1. Д. А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі. Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993)



бет1/11
Дата07.02.2022
өлшемі59,64 Kb.
#93612
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тарих семинар



1.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912–1993) — аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 12 қаңта- рында Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына қатысып, қайраткерге былай деп баға берді: «Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін арқалаған талай толағай тұлғалар болды. Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — сондай біртуар болмыс иесі... Дінмұхамед Ахметұлын үлкен ішкі мəдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тəжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді».Мемлекет басшысы Д.А.Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы еңбегін жоғары бағалады. Елбасының осы сөздерінен Қазақстанның дамуына зор үлесін қосқан тұғырлы тұлғаға деген бүкілхалықтық шынайы құрмет, асылын ардақтай білетін елдік қасиет байқалды. Д.А.Қонаев қандай жағдайда да өз биігінен табыла білген, кейінгі ұрпақ қастерлеуге лайықты тұлға.
Бүгінгі күнде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз өткен ХХ ғасырдың 50–70-жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары мен экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тəуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тəуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақ Өлкелік комсомол комитеті оны Мəскеудің түсті металдар мен алтын институтына оқуға жібереді. 1936 жылы Мəскеудегі түсті металдар мен алтын институтын тəмамдап, тау-кен инженері деген мамандық алады. Институтты аяқтай сала арнайы жолдамамен келіп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері жəне оның директоры болып істейді.
Қоңырат кенішінде Д.А.Қонаев өз маңына адамдарды топтастыра біліп, олардың күш-жігер, қайраттарын арттырып, жұмысқа шыңдала кірісулеріне ықпал жасады. Сол кездегі жағдай адам төзгісіз еді: жазда — қайнаған қапырық болса, ал қыста — қақаған аязды борандар адамның үрейін алатын, азық-түлікпен қамтамасыз ету жағы да дұрыс жолға қойылмаған еді. Бітпейтін алысқа созылған ұшы-қиырсыз кең дала, жақын маңайдағы — 500 шақырым жердегі тұрғылықты жерге дейін салынған жол да жоқ. Тек ұшақпен ғана жете аласың. Ал 30-жылдардың басында қанша ұшақ болды дейсіз? Соған қарамастан, еңбекшілердің қажырлы күш-қайратының нəтижесінде Қоңырат кеніші мен Балқаштағы мыс қорыту комбинатын тұрғызуға қатысты ұйымдастыру жұмыстары, белгіленген жоспардан асып, 150–200 пайызға орындалды. КСРО Жоғары Кеңесінің 1939 жылғы 26 наурыздағы Жарлығымен Д.А.Қонаев «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталады. Бұл оның тұңғыш наградасы еді.
Қазақстан Компартиясының басшысы Н.А.Скворцов 1939 жылы 9 қарашасында Д.А.Қонаевты Риддер кенішіне директорлыққа тағайындайды. Риддерге Д.А.Қонаев келген кезге дейін пайдалы руда қазбасын табу жоспары орындалмады, жердің бетін жоғары жақтан көлденеңінен қопару жұмыстары аяқталып, тұрақты жұмысқа кірісу ісі арманға айналғандай еді.
Оның алдында тұрған негізгі міндет құрылып жатқан пайдалы қазбалармен қамтамасыз ететін фабриканы іске қосу жұмыстарын дайындау жəне осы кен ошағын пайдалы рудаларға толтыру керек болды. Ал пайдалы қазбалар өте аз табылатын. Риддердің жұмысын тоқтатып, оны жабудың сəті келгендей-ақ еді. Бұл кезең 1940 жылдарға тұспа-тұс келді. Еуропа мемлекеттері соғыс құшағына оранғандықтан, еліміз де қан майданға əзірленіп жатты. Тура осы жағдайда мыс, құрыш, қалайы немесе басқа түсті металдардың қаншалықты қажеттілік пен сұраныс тудырғандығын айтпаса да болады. Д.А.Қонаев осы өлкедегі жұмысы тоқтауға жақын қалған кен ошағына 1939 жылдың қараша айында келді.
Д.А.Қонаевтың келуімен кен орындарындағы жұмыстардың бəрі өзгеріп, өндіріс жанданып, өнім өндірудің көлемі артты. Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде де ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің жəне КСРО қорғасын-мырыш өнеркəсібінің ең ірі кəсіпорындарының бірі — Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.
1942 жылдың сəуір айында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.А.Скворцов Лениногордан Д.А.Қонаевты Орталық Комитетінің қарамағына шақыртып алады да Қазақ КСР Халық комиссариаты төрағасының орынбасарлығына ұсынады. Осыдан бастап Одақтың қарамағындағы өнеркəсіп орындарының жұмысымен айналысатын болды. Д.А.Қонаевқа түсті металлургия кəсіпорындарының қызметін бақылап, көмектесу міндеті жүктелді. Сонымен қоса ол көмір жəне мұнай өнеркəсібін, электр желілері, темір жол тораптары, автокөліктер кəсіпорны мен қорғаныс зауыттарының қызметіне бас-көз болып, сан салалы жұмыстарды ерлікпен атқара білді. Сол кезде жасы небəрі 30-да ғана еді.
Ұлы Отан соғысы жылдарының алғашқы кезеңінде, яғни 1941–1942 жылдары, неміс-фашист басқыншылары КСРО-ның Мəскеуге дейінгі батыс аудандарын басып алған болатын. Сондықтан Сталин басқарған Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қазақстаннан вольфрам мен молибден концентратын күрт көбейтуді талап етті. Себебі танкілердің сауытының мықтылығы оның құрамындағы вольфрам мен молибденнің пайыздық мөлшерде жеткілікті болуына тікелей байланысты болатын. Сондықтан да Д.А.Қонаевқа Ақшатаудағы вольфрам комбинатының салынуын жеделдету міндеті тапсырылды. Сонан кейін Балқашқа барып, Қоңыраттың қалайы руда кендерінен алынатын молибден концентратының құрамын тексеріп жақсарту ісі тұрған еді. Бұл үшін ең алдымен кен көзінің бар-жоқтығын тексеруге барлау жасап, өндіріс орнын тұрғызу міндеті тұрды.
Ең алдымен Д.А.Қонаев шағын көмекші тобымен бірге Ақшатауға ұшып келеді. Ол қысқа мерзім ішінде, қысылтаяң уақытқа қарамастан, Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің тапсырмасынатқарып шығады. Бір апта ішінде геологтардың ондаған барлау жұмыстарын өз көзімен көріп, сараптама жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет