1 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері



Дата07.02.2022
өлшемі15,61 Kb.
#96254
Байланысты:
зертт
биология тарбие, биология тарбие, биология тарбие, биология тарбие

Кіріспе
1 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1 Зерттеу құзыреттілік, мәні және мазмұны
1.2 Зерттеушілік құзыреттіліктің білім берудегі орны
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
2 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша эксперимент жұмысының мазмұны
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру моделі
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың тәжірибелік.эксперимент жұмысы бойынша талдауы және нәтижелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы – мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда.
Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту) - оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор. Тақырыпты таңдағанда «мені не қызықтырады?» - деген сұраққа жауап беру керек.
Тек мұғалім оқушыға жоба жаза алатынын және жақсы идеялардың барлығы да жазу кезінде болатынын түсіндіріп, оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады.
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет