1 аралық бақылаудың сұрақтары Жердің пішіндері мен өлшемдері


Балтық биіктік жүйелері. Жер бетіндегі нүктелердің биіктігі



бет11/12
Дата29.01.2022
өлшемі2,08 Mb.
#130144
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1 аралық бақылаудың сұрақтары
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ, 9 Сын ТЕСТ 25.10.21ж
12. Балтық биіктік жүйелері. Жер бетіндегі нүктелердің биіктігі

Жердің физикалық бетіндегі қандай да бір нүктесін референц-эллипсоид бетіне қатысты анықтау үшін геодезиялық ендіктен B және геодезиялық бойлықтан L бӛлек тағы үшінші координатты – геодезиялық биіктікті H білу қажет.

Биіктік нүктелерін білу бедерді зерттеуде, барлық инженерлік жұмыстарды жобалауда және құрылыстарын жүргізуде қажет. Биіктіктер жер эллипсоиды бетіндегі барлық ӛлшенген шамаларды редуцирлеу кезінде де керек. H геодезиялық биіктік референц-эллипсоид бетінде нормаль бойынша есептеледі және екі шама қосындысы болып анықталады.

H= H+s мұнда H - физикалық Жер бетінің квазигеоид үстіндегі берілген нүктесінің нормаль биіктігі. Ол геодезиялық биіктіктің H гипсометриялық бӛлігін құрайды және негізінен Жердің физикалық бетінің бедерін анықтайды. Гипсометриялық биіктік анықтау әдісіне байланысты әртүрлі мәндерге ие: ортометриялық, нормальды және динамикалық.

H мәні геометриялық нивелирлеумен анықталады.

s- геоидальды бӛлігін биіктік аномалиясы деп атайды. Ол геоид бетінің эллипсоид бетінен ауытқуын береді және Жер қойнауындағы массалардың біртегіс таратылмауына негізделеді.

Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады.

Нивелирлеу – Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін таңдалған бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстыра отырып анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет