  әлемдегі  ең  озық  медицина  жетістіктерін  өз  елімізде 
қолдануға,халқымыздың 
денсаулық 
сақтау 
мәдениетін 
арттыруға 
атсалысып  келесіз.  Сіздің  өнегелі  өміріңіз  бен  жемісті  еңбек  жолыңыз 
жастарымызға  жақсы  үлгі.  Осы  еңбегіңіздің  зейнетін  ұзағынан  көре 
беріңіз.  Зор  денсаулық,  баянды  бақыт,  әулетіңізге  амандық  пен  игеліктер 
тілеймін», - делінген құттықтау хатта. 
       Төрегелді  Шарманұлы  еңбек  жолын  ауыл  дәрігері  болып  бастап, 
отандық  медицина  саласында  жауапты  қызметтер  атқарып,  әлі  де  аттан 
түспей жұртшылықтың шынайы алғысы мен құрметіне бөленіп келеді. Ол 
қашанда  өзін  кәсіби  маман,  асқан  ұйымдастырушы,  қашанда  ел  мүддесін 
басты  міндет  санайтын  айтулы  тұлға  ретінде  таныта  білді.Ғылым 
жолындағы  жемісті  қызметі,  халық  денсаулығын  нығайту  мен  жақсартуға 
сіңірген  орасан  зор  еңбегі  Қазақстан  медицинасы  тарихында  мәңгі 
қалатыны сөзсіз.  
          1988  жылдан  өзі  негізін  қалаған  Тағамтану  ғылыми-зерттеу 
институтын  бүгінде  халықаралық  дәрежедегі  ұлттық  академияға 
айналдыруы,  Үкімет  алдына  азық-түлікте  темір,  йодтың  жетіспеуін  жою 
үшін  құнды  микроэлементтермен  байыту  туралы  ұсыныстар  қойып,  сол 
жөнінде  Елбасына  арнайы  кіріп,  соның  негізінде  Президент  Үкіметке 
саламатты  тамақтануың  мемлекеттік  саясаты  жөнінде  доктрина  жасауды 
тапсыруы,  сондай-ақ,  ғалымның  тек  денсаулық  сақтау  саласында  емес, 
қоғамдағы қайраткерлігі өз алдына бір төбе. 
       Өз  кезегінде  мерейтой  иесі  сонау  балалық  шағына,  азамат  болып  ер 
жеткен  тағылымды  өмріне  саяхат  жасап,  көрікті  ойымен,  өмірден  түйген 
пәлсапасынан сыр ақтарып, еркін әңгіме-дүкен құрды. 
       Жас көріну мен әдемі қартаюдың сыры неде? 


238 
 
       Таңертең  30  минут  жүремін  және  суға  жүземін.  Суға  түсу  мен  үшін 
күнделікті  тамақ  ішкендей  әдет.  Содан  соң  шайға  отырамын.  Үстелімде 
міндетті түрде биенің сүті тұрады.  Жасым 85-те ұйқым сергек. Ойым мен 
санам  әр  уаұытта  орнықты.  Біреулер  «Өліммен  күресемін»  дейді  ғой,  ал 
мен  «Өмір  үшін  күресемін»  дегім  келеді.  Өліммен  күреспеймін. 
Денсаулықты  сақтау  мен  кқрінудің  сыры  –  ми  жұмысын  көп  пайдалану 
керек.  Көп  оқып,  көп  ізденіс  жасау  қажет.  Мен  айналымда  болып  жатқан 
ел  жаңалықтарынан  хабардар  болып  отырамын.  Өйткені  жай  ғана  емес, 
дүниежүзіне  әйгілі  ғылыми  мекемені  басқарамын.    ҚазҰМУ-дың  бақылау 
кеңесінің  төрағасымын.    Өзім  басқару  жүйесінде  отырып,  заң  жобалары 
ғана  емес,  тәлім-тәрбие,  білім  беруде  маған  артта  қалуға  болмайды. 
Сондықтан  үлкен  ғылыми  кеңестер  жүргіземін,  лекциялар  оқимын, 
жобалар  жасаймын.  Жедел  дамып  жатқан  мына  өмірде  өзгерістер  көп. 
Соның  бәрін  қадағалап,  біліп  отыруға  қарымым  жету  керек.  Сол  үшін 
тынбай  еңбек  етемін.  Ми  жұмысымен  айналысамын.  Содан  кейін  тағам 
мәселесін  қатты  қадағалаймын.  Ең  бастысы,  ортаңа,  айналаңа  деген  тек 
қана  жақсы  ниетің  болу  керек.  Адамдарға  шамаң  келгенше  жақсылық 
жаса.  Біреудің  ісін  қызғанба,  ең  қауіпті  нәрсе  осы  –  қызғаныш  сезімі. 
Жылы  шыраймен  қарасаң,  саған  да  жұрт  солай  қарайды.  Жалпы,  адам 
өзінң  жаман  ниетімен  өзгелерді  қашқақтатып  алады   
«
маған  ешкім 
жоламайды»  деп  айтады.  Сенің  жүзің  жылы  болса,  сенен  кім  қашады? 
Солай айтқан адамның өзінен кінә іздеймін.  
   

 
Сіздер  оқитын  тақырып:  «Қазақ  медицинасының  майталманы»    -  деп 
аталады.  Сіздер қандай сұрақтарға жауап бергілеріңіз келеді? Атаңыздар. 
 

 
Тақырып  атауын  тағы  бір  оқып,    оның  мағынасына  жақын  келетін 
сөздермен тақырыптың атын өзгертіп жазыңыздар. 
 

 
Мақала тақырыбының астында берілген қысқаша түсініктемені оқыңыздар. 
Сұрақтардың жауабын іздеңіздер. 
 
1.
 
Төрегелді Шармановтың мамандығы, қызметі туралы не білесіздер? 
2.
 
Оның жасы нешеде? 
3.
 
Ғалымның  85  жасқа  келіп,  ұзақ  өмір  сүруінің  құпиясы  неде  деп 
ойлайсыңдар? 
4.
 
Көрнекті  ғалым,  академиктің  мерейтойына  кімдер  және  қандай 
ұйымдар қатысқан? 
 

 
Сіз  оқып  отырған  қысқаша  түсініктемелік  мәтін  ішінен    Т.Шармановтың 
атақ-дәрежесі, атқарып жүрген қызметі және марапаттары туралы баяндап 
беріңіздер. 
 

 
Мерейтойға арналған мәжілісті кім жүргізген еді? 


239 
 
 

 
Бірінші мәтінді, яғни хат мәтінін дауыстап оқып шығыңыздар.  
 
           «Құрметті  Төрегелді  Шарманұлы!  Сексен  бестің  төріне  сергек 
қалпыңыза  келіп  отырған  мерейжасыңыз  құтты  болсын!  Сіз  дәрігер 
маманы  ретінде  үзбей  ізденудің,  халыққа    адал  да  абыройлы  еңбек  етудің  
нәтижсінде  кәсіби  біліктіліктің  биік  шыңына  шығып,  қоғамда  бұлжымас 
беделге  ие  болдыңыз.  Жоғары  адамгершілік  қасиеттеріңізбен,  зор 
ұйымдастырушылық 
қабілетіңіздің 
арқасында 
республикамыздың  
денсаулық  сақтау  министрлігіне  жетекшілік  жасап,  осы  салада    ауқымды 
істер  тындырып,  лайықты  қолтаңбаңызды  қалдырыңыз.  Ғылыми 
ізденістеріңіз де жемісті болып, КСРО Медицина ғылымы академиясының 
академигі  атандыңыз.  Әлемдік  денсаулық  сақтау  ісін  дамытуға  қосқан 
үлесіңіз  үшін  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  Леон  Бернард 
атындағы  сыйлығымен  мараппаталдыңыз.  Осы  уақытқа  дейін  белсене 
еңбектен  қол  үзбей,  әлемдегі  ең  озық  медицина  жетістіктерін  өз  елімізде 
қолдануға,халқымыздың 
денсаулық 
сақтау 
мәдениетін 
арттыруға 
атсалысып  келесіз.  Сіздің  өнегелі  өміріңіз  бен  жемісті  еңбек  жолыңыз 
жастарымызға  жақсы  үлгі.  Осы  еңбегіңіздің  зейнетін  ұзағынан  көре 
беріңіз.  Зор  денсаулық,  баянды  бақыт,  әулетіңізге  амандық  пен  игеліктер 
тілеймін», - делінген құттықтау хатта.  
     

 
Мәтіндегі  кездесетін  мына  тіркестерінен  таныс  болыңыздар,  оны  кейін 
сұхбаттарыңызға пайдаланасыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   365




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет