1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Ақпараттық дүниетаным туралы жазыныз



бет2/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы
3 сынып ҚМЖ жаңа.472-бұйоық., Japonya’da birleştirilmiş sınıf uygulamaları ve tarihçesi-, Дамытушы сипаттағы сабақтарды ұйымдастыру
3.Ақпараттық дүниетаным туралы жазыныз
Ақпараттық дүниетаным-бұл объективті әлемге, ондағы адамның орнына деген қоғамдық көзқарастар жүйесі. Бұл анықтама дүниетанымды қалыптастыратын білім екенін және адамның қалыптасуы мен жаңа білімді игеруіне байланысты өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді. ақпараттық дүниетанымының құрамдас моделінің негізгі құрамдас бөліктері – когнитивтік, аксиологиялық және әрекеттік-тәжірибелік болып табылады. Ақпараттық дүниетанымның когнитивтік құрамдас бөлігі негізгі ғылым ретінде информатика мен ақпараттық технологиялар төңірегіндегі білімді меңгерумен; табиғи, әлеуметтік, және техникалық (жүйелік-ақпараттық тәсіл) - жүйелердегі ақпараттық үдерістердің жалпы заңдылықтарын түсінумен; ақпараттық қоғам туралы толық ұғымдардың болуымен; ақпараттық технологияларды қолдануды іске асыратын оның әдіснамасын игерумен; коммуникация аясындағы жете білушілік - ақпараттық өзара әрекет пен өзара қатынаспен байланысты. Ақпараттық дүниетанымның аксилогиялық құрамдас бөлігі ақпараттық ортадағы жеке тұлғаның ақпараттық әрекетіндегі: құқықтық, этикалық және адамгершілік нормаларының құндылық-мағыналық маңыздылығымен; өзінің ақпараттық әрекетінің рефлекциясы және ақпараттық өзара әрекеттестік пен өзара қатынас тәртібінің өнегелі реттеуші тәжірибесімен; таным мақсаттарында, шығармашылық қызығушылығында және жеке тұлғалық іске асыруда ақпаратты таңдау, қолдану Ақпараттық дүниетанымды қалыптастыру моделі Құрамдас Функционалдық Деңгейлік - когнитивтік; - аксиологиялық; - әрекеттіктәжірибелік. - гносеологиялық; - бағалау-рефлекстік; - нормативтікреттеуші; - коммуникативтік; - жобалау-болжаушы. - жағдайлық; - фрагменттік; - жүйелік. және құруымен; ақпараттық ортадағы – зорлық, зомбылық, өнегесіздік, талғамсыздық секілді кері әсерін сын-тұрғысынан бағалауымен; меңгерген ақпараттық әрекеттің білімін, білігін, дағдысын қолдану жауапкершілігі және оларды қоғамда қолдануды іске асыруымен; жеке тұлғаның адам-машиналық жүйесіндегі дамуы мен денсаулығы, адам өмірінің құндылығы мен компьютерлік технологияларды қолдану шекарасын меңгеруімен; ақпараттық экология мәселелерін білу және оларды ақпараттық қоғам жағдайында жеңе білу қажеттілігімен байланысты. Ақпараттық дүниетанымның әрекеттік-тәжірбиелік құрамдас бөлігі оның кәсіптік бағытымен: білім алушылар үшін ақпараттық дүниетанымды тасымалдаушысы ретінде информатика оқытушысы өзін санауымен; білім саласындағы ақпараттық үдерістерді талдау үшін жүйелі-ақпараттық тәсілді; информатика және ақпараттық технологиялар аясындағы дүниетанымның ерекшелігін меңгеруімен; оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру қажеттілігімен; ақпараттық ортадағы оқушылардың болжайтын құндылық-мағыналық бағытын және оларды жеңе білу тәсілдерін ұсынумен; оқушылардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру әдіснамасы және әдістемесін меңгеруімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет