1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


-билет 1.Оқытуда басқару және көшбасшылық



бет82/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³
6 сынып2 токсан, Дополнительные материалы (мультимедийные материалы, ссылки на электронные ресурсы и т.д.)-1672752761123, Лекция-1670146276988, Рахимгалиева Д. тапсырма, Рахимгалиева Диана. химия есеп
30-билет
1.Оқытуда басқару және көшбасшылық
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі.Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек.Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын,кәсібилікке бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет.Бұл тәсілдің аясында көшбасшы- мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып,мұғалімнің тіжірибесі жетілдіріледі.Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өз қолымен жасайды.Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін,көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:
· Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
· Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
· Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
· Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды.МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес «мұғалім- дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған.Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады,мысалы:әріптестер арасындағы пікірталастар.желіде орналастырылған есеп беруді оқу,оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау,әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу.Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес,диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.
Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту..
Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетітін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет