1. Қазақстан териториясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?



Дата04.10.2023
өлшемі39,17 Kb.
#183724
Байланысты:
тест


1. Қазақстан териториясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?
А) Ерте тас дәуірі.
В) Орта тас дәуірі.
С) Кейінгі тас дәуірі.
Д) Мезолит дәуірі.
Е) Неолит дәуірі.
2. Орталық Қазақстаннан табылған ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткішін анықта.
А) Қозыбай.
В) Тегіскен.
С) Құдайкөл.
Д) Өніжек.
Е) Сексеуіл.
3. Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясын ата.
А) Б.з.б. 5 мың – 2 мың жыл.
В) Б.з.б. 10 мың – 5 мың жыл.
С) Б.з.б. 40 мың – 12 мың жыл.
Д) Б.з.б. 140 мың – 40 мың жыл.
Е) Б.з.б. 800 мың – 140 мың жыл.
4. Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?
А) Палеолитте.
В) Мезолитте.
С) Неолитте.
Д) Қола дәуірінде.
Е) Темір дәуірінде.
5. Кейінгі палеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты?
А) Австралопитек.
В) Питекантроп.
С) Синантроп.
Д) Неандертальдық.
Е) Кроманьондық.
6. Еңбек құралдарын дөңгелек өзектастан (нуклеус) жасау әдісі қай дәуірде кең тарады?
А) Қола дәуірі.
В) Неолит дәуірі.
С) Мезолит дәуірі.
Д) Мустьер дәуірі.
Е) Темір дәуірі.
7. Неолит дәуірінде Қазақстанның қай аймағында яшама мен кварциттен еңбек құралдары жасалды?
А) Сырдарияның төменгі ағысында.
В) Солтүстік-Шығыс Балқашта.
С) Қаратау жотасында.
Д) Арал өңірінде.
Е) Жетісуда.
8. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?
А) Б.з.б. 15 мың – 5 мың жыл.
В) Б.з.б. 10 мың – б.з.б. 5 мың жыл аралығы.
С) 35-30 мың – 12-10 мың жыл бұрынғы.
Д) 50-40 мың жыл бұрынғы.
Е) 10-2 мың жыл бұрынғы.
9. Мезолит дәуірінің ескерткіші – Дүзбай тұрағы Қазақстанның қай жерінен табылды?
А) Оңтүстік Қазақстан.
В) Солтүстік Қазақстан.
С) Батыс Қазақстан.
Д) Шығыс қазақстан.
Е) Орталық Қазақстан.
10. Андронов мәдениетінің басты ерекшелігін бөліп көрсет:
А) Тұрмысқа қажет ыдыстарды саздан жасады.
В) Бұйымдарды былғары мен сүйектен жасады.
С) Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.
Д) Тоқымашылық дамыды.
Е) Сауда дамыды.
11. Қола дәуірінің хронологиясын анықта.
А) Б.з.б. ІІ – б.з. І ғасырлар.
В) Б.з.б. ХVIII – VIII ғасырлар.
С) Б.з.б. ХVI – V ғасырлар.
Д) Б.з.б. VIII – III ғасырлар.
Е) Б.з. ІV – ІІІ ғасырлар.
12. Андроновтықтар үшін ең қасиетті орын не болып есептеледі?
А) Тор.
В) Босаға.
С) Ошақ.
Д) Діңгек.
Е) Шаңырақ.
13. Андроновтық алғашқы ескерткіштер қайсы археологтың қазба жұмысы арқылы табылды?
А) Ә. Марғұлан.
В) А. Ақышев.
С) С. Черников.
Д) Б. Андрианов.
Е) М. Грязнов.
14. Қола дәуірінде Қаратау жартасына ненің 49 суреті салынған?
А) Бұқаның.
В) Соғыс арбаларының.
С) Қос өркешті түйенің.
Д) Соқаның.
Е) Жауынгерлердің.
15. Беғазы қонысы Қазақстанның қай аймағынан табылды?
А) Орталық Қазақстан.
В) Оңтүстік Қазақстан.
С) Сырдария бойы.
Д) Жетісу.
Е) Шығыс Қазақстан.
16. Андроновтық кейінгі қола дәуірінде неге табынған?
А) Жерге.
В) Аспанға.
С) Ата-баба аруағына.
Д) Найзағайға.
Е) Ай және жұлдызға.
17. Орта қола дәуірінің хронологиясын анықта.
А) Б.з.б. ХV-ХІV ғасырлар.
В) Б.з.б. ХV-ХІІІ ғасырлар.
С) Б.з.б. ХV-ХІІ ғасырлар.
Д) Б.з.б. ХV-ХІ ғасырлар.
Е) Б.з.б. ХV-Х ғасырлар.
18. Қола дәуірі мәдениетінің гүлденуіне қай елдер мәдениеті әсер етті?
А) Батыс Еуропа елдері.
В) Қара теңіз жағалауындағы елдер.
С) Жерорта теңізі мен Алдынғы Азия елдері.
Д) Жерорта теңізі мен Кіші Азия елдері.
Е) Орта Азия елдері.
19. «Патша қорғандар» қай қорымнан көп табылды?
А) Бесшатыр қорымынан.
В) Есік қорымынан.
С) Түгіскен қорымынан.
Д) Тасмола қорымынан.
Е) Берел қорымынан.
20. Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді?
А) Көсемдер, бекетер, қауым мүшелері.
В) Патшалар, жауынгерлер, қолөнершілер
С) Жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері.
Д) Көсемдер, ақсақалдар. Шаруалар.
Е) Патшалар, әмірлер, құлдар.
21. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды қандай тайпалар мекендеген?
А) Аргипейлер, исседондар, аримаспалар.
В) Дахтар, массагеттер, каспилер.
С) Аландар, сарматтар, хазарлар.
Д) Ғұндар, сақтар, үйсіндер.
Е) Аримаспалар, савроматтар, дахтар.
22. Сақ тайпаларында күн күркіреу құдайы ненің бейнесінде берілген?
А) Жылқының.
В) Бұқаның.
С) Қабанның.
Д) Түйенің.
Е) Арыстанның.
23. Шырық-рабат қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан кесенеден табылған гемма (мөр) қай ғасырға жатады?
А) Б.з.б. VІІІ ғасыр.
В) Б.з.б. VІІ ғасыр.
С) Б.з.б. ІV- ІІ ғасырлар.
Д) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар.
Е) Б.з. І ғасыр.
24. «Мұртты обалар» қай мәдениетке тән ерекшеліктер?
А) Беғазы-Дәндібай.
В) Тасмола.
С) Жетіасар.
Д) Пазырық.
Е) Қауыншы.
25. Сақ тайпалары қай нәсілге жатады?
А) Түркілік.
В) Негірліг.
С) Еуропалық.
Д) Моңғолдық.
Е) Ол кезде нәсілге бөлінген жоқ.
26. Ерте темір дәуіріндегі майемер кезенінің хронологиясын анықта.
А) Б.з.б. ХVІІІ-VІІІ ғасырлар.
В) Б.з.б. VІІ-VІІ ғасырлар.
С) Б.з.б. V-ІV ғасырлар.
Д) Б.з.б. ІІІ-І ғасырлар.
Е) Б.з. І ғасыр.
27. «Дала жолы» атанған сауда жолы қай кезде жұмыс істеген?
А) Б.з.б. ІІ мыңжылдықта.
В) б.з.б. І мыңжылдықтың басында.
С) Б.з.б. І мыңжылыдқтың ортасында.
Д) Б.з.б. І мыңжылдықтың соңында.
Е) Б.з. басында
28. Сақтарда жерлеудің қандай ерекшеліктері юолған?
А) Мәйітті тас қорғандарға жерлеу.
В) Өртеу әдісі.
С) Дүние-мүлікті қоса жерлеу.
Д) Мәйітті бальзамдау мен мумиялау.
Е) Үлкен және кіші қорғандарға жерлеу.
29. Құлжорға мәдениетінің ерекшлеігі неде болды?
А) Кремация
В) Мәйіттің қол-аяғын бүгіп жерлеу.
С) Мәйіттің басын батысқа қарату.
Д) Мәйітті тас сандықта жерлеу.
Е) «Мұртты обалар» салу.
30. «Андық стиль» өнері сақтарға қай аймақтан тарады?
А) Грециядан.
В) Римнен.
С) Алдыңғы Азия мен Ираннан.
Д) Қара теңіз жағалауы елдерінен.
Е) Персиядан.
31. 1855ж. Верныйға Сібірден неше отбасы келіп қоныстанды?
А) 200
В) 300
С) 400
Д) 500
Е) 600
32. 1855ж. жазда Ұлы жүз приставының резиденциясы қай жерден қай жерге ауыстырылды?
А) Іледен Қапалға
В) Қапалдан Верныйға
С) Сергиопольден Верныйға
Д) Көкпектіден Лепсіге
Е) Верныйдан Шымкентке
33. 1858ж. салынған Ұлы жүз жерінде жергілікті өңдеу өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорыны:
А) Сыра қайнататын зауыт
В) Су дирмені
С) Қант зауыты
Д) Сабын жасау цехы
Е) Шарап зауыты
34. Верный бекінісінің салынуы-
А) Қазақ елін Орта Азия хандықтарының езгісінен құтқарды
В) Қазақ елінің Оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті
С) Жергілікті өнеркәсіп орындарын көбейтуге ықпал етті
Д) Жұмыссыздықты азайтты
Е) Ресей үкіметінің беделін арттырды
35. 1858ж. наурызда Әулиеата маңындағы Қоқан езгісіне қарсы ірі көтерлістің негізгі қозғаушы күші:
А) Қазақ шаруалары
В) Қырғыз шаруалары
С) Қазақ-қырғыз шаруалары
Д) Қазақ-орыс шаруалары
Е) Қазақ-қырғыз-өзбек шаруалары
36. Ресейдің Ұлы жүздегі тірек пунктерінің бірі болған Қастек бекінісі қай жылы салынды?
А) 1855ж
В) 1856ж
С) 1857ж
Д) 1858ж
Е) 1859ж
37. 1860ж. орыс әскерлерінің жеңуіне қарамастан, Қоқан ханы оларға қарсы қанша адам әскерін жіберді, ол орыс әскерінен неше есе көп еді?
А) 15 мың (5 есе көп)
В) 20 мың (8 есе көп)
С) 22 мың (10 есе)
Д) 25 мың (11 есе)
Е) 10 мың (2 есе)
38. Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдары қандай позиция ұстанды?
А) Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты
В) Тек Ресей жағында болды
С) Тек Қоқан ханын қолдады
Д) Бейтарап болды
Е) Қай жеңген жағына шығуды ойлады
39. 1860ж., 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері қай жерде шайқасты?
А) Әулиеата
В) Тоқмақ
С) Пішпек
Д) Ұзынағаш
Е) Шымкент
40. Ұлы Жібек жолының Сырдария, Жайық, Еділ бойы, Кавказ, Қара теңізге өтетін тармақтарын қайсы тайпа өз бақылауында ұстаған?
А) Үйсіндер
В) Қаңлылар
С) Ғұндар
Д) Сақтар
Е) Түріктер
41. Б.з.б. 206 жылы Мөде шаньюй кімдерді бағындырды?
А) Қаңлыларды
В) Түріктерді
С) Византиялықтарды
Д) Қытайды
Е) Римдіктерді
42. Үйсіндердің археологиялық ескерткіштерін ата.
А) Қосқұдық, Батпақ, Қаратоғай
В) Бөдене, Қызылсу
С) Баланды, Бабыш-молда, Шірік-рабат
Д) Ақтас, үңгірқора, Кеңсай
Е) Шаштөбе, Мардан-күйік, Қостөбе
43. Үйсіндер қай мемлекетпен дипломатиялық-туыстық қатынаста болды?
А) Рим
В) Мидия
С) Қытай
Д) Византия
Е) Парфия
44. Қарғалы диадемасы қай ғасырда жасалынған?
А) Б.з.б. ІІ – б.з. І ғасырлар
В) Б.з.б. І- б.з. ІІ ғасырла
С) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар
Д) Б.з.б. І ғасыр
Е) Б.з. І-ІІ ғасырлар
45. Б.з. І ғасырда ғұндар қай жерді қоныстанды?
А) Сырдария
В) Орталық Қазақстан
С) Орал даласы
Д) Рим
Е) Венгрия
46. Қазақстан, Орта Азия, шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хронологиясы:
А) І-ІІІ ғ.ғ.
В) ІІІ-ІV ғ.ғ
С) ІІ-Vғ.ғ.
Д) ІV – V ғ.ғ.
Е) ІІ-ІІІ ғ.ғ
47. V ғ. өмір сүрген теле тайпасының көшіп қону жайылымдары қай жерге дейін жетті?
А) Сырдарияның орта ағысы
В) Шу өзені бойы
С) Ыстық көл бойы
Д) Іле өзенінің төменгі ағысы
Е) Амударияның жоғарғы ағысы
48. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты мақсаты Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан иен шығыс Түркістанға дейінгі созылып жатқан күшті мемлекетті жаулау болды. Бұл кімдердің территориясы?
А) Эфталиттер
В) Соғдылар
С) Хазарлар
Д) Қидандар
Е) Ирандықтар
49. Қай жылы Иран мен Византия өзара келісімге келіп, Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды?
А) 589 ж
В)561 ж
С) 567 ж
Д) 563 ж
Е) 575 ж
50. Батыс Түрік қағанатын түріктің қай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?
А) Теле тайпасынан
В) Ашна тайпасынан
С) Яғма тайпасынан
Д) Халаж тайпасынан
Е) Шығыл тайпасынан
51. VІ-ХІІІ ғасырларда негізгі шаруашылық көшпелі және жартылай көшпелі болды. Жайлымдылық жерлер кімдердің қолында болды?
А) Шонжарлардың
В) Хандардың
С) Қағандардың
Д) Ақсүйектердің
Е) Байлардың
52. ХІ ғ. Әл-Бирунидің айтуы бойынша Батыс Түрік қағанатында парфмерияда, дәрі жасауда пайдаланылған хош иісті зат:
А) Әтір
В) Мускус
С) Ландан
Д) Жасмин суы
Е) Амбра
53. Х-ХІІ ғ. түрік тайпалары егіншілікпен айналысты. Сол уақыттағы суармалы егіншіліктің ең ірі орталығы:
А) Алтынтөбе
В) Жетіасар
С) Суяб
Д) Исфиджаб
Е) Отырар
54. Қарлұқтар мен қимақтар тамаққа қандай дәнді-дақылдарды пайдаланды?
А) Бидай, тары, жүгері
В) Бұршақ, күріш, арпа
С) Арпа, тары, күріш
Д) Бидай, күріш, арпа
Е) Дұрыс жауабы жоқ
55. Ағылшын түркологы Клоусонның болжамы бойынша алғашқы түркеш теңгелері VІІІ ғ. қай қалада соғылған?
А) Тараз
В) Будукет
С) Исфиджаб
Д) Ақбешім
Е) Отырар
56. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болған. Сәйгүліктер патшалығын атаңыз:
А) Иран мен Византия
В) Түрік қағанаты
С) Үндістан
Д) Қытай
Е) Аравия
57. Буддизм таратуда қандай тайпалар басты роль атқарды?
А) найман-керейлер
В) үйсін-ғұндар
С) оғыз-қимақтар
Д) соғды-қаңлылар
Е) қидан-ұйғырлар
58. Исфиджабқа жақын жерден табылған жер асты храмы қай ғасырларға жатады?
А) VІІ-VІІІ ғ.ғ.
В) VІ-ІХ ғ.ғ.
С) VІІІ-ІХ ғ.ғ.
Д) ІХ-ХІ ғ.ғ.
Е) ІV-V ғ.ғ.
59. Жібек жолымен соғдылықтар қандай дінді таратты?
А) ислам
В) христиан
С) манихейлік
Д) будда
Е) несториандық
60. Манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон қай қаладан табылды?
А) Мерке
В) Шілікбалық
С) Алмалық
Д) Тараз
Е) Шаш
61. Орхон-Керулен аралығын монғол тайпалары қай ғасырда мекендеген?
А) ІХ ғасыр
В) Х ғасыр
С) ХІІ ғасыр
Д) ХІІІ ғасыр
Е) ХІІІ ғасыр аяғы
62. Есугей Баһадүрдің баласы Темучин қанша жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді?
А) 10 жылға
В) 13 жылға
С) 15 жылға
Д) 20 жылға
Е) 24 жылға
63. Монғол әскерлері санына орай ондыққа бөлінді. Түменде қанша әскер болды?
А) 10 мың әскер
В) 1 мың әскер
С) 500 әскерн
Д) 100 әскер
Е) 10 әскер
64. Монғолдар Сібір халықтарын, Енисей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды қай жылдары бағындарды?
А) 1206-1210 ж.ж.
В) 1207-1211 ж.ж.
С) 1208-1213 ж.ж.
Д) 1209-1211 ж.ж.
Е) 1210-1214 ж.ж.
65. Шыңғыс хан Жетісу территориясы не үшін жорықтар бастады?
А) Билігін күшейту үшін.
В) Ішкі тартысты болдырмау үшін.
С) Ақсүйектердің қарсылықтарын тоқтату үшін.
Д) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
Е) Құнарлы жайылымдары мен гүлденген қалалары үшін.
66. Алтын Орда мемлекетінде 1357-1380 ж.ж. хандық билік үшін күресте қанша хан ауысты?
А) 17 хан
В) 25 хан
С) 14 хан
Д) 29 хан
Е) 9 хан
67. Бұхарда Махмуд Тараби бастаған билеушілерге қарсы халық көтерлісі қашан болды?
А) 1270 жылы
В) 1262 жылы
С) 1259 жылы
Д) 1238 жылы
Е) 1240 жылы
68. Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталды?
А) Інжу
В) Икта
С) Сойырғал
Д) Түтік
Е) Ұлыс
69. ХІІІ-ХІV ғасырда жазба деректерде Алтын Орда халқын татарлар деп атаған, ал тілі қандай болған?
А) қыпшақ тілі
В) татар тілі
С) монғол тілі
Д) славян тілі
Е) араб тілі
70. Монғол шапқыншылығының зардаптары қандай?
А) Халық жаппай қырылып, өндіргіш күштер әлсіреді.
В) Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениеті жойылды.
С) Шаруашылық құлдырады.
Д) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
Е) Қазақ халқының қалыптасу процесін тежеді.
71. Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде ХІІІ-ХV ғасырдың басында өмір сүрген мемлекетті атаңыз?
А) Алтын Орда
В) Моғолстан
С) Әбілхайыр хандығы
Д) Ақ Орда
Е) Ноғай Ордасы
72. Ақ Орда Алтын Орда бағынбай дербес саясат жүргізуді ойлады. Ақ Орда қай хан тұсында тәуелсіз хандық болып жарияланды?
А) Орда Ежен
В) Орыс хан
С) Ерзен хан
Д) Мүбәрәққожа хан
Е) Сасы-Бұқа хан
73. Ақ Орда мемлекетінің ханы Тоқтамыс кезінде 1389, 1391, 1395 жылдары кімдермен соғыс басталды?
А) Әмір темірмен
В) Астрахань хандығымен
С) Мәскеу княззьдықтарымен
Д) Ноғай Ордасы әмірлерімен
Е) Моғолстан хандарымен
74. Ақ Ордада Орыс ханның немересі Барақтың билік еткен жылдыры:
А) 1414-1428 ж.ж.
В) 1416-1428 ж.ж.
С) 1419-1428 ж.ж.
Д) 1421-1428 ж.ж.
Е) 1423-1428 ж.ж.
75. Мәуеренахр мемлекетін құрушы, 35 жыл бойы елді басқарған Әмір Темір қай тайпадан шыққан?
А) Меркіт тайпасы
В) Дулат тайпасы
С) Барлас тайпасы
Д) Қоңырат тайпасы
Е) Үйсін тайпасы
76. Сырлытам кесенесі қай ғасырға жатады?
А) ХІІІ ғ.
В) ХІV ғ.
С) ХV-ХVІ ғ.ғ.
Д) ХІV-ХV ғ.ғ.
Е) ХVІ ғ.
77. «Хисарда әкімшілік үйлер, әскери тұрақтар, күмбезді, мешіт, базарлар, қолөнер шеберханалары орналасқан» - деп қандай қала туралы айтылған?
А) Түркістан
В) Отыра
С) Тараз
Д) Сауран
Е) Сарайшық
78. Тараз қаласындағы салынған орта ғасырлық кесенені көрсетіңіз:
А) Дәуітбек кесенесі
В) Рабиға сұлтан кесенесі
С) Арыстан баба кесенесі
Д) Жошы хан кесенесі
Е) Алаша хан кесенесі
79. Қай жырау шығармалары туған ел, әскери тұрмыс туралы жырланған?
А) Доспамбет
В) Шалкизі
С) Қазтуған
Д) Сүйінбай
Е) Жиембет
80. ХІІІ басындағы «Ақсақ құлан» күйінің авторы кім?
А) Құрманғазы
В) Қазанғап
С) Ықылас
Д) Түркеш
Е) Кет-Бұғы
81. 1680 жылы жоңғарлардың Оңтүстік Қазақстанға жасаған жорығында аман қалған қаланы атаңыз:
А) Ташкент
В) Жаңакент
С) Сайрам
Д) Түркістан
Е) Исфиджаб
82. Батыр қонтайшыдан кейін 1670 жылы билікке кім келді?
А) Цеван-Рабдан
В) Лама Доржы
С) Даваци
Д) Әмірсана
Е) Галдан Церен
83. Жоңғарияда ламалар дегеніміз кімдер?
А) Мемлекетті басқарушы
В) Салық жинаушы
С) Жердің иесі
Д) Әскери басшылары
Е) Дін басылары
84. Жоңғарларды қазақ хандығы несімен қызықтырады:
А) Қолөнердің дамуы
В) Жайылымдылық жерлері мен оңтүстіктегі сауда қалалары
С) Жер асты пайдалы қазбалары
Д) Малдың санының көптігі
Е) Берілген жауаптың барлығы дұрыс
85. 1643 жылы Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханның сарбазы болған?
А) 100 мың сарбаз
В) 50 мың сарбаз
С) 600 сарбаз
Д) 973 сарбаз
Е) 1 мың сарбаз
86. Орта жүздің территориясы:
А) Тобыл, Есіл, Нұра, Сарысу, өзендері
В) Жайық, Тобыл, Ертіс өзендері
С) Балқаш көлі, Есіл, Ырғыз өзендері
Д) Сырдария, Тобыл, Сарысу, Іле өзендері
Е) Арал теңізі, Нұра өзендері
87. «Қазақ» атауын Жетісуға көшіп кетуші Жәнібек пен Керей бастаған саяси топтың аты ретінде, әуелі «өзбек-қазақ», кейін «қазақ» түрінде қолданған деген пікірді жазған орта ғасырлық тарихшы?
А) Қ. Жалайри
В) М. Қашғари
С) М.Дулати
Д) Ибн-Рузбехан
Е) Әбілғазы
88. ХІІ-ХV ғ.ғ. түркі тілдерінде жазылған деректерде «қазақ» сөзінің мағынасы қандай болған?
А) «еркіндік аңсаушы, батыл»
В) «ержүрек, кезбе»
С) «әскери, көшпелі»
Д) «батыр, ержүрек»
Е) ақылды, дархан
89. Қазақ халқының қалыптасуына әсерін тигізген дулаттар ХІV-ХV ғ.ғ. қай жерлерде тұрды?
А) Балқаш-Зайсан көлдері
В) Қаратау мен Іле Алатауы
С) Шу, Іле, Талас, Ысттықкөл өзендері
Д) Сырдария, Талас, Ақсу өзендері
Е) Арал теңізі, Сырдария, Амудария
90. Кіші жүз Қазақтың қай баласынан тарайды?
А) Ақарыс
В) Жанарыс
С) Бекарыс
Д) Алаш хан
Е) Дұрыс жауабы жоқ
91. “Шектенді” қандай малдың жүнінен тоқыған?
А) Қозының жүні
В) Ешкінің түбіті
С) Қойдың жүні
D) Ботаның жүні
Е) Түйе жүні
92. Қазақ халқы уақыттың басым көпшілігін ат үстінде өткізген. Құранды ер қанша ағаш бөлшектерден құралады?
А) 18-20
В) 10-15
С) 27
D) 5-9
Е) 30
93. Мықты батырлар ғана ұстайтын ауыр қылыш қалай аталады?
А) Семсер
В) Найза
С) Айбалта
D) Алдыаспан
Е) Шоқпар
94. Бәсіре деген не?
А) Күйеу жігітке берілетін сый
В) Төркіндеп келгенде баласына берілетін сый
С) Құда-жекжатқа берілетін сый
D) Келінге берілетін сый
Е) Көшіп келгенде берілетін сый
95. Қырым, ноғай, қазан хандықтары арасындағы ұрыстарда қол бастаған жырау:
А) Марғасқа жырау
В) Шалкиіз жырау
С) Доспамбет жырау
D) Жиембет жырау
Е) Бұқар жырау
96. Көшім хан көрші елдермен қарым-қатынаста болып отырған. Ол өзінің үлкен қызын кімге ұзатқан?
А) Ноғай князіне
В) Қазақ ханына
С) Қазан ханына
D) Орыс патшасына
Е) Бұхар шейхына
97. Көшім тұсында орыс патшасы кім болған?
А) Василий
В) Иван Грозный
С) Анна Йоанновна
D) І Петр
Е) Александр
98. Орыс патшасы Көшім хандығына жағдайды барлап білуге полк воеводасы Афанасий Личеницын басқарған отрядты қашан жіберді?
А) 1579-1573 жж.
В) 1564-1565 жж.
С) 1571-1572 жж.
D) 1577-1576 жж.
Е) 1574-1575 жж.
99. Көшімді Сібір жерінде кімдер қолдап отырды?
А) Шыңғыс хан ұрпақтары
В) Ноғай хандығы
С) Дінбасылар мен саудагерлер
D) Сұлтандар мен ақсүйектер
Е) Қарапайым рулар
100. 1718 жылы қандай шекаралық бекініс салынды?
А) Жайық бекінісі
В) Омбы бекінісі
С) Петропавл бекінісі
D) Семей бекінісі
Е) Тобыл бекінісі
101. XVIII ғ. Қазақ хандығына солтүстіктен қауіп төндірген кімдер?
А) Башқұрттар
В) Сібір казактары
С) Қоқан хандығы
D) Жоңғария
Е) Қытай
102. 1723 ж. жоңғардың 70 мың әскерін қазақ жеріне бастап әкелген қоңтайшы:
А) Цеван-Рабдан
В) Галдан-Церен
С) Әмірсана
D) Лама Доржы
Е) Даваци
103. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама ақ мешін” қайғылы оқиғасының жылдары:
А) 1723-1725 жж.
В) 1722-1725 жж.
С) 1725-1725 жж.
D) 1723-1726 жж.
Е) 1724-1727 жж.
104. “Елім-айлап”, жоңғардан қашқан Орта жүз рулары –
А) Ходжентке
В) Самарқандқа
С) Жайық бойына
D) Тобыл маңына
Е) Ырғыз бойына үдере көшті
105. Сырым Датұлын Орал казактарының тұтқынынан 1784 ж. көктемде босаттырған кім?
А) Барон О.Игельстром
В) Жездесі Нұралы хан
С) Күйеу баласы Жартөре сұлтан
D) Ералы сұлтан (құдасы)
Е) Айшуақ сұлтан
106. С. Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші:
А) Старшындар
В) Билер
С) Ру басылар
D) Қазақ шаруалары
Е) Батырлар
107. Көтерілістік басты мақсаты:
А) Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалануды қалпына келтіру
В) Казактардың қазақ жерлерін басып алуын тоқтату
С) Нұралы ханның озбырлығына шек қою
D) Жоғарыда аталғанның бәрі
Е) Сырымды хан көтеру
108. Көтеріліске дейін “Сырым Датұлы 1775 ж. көтерілісшілер топтары жетекшілерінің бірі” деп қай деректе жазылған?
А) Нұралы ханның Петербургке жазған хатында
В) Ген. Н. Рейнедорфтың Петербургке жазған хатында
С) Ген. А. Суворовтың Петербургке жазған хатында
D) “Инвалид” газетінде
Е) Орынбор поручигі И. Виткевичтің жазушы В. Дальға хатында
109. Қазақ жерінде ең көп аумақты иеленген жүз:
А) Орта жүз
В) Кіші жүз
С) Ұлы жүз
Д) Бөкей Ордасы
Е) Үш жүздің жерлерінің аумағы бірдей
110. Кіші жүздің қамтитын аумағы:
А) Еділден Амударияның жоғарғы ағысына дейін
В) Жайық пен Тобылдан Сырдарияның төменгі ағысына дейін
С) Тобылдан Сырдарияның орта ағысына дейін
Д) Ембіден Жайық бойын дейін
Е) Еділ мен Жайықтың аралығы
111. Бөкей хандығы (Ішкі Орда) құру туралы патша жарлығы қашан шықты?
А) 1800ж., 1 наурыз
В) 1801ж., 1 наурыз
С) 1801ж., 11 наурыз
Д) 1802ж., 15 маусым
Е) 1803ж., 25 қараша
112. Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс императоры:
А) І Александр
В) І Николай
С) ІІ Екатерина
Д) І Павел
Е) ІІ Александр
113. Ішкі Ордадағы хан сарайы үкіметінің қаражатымен қай жерде салынды?
А) Жасқұс
В) Көкқұс
С) Сарай
Д) Теректіқұм
Е) Жманқала
114. 1872ж. Бөкей хандығында құрылған хандық кеңестің неше мүшесі болды?
А) 10 би
В) 15 сұлтан
С) 15 би
Д) 12 би
Е) 20 би
115. Кіші жүздегі Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерлісінің жылдары:
А) 1837-1847ж.ж.
В) 1836-1838ж.ж.
С) 1838-1845ж.ж.
Д) 1836-1839ж.ж.
Е) 1841-1844ж.ж.
116. 1825ж. Бұқар экспедициясына қатысқан, “Кіші жүз руларының картасын” жасаған саяси жер аударылған орыс ғалымы:
А) М.Муравьев-Апостол
В) Г.Семенов
С) Г.карелин
Д) В.Вольховский
Е) Ф.Достоевский
117. Қазақстанда тұңғыш мұражайды желтоқсаншылар қашан және қай жерде ашты?
А) 1826ж.Семейде
В) 1830ж. Ішкі ордада
С) 1831ж. Орынборда
Д) 1835ж. Орынборда
Е) 1834ж. Оралда
118. 1805-1806ж.ж. Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне қай мемлекетпен сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелді?
А) Қазақ өлкесімен
В) Хиуа хандығымен
С)Иранмен
Д) Англиямен
Е) Қытаймен
119.ХІХ ғ. басында Шыңжан мен Қазақ елі арасындағы маңызды сауда орталықтарының бірі-Коряков.
А) Қазіргі Петропавл қаласы
В) Қазіргі Аягөз қаласы
С) Қазіргі Павлодар қаласы
Д) Қазіргі Өскемен қаласы
Е) Қазіргі Жаркент қаласы
120. ХІХ ғ. 30ж. шекаралық бекіністер арқылы өтетін көпестер баж салығын төлеуден қашқан жағдайда
А) Олардың тауарлары ресейлік заңдар негізінде конфискеленді
В) Бұйымдары қазақ өлкесінің әдет ғұрып нормалары бойынша конфискеленді
С) Патша түрмелеріне жабылды
Д) Ақшалай айып-пұл салынды
Е) Сауда жасауына тыйым салынды
121. 1821ж. Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы жүздегі қазақ шаруаларының көтерлісін кім басқарды?
А) Жоламан Тіленшіұлы
В) Жанқожа Нұрмұхамедұлы
С) Есет батыр Көтібарұлы
Д) Тентектөре батыр
Е) Сүйік Абылайханұлы
122. Кіші жүздегі Арынғазы хандығын бағындыру үшін 1820ж. 2 мыңдай қазақ ауылын орындаған кім?
А) Бұқар імірі
В) Ташкент билеушісі
С) Хиуа хандығы
Д) Қоқан хандығы
Е) Ресей патша өкіметі
123. Жетісу өлкесінің Ресей құрамына кіруіне не әсер етті?
А) Қоқан үстемдігінің күшеюі
В) Жетісу қазақтарының Ресеймен саяси және сауда байланыстарының дамуы
С) Қытай тарапынан қоқан-лоқының күшеюі
Д) Патша өкіметінің қорқытып-үркіту саясаты
Е) Барлық жауап дұрыс
124. Ұлы жүздің қай руы бірінші болып, 1817ж., Ресей бодандығын қабылдады?
А) Үйсін
В) Дулат
С) Жалайыр
Д) Ошақты
Е) Суан
125. 1847ж. Оңтүстік Қазақстанда салынған Ресей әскери бекіністері
А) Лепсі, Қапал, Көкпекті
В) Сергиполь, Таушүбек
С) Мерке, Шымкент, Әулиеата
Д) Ақтау, Алатау, Қапал
Е) Көксу, Іле, Верный

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет