1. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде Қазақстан аумағындағы қола дәуірі Қазақстан тас ғасыры дәуірінде


Шығыс хандық: оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс  Түркістан, астанасы – Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған



Pdf көрінісі
бет14/72
Дата21.12.2022
өлшемі1,89 Mb.
#163794
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
Документ Microsoft Word
 
1. Шығыс хандық: оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс 
Түркістан, астанасы – Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған.
 
2. Батыс хандық: Мәуеренахр жерлері. Оның орталығы Самарқан қаласы 
болды.
 
Шығыс хандық Қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. 
Сондықтан оның ханы дәстүр бойынша жоғарғы Ұлы қаған болып есептелген. 
Бірақ екі хандықтың арасында онша бірлік болмай, олар жиі жеке – жеке 
бөлініп кетіп отырған. 1056 жылы Қадырханның ұлы Йинал - тегін өкімет 
мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады, бірақ ол 


29 
көп ұзамай у беріліп өлтіріледі. Тәж – таққа Йинал – тегінің баласы Ибраһим ие 
болады, алайда ол да біраздан кейін Барысхан әміршімен болған соғыста қаза 
табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы (1059-1074 жж.) 
Қадырханның балалары Юсуф Тоғрұл мен Бограхан Харун басқарады. 
Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екі қағанат 
арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін 
оның еншілігі Бограхан Харунның (1075-1102 жж.) – Қашғар, Баласағұн мен 
Хотан қожалығының қол астына көшеді. Қарахан мемлекетінің әлсіреуін 
пайдаланып 1089 жылы селжұқ сұлтаны Мәлік шах Самарқанды басып алады, 
сөйтіп Бограхан Мәлік шахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан 
өлген соң көп ұзамай Мәуеренахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан 
Жабырайыл шабуыл жасап, Әмударияға дейінгі жерлердің бәрін басып алды, 
бірақ Термез қаласының түбінде жеңіліс тауып, өзі тұтқынға түсіп жазаланады. 
Құдіретті сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157 жж.) селжұқтар 
Мәуераннахрға шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің 
саяси құлдырауының белгісі біліне бастаған еді. ХІІ ғасырдың ортасында 
қаптаған Қарақытай (Қидандар) Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығыс 
Қарахандықтардың қалған иеліктерін түгел басып алады. Сөйтіп, құдіретті 
Қарахан мемлекеті ХІІ ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін тоқтатады.
 
Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі – хақанның қолында болды, 
оған ең жақын кеңесші, көмекші – уәзірі болды. Бұдан басқа күзет бастығы, есік 
қорғаушылары, қазынашылар және елшілер қызмет істеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет