1 Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары


Стратегиялық маңызы бар жаңа темір жол магистралін салу



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,77 Kb.
#85619
1   2   3
Байланысты:
тарих
тарих
2.Стратегиялық маңызы бар жаңа темір жол магистралін салу.
Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк магистралiнiң ұзындығы 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — темір жол, 87,4 мың км — автомобиль жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық — Алашанькоу шекаралық темір жолы өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед темір жолы өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта теңізі мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомобиль жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта теңізінiң, Үндi мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий теңізінде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет