1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет37/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

24. Буль алгебрасы.

Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.


Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын
сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0
мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық
ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу жəне сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді.
Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы
айтарлықтай жеңілденеді жəне қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі
тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады.
Компьютердің логикалық элементтері.
Компьютердің логикалық элементі – элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын
электрондық логикалық схеманың бөлігі.
Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз – ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын
айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   217




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет