1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасының негізгі бағыттарын сараптаңыз



бет41/65
Дата25.12.2021
өлшемі300,66 Kb.
#105377
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары

47. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасының негізгі бағыттарын сараптаңыз.

Баршаңызғы белгілі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасын жария етті. Тұжырымдамада халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, Үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру үшін 20 тапсырма жүктеді. Елбасы тапсырма беріп қана қоймай, қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға терең талдау жасады. Тапсырманың орындалуы бойынша Елбасы ай сайын сараптама жасап отыратындығын да нақты айтты.


Осы тапсырма арқылы Елбасы біздің қоғамда азаматтарды еңбекпен қамту, жұмыспен қамту қазіргі ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту арқылы шешуге болатындығын баса айтты.
Енді, сол тапсырмаларға тоқталып өтсек.
Тұжырымдамадағы 1,2,3 тапсырмаларға орай орталық мемлекеттік органдарға елімізді әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлеуді жүктеді. Біз осы жоспарды орындау бойынша нақты іс-шараларды атқаратын боламыз.
Ал, құжаттағы 4, 5 тапсырмаларда аталып өткендей әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді модульдерін қалыптастыру қажет. Сондықтан өзін өзі жұмыспен қамтыған белсенді халықтың жағдайын және еңбекпен қамту саласының мүмкіндіктерін саралай отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойысу, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдісін жетілдіру керек.
Ал, 6-шы тапсырмада Үкіметке 2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдауды; ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізуді тапсырды.
Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Сондықтан біліктіліктің ұлттық жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін «жол картасы» да болуы қажет.
7-ші ТАПСЫРМА
Үкіметке «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорын­дарға тексеру жүргізу бөлігінде рати­фи­ка­цияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы; Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекс­терге еңбек дауларын әдейілеп туын­дат­қаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізу туралы; әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орын­да­ма­ғандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы мәселелерді қарау тапсырылды.
Осыған орай, еңбек дауларының алдын алу, ескеру және реттеу қажет. Әсіресе, бүгінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту, әлеуметтік-еңбек дауларын туын­дат­қаны үшін құқықтық жауапкершілікті қолға алуды енгізу қажет. Сонымен қоса, не Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындат­қаны үшін жұмыс берушілер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке шақыру баптары қарастырылатын болады.
8-ші ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлт­тық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүр­гізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізуді; медиация институтын дамытуға бағыт­талған заң аясындағы құқықтық базаның қабылдануын қамтамасыз етуді; даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеудің осы тетіктерін дамыту мақ­са­тын­да Медиаторлардың ұлттық конференциясын өткізуге бастамашылық таныту жөнінде тапсырма берді.
Осы орайда еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажет.
Еңбек дауларының негізгі себептері ретінде екі мәселе атап көрсетілді: бірінші – жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселе­лерінен шеттетілуі, екінші – даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің әлсіздігі.
9-шы ТАПСЫРМА
Елбасы Үкіметке жыл аяғына дейін кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізіп және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасауды міндеттеді.
Бұл ретте кәсіптік одақтар институттарын жаңғырту жұмыстары атқарылатын болады.
Елбасы мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі негізгі әріптестерінің бірі – кәсіподақтар екендігін атап айтты.
10-шы ТАПСЫРМА
ҚР Үкіметіне ең тө­менгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепіл­дік­терді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту бәрінен бұрын барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға және әлеуметтік дүбәралыққа жол бермеуге бағытталуы керек. 2020 жылға қарай экономиканың өсуі ғана емес, әлеуметтік құрылымның ауқымды өзгеруі орын алатындықтан да бұл өте маңыздылығын айтты.
Бұл орайда көшбасшымыз әрбір қазақстандық өзінен бас­тауы керек: өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан бас­тауы, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін, мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнау мүмкін еместігін басымдықпен айтты.
11-ші ТАПСЫРМА
Үкіметке жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасауды және енгізу жөнінде тапсырма берілді.
Ең біріншіден тұрғын үй жағдайының үлгі-қа­лыптары- қолжетімділік пен жайлылық.
Тұрғын үй, үй, пәтер – әрбір қазақстандық үшін бірінші дәрежелі мәселе, мұның өзі жеке бастың өмірі мен отбасындағы жақсы ауанның сенімді негізі, бұларсыз әл-ауқат пен өнімді еңбекке атымен қол жетпейді.
Сондықтан Елбасы тапсырмасы бойынша қазірдің өзінде «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» және «ТКШ-ны жаңғырту» атты жаңа ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ал, оның үстіне жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту мақсатында заңнаманы жетілдіріле түсетін болады.
12-ші ТАПСЫРМА
Жоо-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым минис­трлігімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз ету бағдарламасын дайындауда.
Білім беру жүйесіне Қазақстан тұрғындары­ның үштен бір бөлігіндейі тартылған. Мұндағы ең маңыздысы біздің балаларымыздың нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні, қалыптасатыны және есейетіні. Сондықтан да бүкіл жаңғырту үдерісінің та­бысқа жетуінің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып табылады.
Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргізілгендігі жөн деп есептейді:
1. білім беру мекемелерін оңтайландыру;
2. оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту;
3. білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.
13-ші ТАПСЫРМА
2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде бі­лім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді; Қазақстан тарихы бойынша оқу жос­пар­ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын тал­­дау­дан өткізіп, оқу орындарында Қазақ­стан тарихын оқытудың мазмұны мен пі­шінін өз­герту жөнінде іс-шараларды жүзеге асыру; орта, техникалық және кәсіптік, жо­ға­ры оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс енгізу.
14-ші ТАПСЫРМА
Егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттеу; жыл аяғына дейін емдік құрал­дарды пайдалануға қатысты тұрғындардың хабардарлығы деңгейін арттырудың пәр­мен­ді тетіктерін енгізу.
Бұл орайда әрбір қазақстандық үшін басты құндылық – өзінің денсаулығы болуы тиіс. Елбасы тарапынан а Тәуелсіздіктің барлық жылдарында халық денсаулығына бөлекше көңіл бөлінуде.
15-ші ТАПСЫРМА
Оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен әріптестіктің жаңа түрлерін талдап-жасау:
Сондықтан Елбасы әрбір қазақстандық саламатты өмір салтынсыз, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін емес екенін білуге тиіс екендігін атап өтті.
Әрбір елді мекенде, соның ішінде ауылдық жерлерде, сондай-ақ әрбір мекеме мен кәсіпорында белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін бірте-бірте жағдай жасау қолға алынатын болады.
16-шы ТАПСЫРМА
Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін әзірлеу; қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысуын ұлғайту жөнінен ұсыныстар енгізу. Сонымен бірге құзырлы органдарға мамандандырылған спорт­тық теледидар арнасын құру жөнінде ұсыныс енгізу тапсырылды.
17-ші ТАПСЫРМА
«Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» арнайы заңды әзірлеу туралы; Президент жанындағы Әйелдер істері және от­ба­сы­лық-демографиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссиямен бірлесіп ата-ана­лардың балаларының балабақшаларда болуын төлеу жөніндегі шығындарының, олардың отбасындағы санына байланысты, бір бөлігіне өтемақы төлеуді, бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұ­мысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, ҚР Салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін та­быс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді және басқаларды заңды тұр­ғы­да реттеу мәселелерін қарастыру тапсырылды.
Сондай-ақ, Президент жа­нын­дағы Жастар саясаты жөніндегі кеңеспен бірлесіп, «Мемлекеттік жастар саясаты ту­ралы» ҚР Заңына жас маманның мәр­тебесін құқықтық айқындау, оның ең төменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қарастыруды; жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзірлеу арқылы көпбалалы отбасыларды қамқорлық көрсету, жастарды қолдау, көтермелеу, белсенділігін арттыру шараларын қарастыру тапсырылды.
18-ші ТАПСЫРМА
«Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, енгізу; «Мемлекеттік қызметтерді электронды пішінде көрсету туралы» заң жобасын әзірлеу; мемлекеттік қызметтер ұсыну үлгілерін және олардың орындалуына бақылау жасау жүйесін құру; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп «электронды әкімдіктің» облыс, қала, аудан үлгісіндегі үш деңгейлі бірүлгілік сызбасын құру жөнінен ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Сонымен бірге, 2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз ету; журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп Журналистік этика кодексінің жобасын әзірлеу; отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспарын әзірлеу міндеті жүктелді.
19-шы ТАПСЫРМА
Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын әзірлеп, қабылдау, «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» заң жобасын Парламентке ұсыну;
мемлекеттік ұлттық, кәсіптік және басқа да мерекелерді тойлау тұжы­рым­дамасын жаңарту; бұқаралық іс-шаралар өткізудің бірүлгілік ережесін бекіту; Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдерімен бірлесіп облыстар арасындағы ақпараттар және мәдени жетістіктер алмасуды күшейту, өзара «облыс аптасын» тұрақты өткізу, әлеуметтік бұқаралық іс-шаралар өткізу моделін әзірлеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
20-шы ТАПСЫРМА
2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбас­шы­лық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиім­ділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар енгізу; азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттеу; Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеу тапсырмасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет