1-билет Қозғалыс жүйесін зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары



бет8/38
Дата10.11.2023
өлшемі10,97 Mb.
#190796
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
1-20 билет
1 қыркүйек Тәрбие 2 сынып
Билет №6
1. БМН бульбарлы топтары. Зақымдану симптомы. Зерттеу әдістері. Бульбарлы және псевдобульбарлы синдром.
2. Созылмалы ми ишемиясы. Классификациясы, этиология, қауіп - қатер факторы , ем. Біріншілікті және екіншілікті инсульттің профилактикасы.
1. 9-Тіл-жұтқыншақ нервісі, 10- кезбе нерв, 12-тіл асты нервісі
Зерттеу әдістері:
Аузын ашып, а дыбысын айту-Зақымдалған жақта жұмсақ таңдай салбырайды, қозғалғыштығы азайған.
Бірнеше сөйлемді дыбыстап айту-Дауыс мұрындық типке ие
Бірнеше жұтым су ішу- шашалу, сұйық астың мұрынға кетуі.
Көмейлік рефлексті тексеру үшін-шпательмен артқы қабырғасын тітіркендіру: құсу немесе жөтел пайда болады.
Зақымдану симптомдары:
Гипогевзия немесе агевзия- жұтқыншақтың жоғарғы жартысында, тілдің артқы үштен-бірінен сезімталдықтың жоғалуы
Парагевзия-дәм сезудің бұрмалануы.
Болу мүмкін шағымдар:

  • Жұтқыншақтың ауырсынуы және парестезиясы

  • Тілдің артқы 1/3 дәм сезуінің жоғалуы

  • Фонация, артикуляция, жұтынудың бұзылуы (дисфагия, дизартрия, дисфония)

Бульбарлы салданулар

Псевдобульбарлы салданулар

  • Тілдің көлемінің азаюымен және қатпарларының пайда болуымен тіл бұлшықетінің атрофиясы, тіл асты

нервсінің ядросының зақымдануы кезінде тіл бұлшықетінде
фибрилляция пайда болады;

  • Жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың

артқы қабырғасынан рефлекстері
төмендейді немесе жоғалады;

  • Жөтел және құсу төмендейді немесе жоғалады;

  • Ықылық болмайды

  • Дисфагия, дизартрия, дисфония, назолалия.

1.Тіл бұлшықеттерінің атрофиясы жоқ; 2.Жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың артқы қабырғасының рефлекстері жоғарылайды;
3.Жөтелу және құсу рефлексі күшейеді;
4.Мандибулярлық рефлекс жоғарылайды;
5.Ықылық жиі пайда болады.;
6.Оральді автоматизм рефлекстері пайда болады;
7.Зорлықпен күлу және жылау;
8.Дисфагия, дизартрия, дисфония аз байқалады.
Псевдобульбарлық салдану кортиконуклеарлық
жолдардың екі жақты зақымдануы кезінде пайда
болады және жиі пирамидалық және мишық жолдарының зақымдануымен үйлеседі.




2 сұрақ
Бас миының созылмалы ишемиясы- церебральды қанайналымның ұзақ уақыт жеткіліксіздігінен туындайтын диффузды немесе ұсақошақты ми тінінің зақымдалуымен жүретін өте баяу өршитін мидың дисфункциясы.
Бас миының созылмалы ишемиясының (БМСИ) негізінде ми тамырларының реактивтілігінің бұзылысы, гипоксияға бас миының бейімділігінің төмендігі, бас миындағы зат алмасу бұзылыстарымен ұзақ ми қанайналымының жеткіліксіздігі жатыр.
БМСИ дамуының негізгі себептері:
> артериальды гипертензия
> ішкі ұйқы артериясы мен омыртқа артериясының,
магистральды тамырлардың атеросклерозы
>екінші типті қант диабеті
>жүрек аурулары(ЖИА, ритм бұзылыстары т.б.)
>генетикалық бейімділік
>қарттық жас
>отыру өмір салты
>семіздік
>ревматизм
>васкулиттер
>алкоголизм, темекі шегу
Осы аталған барлық патологиялық факторлар, ми
қанайналымының жеткіліксіздігіне, оның формасының салыстырмалы сақталуымен немесе дисциркуляцияның қысқа мерзімді эпизодтық қайталамалы түрлеріне алып келеді. БМСИ құрайтын патологиялық өзгерістер, өзіне нейродегенерация үрдістерін, ақпаратталған клеткалардың өлуін, қабынуын қамтиды.
Классификация БСМИ(Гусев Е.И., Скворцова В.И.
Негізгі клиникалық синдромына байланысты:
диффузды цереброваскулярлы жеткіліксіздікпен;
каротидті немесе вертебральды-базилярлы жүйенің тамырларының зақымдалуына байланысты;
"вегето-тамырлық пароксиздермен;
психикалық бұзылыстармен байқалатын.

Сатысы бойынша:


бастапқы көріністер;
“субкомпенсация;
декомпенсация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет