1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз



бет105/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
110. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз.:
Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мемлекеттік тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан қүрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, халықтың эртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен қүқықтарын қорғау, түрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп түрды.1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болып . Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысуы коммунистік партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. 1991 жылғы қыркүйек айында өткен республика Коммунистік партиясының төтенше съезінде Қазақстан коммунистік партиясы өз қызметін тоқтататынын мәлімдеді. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санай тын Қазақстан социалистік партиясы қүрылды. Оның қүрамында сол кезде 50—60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай жэне партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.1991 жылы қазанда жетекшілері Олжас Сүлейменов пен Мұхтар Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды.Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды.
.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет