1. Атом ядросының құрамы, зарядтары, массасы


Ядроның спині мен магнит моментін сыртқы магнит өрісін пайдаланып анықтау



бет9/56
Дата16.12.2022
өлшемі3,96 Mb.
#162957
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
Ядеркаааааааааааааааааа
реферат футбол ойыны, 1-2-kaz, 6. Ақтөбе. Алтын түлек тапсырмалары 10 сынып 2022 ж, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі., 15-12 09-07
9.Ядроның спині мен магнит моментін сыртқы магнит өрісін пайдаланып анықтау.Егер зерттелетін затты магнит өрісіне орналастырса, оның ядросына, оның өзінің электрондарының магнит өрісі де, сыртқы магнит өрісі де әсер етеді. Оның әсерлесу энергиясы (2.78) тең. Сыртқы магнит өрісінің сипатына (тұрақты, айнымалы, біртекті, біртексіз, күшті, әлсіз) қарай оның салдары әр түрлі болады, осыған орай әртүрлі зерттеу әдістері болады. Енді осы әдістерді қарастырайық:



а) Біртекті тұрақты өріс. Зееман эффекті мен Пашен-Бак эффекті. (2.78)-дегі сыртқы тұрақты магнит өрісі болсын. Онда сыртқы магнит өрісі мен ішкі магнит өрісінің ара қатынасына қарай үш жағдай болуы мүмкін. Күшті магнит өрісі, осал магнит өрісі және аралық магнит өрісі. Біз үшін маңыздысы алдыңғы екі жағдай. Сыртқы магнит өрісі ядроға да, электрондық қабыққа да әсер етеді. Егер сыртқы өрістің электрондық қабыққа әсері қабықтың ядроға әсерінен көп пәрмендірек (2.79) болса, онда сыртқы өріс электродық қабық пен ядро арасындағы байланысты үзеді де, магнит өрісінде электрондық қабықтың магнит МІ моменті (демек, спині І) өзінше бөлек, ядроның Я магнит моменті (яғни, J спині) өзінше бөлек бағдарланады (2.18 сурет). Мұндай магнит өрісіндегі атомның қосымша энергиясы (2.80) ал, көршілес ІЗ пен ІЗ-1 сәйкес келетін деңгейлер топтарының ара қашықтығы (2.81) болады (2.19-сурет). Мұндай топтар саны 2І+1-ге тең болады. Әр топтың құрамына кіретін деңгейлер ядроның сыртқы магнит өрісімен әсерлесуіне сәйкес келетін (2.82) қосымша энергияға ие болады да, солардың ара қашықтықтары (2.83) болады. А
томның (электрондық қабықтың) магнит моменті ядроның магнит моментінен 2103еседей артық. Сондықтан, деңгей аралық қашықтық, топ аралық қашықтықтан сонша еседей аз. Сонда күшті магнит өрісінде әр топтағы деңгей саны 2J+1 ядроның спинімен, ал топ саны 2І+1 атомның спинімен анықталады. Сөйтіп, бірден атомның спинін де, ядроның спинін де анықтауға болады. Бұл құбылысты Пашен-Бак эффекті деп атайды. Егер сыртқы өрістің атомдық электрондық қабықпен әсерлесу энергиясы электрондық қабықтың ядромен әсерлесу энергиясынан әлде қайда аз немесе (2.84)болса, онда сыртқы магнит өрісінің пәрмені электрондық қабық-ядро аралық әсерлесуді жеңе алмайды. Магнит өрісінде атомның толық моменті бағдарланады (2.18-б сурет). Сызықтар саны F-шамасының проекцияларының (2І+1)(2J+1) санына тең болады. Сонда ядроның спинін анықтау үшін атомның электрондық қабығының І импульс моментін білу керек. Бұл эффект Зееман эффекті деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет