1 аралық бақылауға сұрақтар



бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі26,02 Kb.
#90045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1 бақылау ЖАУАП

Қарыз капиталы – кәсіпорынның дамуын қаржыландыруда қайтарымдылық негізде тартылатын ақша қаражаттары немесе мүліктік құндылықтарды сипаттайды.Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде қарыз қаражатын тартумен байланысты. Қарыз капиталы – ең алдымен өсіп келе жатқан кәсіпорындардың меншікті көздерін қалыптастыру қарқынынан өнім шығару көлемінің өсу қарқынының артуы кезіңде, өндірісті модернизациялауда, өнімнің жаңа түрлерін игергенде, өндірушінің нарықтағы үлесін кеңейтуде, басқа бизнесті иеленгенде және т.б. кездерде қолданылады. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.
9. Қарыз қаражатын тартудың экономикалық орындылығын бағалау
Қарыз алысу - қарыз қаражатын тарту, қажеттігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу жəне оған қызмет көрсету тəртібі мен шарттарын белгілеу рəсімдерін қамтитын үдеріс. Қарыз алысу жөніндегі келіссөз жүргізу, міндеттемелерді қамтамасыз ету жəне оларға кепілдік беру, тиісті құжаттарды рəсімдеу жəне оларға қол қою, қарыз шарттарын бекіту (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде) рəсімдері, қарыз қаражатын алу, пайдалану, қарызды өтеу жəне оған қызмет көрсету, бұған қоса тараптар міндеттемелерінің есебі, орындалуын бақылау жəне талдау рəсімдері. [1].
10. Қаржылық тетіктің эффектісі.
Корпорация қаржы тетігінің эффектісін пайдалана отырып, қосымша заемдық қаржыландыруға ұмтылады. Қаржы тетігі – бұл қарызды жабу бойынша корпорацияның қаржылық шығындарының тұрақты шамасымен байланысты болатын табыстың тербелістері бойынша тәуекел деңгейін бағалау болып табылады:
Қаржы тетігі=(P-a)×X-F/(P-a)×X-F-l , мұндағы І –барлық заемдық қаражаттар бойынша төленетін пайыздардың соммасы;
Р-өнім бағасы;
а-өнім бағасындағы шекті шығындар;
Х-сатылған өнімдердің саны;
Ғ- тұрақты шығындар.
11. Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мазмұны және жіктелуі.
Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімде пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық қорларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ мерзімді активтер жатады.
Ұзақ мерзімді активтерді мынандай категорияларға жіктеуге болады;
Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)
Материалдық емес активтер.
12. Корпоративтік ұйымның негізгі құралдарын бағалау.
егізгі құралдар- дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар). Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.
Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор.
Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады. Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады:
- салалар бойынша;
- мақсатына қарай;
- түрі бойынша;
- кімге қарайтындығына қарай;
- пайдалану сипатына қарай,
- салық салу мақсатына қарай.
13. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет