1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы



бет2/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)
Философия тест 225 сұрақ, Эл(рк с ответами 2 вар) (1), 5068564198221 Диалектиканың негізгі категориялары НО-3Б каз. орыс 22.04.2020
3. Көне түркі тіліндегі сөзжасамдық тәсілдерді оқыту 
Туынды со́з жасау тәсілдері ғылымда сөзжасам тәсілдері деп аталады. Қазақ тіліндегі сөзжасамның негізгі тәсілдері ерте заманнан бері: 1) синтетикалық әдіс; 2) аналитикалық тәсіл; 3) лексика-семантикалық тәсіл. Деп бөлінеді. Синтетикалық әдіс арқылы туынды сөз жасау үшін екі тілдік бірлік қолданылады: 1) лексикалық мағынасы бар сөз, 2) сөз тудырушы жұрнақ. 
Аналитикалық әдіс – екі немесе одан да көп сөздерден лексикалық сөз жасау. Аналитикалық әдіс қазақ тілінде кеңінен қолданылғанымен өнімді әдіс, бірақ оның бірнеше түрі бар: 1) Қосым сөздер, 2)қосарласу, 3) тіркестіру, 4) қысқарту. 
Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б. 
.Семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыспайды. Қандай Мағыналық дамуға түскеніне байланысты кейде өзге сөз таптарына ауысса, кейде сол сөз табының құрамында қалады. Мысалы, жел — табиғи құбылыс, жел — суықтан болатын ауру, жел (желу) желдің жылдамдығына байланысты пайда болған қимыл атауы семантикалық тәсіл арқылы Жасалған. Бірақ

осы сөздердің барлығы бір сөз табына қатысты емес. Алғашқы екі сөз заттану процесінен өткеннен соң, мағынасына сәйкес зат есім сөз табына қараса, соңғы сөз етістік сөз табына ауысады..




4. Тарихи атаулардың танымдық мәні 

Тарихи атаулардың танымдық мәні. Тарихи атаулардың 
басым бөлігін жер-су атаулары мен тайпалық одақтардың ат-
тары құрайтындығы зерттеу кезінде белгілі болды. Олар ғалым 
Г.Қосымованың «Тарихи атаулар этимологиясы» атты кітабын-
да сөздік түрінде түзіліп, тарихи этимологиясына түсінік беріл-
ген. Ру-тайпа аттары мен лауазым иелерінің атаулары туралы 
мәліметтер беріледі. 
Тарихи атаулардың басым бөлігін жер-су атаулары мен
тайпалық одақтардың аттары құрайтындығы зерттеу кезінде 
белгілі болды. «Тарихи атаулар этимологиясы» атты кітапта та-
рихи этимологияға түсінік берілді. Бұл кітапқа енбей қалған 
түркі қағанаттары тарихындағы ру-тайпа аттары мен лауазым 
иелерінің атаулары әр жерде, әсіресе, тарихи еңбектерде қажет-
тілігіне қарай аталып жүргенімен, тілдің таным нысаны ретінде 
арнайы зерттелген жоқ. 
Ру-тайпалардың таралуын, тарихи дәуірлерде қалыптасу 
сипатын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген мәдени шежіре өзін таныт-
қысы келген елдердің бәрінде бар. Сібір халықтары, Германия, 
Англия, Франция, Ресей т.б. көптеген елдер шежірелерін жинақ-
тап, баспадан шығарып отырған. Қазақ шежіресі де тарихи 
шығарма ретінде ауызша да, жазбаша да жеткізіліп отырған. 
XVIII-XIX ғасырларда қазақ ойшылдарының жазған шежі-
релерінің қатарына Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали 
Жалаиридың және Жәңгір хан шежіресі т.б. осы аталған шежі-
релер ру аттарының дыбыстық, мағыналық сипатын, таралу ай-
мағын, оларға қатысты тарихи оқиғалар, бір-бірімен қарым-
қатынасы, ру-тайпа ішінен шықққан батырлар мен шешендер 
жайында мол деректер береді. Мысалы, Кіші жүздің Әлімұлы 
рулар бірлестігінен тараған рудың бірі - Шекті. Тарихшы-этно-
графтардың зерттеулерінде әртүрлі пікірлер айтылса да, 
М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасында Чу 
өзенінің бойында орналасқан Чекл тайпасы деп аталған. 
Шеркеш - Серкеш, Черкес болып дыбысталған Кіші жүз 
Байұлы құрамындағы тайпа. Оңтүстікті мекендеген Шеркештер 
Қоңырат, Ұлы жүз тайпаларымен көршілес отырған. ХХ ғасыр-
дың басында Шымкент уезінде де шеркештердің 158 үйі қоныс-
танған. 
Шөмекей – көне түркі тайпасы. Қазақ шежіресінде 
Әлімұлы рулар бірлестігіне енеді. Қазақ халқының негізін қа-
лыптастыруға қатысқан ежелгі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов, 
Г.Грумм-Гржимайло жазбаларына сүйенсек, бұл тайпа VI ға-
сырда белгілі болған, Барлық пен Тянь-Шань аралығын мекен 
еткен. Чу тайпаларының құрамында Чумугунь деген атпен та-
ралған. Қытайлар 654 жылы Чу бойындағы Чумгунь тайпасына 
шабуыл жасап, 30 мың адамын өлтірді. Бұл тайпалар Батыс 
Түрік қағандығының құрамына енеді.
Шыбыл – Шапырашты тайпасынан тарайтын рулар бір-
лестігі. Шыбылдың ерте кездегі мекені Шу, Талас өзендерінің 
бойы, Әулие ата, Сайрам төңірегі болған. 18-ға ғасырдың 
соңына қарай қазіргі Алматы облысының Көкалашар, 
Қарашеңгел, Ақши, Түрген маңына келіп қоныстанған. Шыбыл 
атауы ерте орта ғасырдан белгілі. М. Қашқари еңбегінде Чигил 
деген атпен белгілі. Бұл тайпаның орталығы – Шапыраштылар 
мекендеген Тараз қаласына жақын болған, рудың біраз бөлігі 
Албан руы мекендеген Ыстықкөлдің солтүстік-шығыс жағында 
болған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет