1. Ауызша сөйлеудің бұзылуы



Дата23.01.2022
өлшемі14,77 Kb.
#113632
Байланысты:
арнайы педагогика 23 сурак Сымбат
емтихан сұрақ ТКТ, емтихан сұрақ ТКТ, 2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар, 2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар, Mass media, арнайы педагогика 23 сурак Сымбат, арнайы педагогика 23 сурак Сымбат, 7 лекция общ, Тендерная документация Аренда коммуникационной канализации, Biologiya- o amdy gumanitarly -ba yt , Саясаттану дәріс тезистері 2

23сурак

Сөйлеу тілі бұзылған балалардың категориясы әр түрлі. Сөйлеу тілінің кемшіліктері пайда болу уақытына қарай бірінші және екінші кемшіліктер түрінде сипатталуы мүмкін. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың қатарына коммуникативтік және танымдық функциялардың бұзылуымен анықталатын психофизикалық кемшіліктер жатады.

1. Ауызша сөйлеудің бұзылуы:

Сөйлеудің фонациялық бейнесінің бұзылуы;

- афония, дисфония - дауыстың болмауы немесе бұзылуы;

- брадилалия - сөйлеудің патологиялық баяулауы;

- тахилалия - сөйлеудің жылдамдығы;

- тұтығу - сөйлеу аппараттарындағы бұлшық еттердің құрысуынан сөйлеудің бұзылуы;

- дислалия - дыбыстарды айтудың бұзылуы;

-ринолалия – сөйлеу аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысының бұзылуы;

дизартрия - сөйлеу аппаратындағы органикалық кемшіліктердің әсерінен дыбыстарды айтудың бұзылуы.

Сөйлеудің құрылымдық-семантикалық жағының бұзылуы:

- алалия - бас миының сөйлеу зоналарындағы қабықтық бөлімдердің органикалық зақымдануынан сөйлеудің болмауы немесе дамымауы;

- афазия -бас миының белгілі бір аумақтарының зақымдануынан сөйлеу тілінің жартылай немесе толықтай жойылып кетуі;

 Жазбаша сөйлеудің бұзылуына мынадай кемшіліктер жатады:

- дислексия (алексия) - оқудың жекелей немесе толықтай бұзылуы;

- дисграфия (аграфия) - жазудың жекелей немесе толықтай бұзылуы. Психологиялық-педагогикалық классификация лингвистикалық және психологиялық критерийлерге байланысты анықталады

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

- сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету;

- баланы жалпы мектепте білім алуға дайындау;

- күрделі тіл кемшіліктері бар балаларды арнайы мектептерге оқуға дайындау.

Типтік жағдайларға байланысты анықталған логопедиялық топтардағы арнайы кәсіби жұмыстардың мазмұны Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина бағдарламасы бойынша жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық топтарға екі жылға 5 жастан бастап қабылданады. Топтағы бала саны 10-15 баланы құрайды. Жалпы сөйлеу тілінің 1-2 деңгейі бұзылған балалар 3 жылға шақталып 4 жастан бастап қабылданады.

Қажет болған жағдайда (дизартрия) кезінде ПМПК мамандарының көмегі қажет болады. Мұндай кезде балаға коррекциялық-педагогикалық көмек түрі екінші рет көрсетіледі. Бұл кездегі топтағы бала саны 12-14 баланы құрайды.



Тұтығу кезінде арнаулы топтарға бала 2-3 жастан бастап 8-10 баладан тұратын топтарға қабылданады.

Мектепке дейінгі сөйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық көмек көрсету жұмыстары дәстүрлі түрде ойын, еңбекке баулу, дене тәрбиесі мен музыка, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу өнері, конструкциялау бөлімдеріне бөлінеді. Логопедиялық пункттердегі баланың саны қалалық жерлерде 25 адамнан, ауылдық жерлерде 20 адамнан тұрады. Әр топтағы сабақтар жеке түрде 4-5 адамнан жүргізіледі. Топтық сабақтардың ұзақтығы - 40 минут, жеке сабақтардың ұзақтығы - 20 минутты құрайды. Логопедиялық пункттегі логопедтің дайындайтын құжаттары: ПМПК мамандарының қорытындысы бойынша толтырылған хаттама, сөйлеу картасы мен жеке жұмыс жоспары, тіркеу журналы, перспективті және күнтізбелік жоспар, ата-аналармен, мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары. Сөйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық қызмет түрлерін денсаулық сақтау жүйесіндегі кабинеттерде, емханаларда, стационарларда, балалар ауруханаларында қабылдай алады.

    -


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет