1. Деректану ғылымы нені зерттейді? a. қалалар мен қоныстардың орындары тарихи деректер



Дата13.12.2022
өлшемі23,14 Kb.
#162483
Байланысты:
Деректану 1нұсқа тест


I-нұсқа
1. Деректану ғылымы нені зерттейді?
a. қалалар мен қоныстардың орындары тарихи деректер
b. халықтың әдет-ғұрпы
c. тарихи деректер
d. бұқаралық ақпарат құралдары

2. Деректану өзіндік зерттеу нысаны бар пән ретінде қашан қалыптасты ?
a. ХІХ ғ. 2-ші жартысында
b. Қайта өрлеу дәуірінде
c. XVII ғасырда
d. XVIII ғасырда
3. Зерттеушілердің тәжірибелік-эмпирикалық және ғылыми-танымдық іс әрекеттерінің барысында қалыптасқан, зерттеудегі объектілер мен құбылыстардың мәні мен ерекше белгілерін тұтас және жалпылама ашатын ойлау формасы қалай аталады?
a.Деректер
b.Терминдер
c.Ұғым
d.Шежіре
4.Деректану ғылымы қандай түрлерге бөлінеді ?
a. нақты және болжамдық
b. теориялық және қолданбалы
c. заттай және жазба
d. батыстық және шығыстық
5. Ұғымның сөздік, табиғи тілдік айтылуы қалай аталады?
a. Ұғым
b. Шежіре
c. Деректер
d. Терминдер

6. Деректі талдаудың бірінші кезеңін көрсетіңіз.
a. Деректі тауып, қалпына келтіру
b. Деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау
c. Мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізу
d. Бірнеше деректердің мәліметтерін салыстыру

7. Деректі талдаудың екінші кезеңін көрсетіңіз.
a. Мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізу
b. Деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау
c. Деректі тауып, қалпына келтіру
d. Бірнеше деректердің мәліметтерін салыстыру

8. Қазақстандық деректану дамуына зор үлесін қосқан ғалымдарды көрсетіңіз.
a. Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, Е.Бекмаханов
b. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев
c. Қ.Сәтбаев, У.Ахметсафин, М.Айтхожин
d. В.Томсен, В.Радлов, С.Малов, С.Кляшторный

9. Рашид ад-Диннің ХІІ-ХІІІ ғғ. монғол және түрік тайпалары мен халықтарының тарихы жөніндегі еңбегі қалай аталады ?
a. « «Шыңғыс-наме»
b. «Шайбани-наме»
c. «Зафар-наме»
d. «Жамиғ ат-Тауарих»

10. Түрік жері мен Орта Азияның мұсылман бөлігі жайында араб тілінде жазылған географиялық шығармалардың ішінде толық мәлімет беретін «Худад әл-Алам» еңбегін (Х ғ.) кім жазды ? 
a. Авторы белгісіз
b. Әл-Масуди
c. Ибн Фадлан
d. Әл-Йакуби

11.Әмір Темірдің өмірі мен қызметінің толық ресми тарихы болып табылатын Шараф ад-дин Әли Йаздидың еңбегін көрсетіңіз.
a. « Зафар-наме»
b. «Тарих-и Рашиди»
c. « Шайбани-наме»
d. «Тарих-и джахангуша»


12. «Мунтахаб ат-таварих-и Му'ини» еңбегінің авторы кім ?
a. Жувейни
b. Рашид ад-Дин
c. Шараф ад-дин Әли Йазди
d. Му'ин ад-дин Натанзи

13. «Тарих-и Рашиди» еңбегі қай тілде жазылған ?
a. ортаазиялық парсы тілінде
b. монғол тілінде
c. араб тілінде
d. қытай тілінде

14. Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөніндегі Фазлаллах ибн Рузбиханның (XVI ғ.)аса маңызды еңбегі қалай аталады ?
a. « Тарих-и Рашиди»
b. «Зафар-наме»
c. «Тарих-и Абулхайр-хани»
d. « Михман-наме-йи Бухара»

15. XVII ғ. аяғында Қазақстан мен Орта Азия туралы барлық картографиялық материалдарды қорытқан орыстың көрнекті ғалымын көрсетіңіз.
a. С. Есипов
b. С. Мальцев
c. С. Ремезов
d. Б. Доможиров

16. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы туралы деректер қай авторлардың жазбаларында кездеседі ?
a.дұрыс жауабы жоқ
b. антикалық, парсы, қытай
c. еуропалық, орыс, түрік
d. армян, сириялық, египеттік
17. Зерттеу объектісі (тарихи шындық) мен субъектіні (тарихшыны) жал- ғастырып тұрған буын қалай аталады?
a. тарихи дерек
b. деректеме
с. ұғым
d. анықтама
18. “Тарихи дерек дегеніміз — адам психикасының іске асқан жемісі” деп жазған ірі академик кім?
a. А.С.Лаппо-Данилевский
b. П. Паллас
c. А. Левшин
d. Н. Бичурин

19. «Цянь Хань шу» («Хань әулетінің тарихы») еңбегінің (б.з.б. І ғ. – б.з.-ң І ғ.) авторын көрсетіңіз.
a. Бань Чжао
b. Сыма Цянь.
c. Бань Гу
d. Сюань Цзан
20. Геродоттың «Тарих» атты еңбегінің нешінші кітабы ертедегі Қазақстан тарихы үшін маңызды болып табылады ?
a. бірінші
b. екінші
c. төртінші
d. алтыншы

21. Махмұд ибн Уәлидің Қазақстан тарихына қатысты мәліметтер беретін XVI ғ. соңы мен XVII ғ. басындағы құнды еңбегін көрсетіңіз?
a. «Бахр әл-Асрар»
b. «Бабыр-нама»
c. «Түріктердің генеалогиясы»
d. «Түркімен шежіресі»
22. ХІІІ-XIV ғғ. жататын Монғолияны мекендеген түркі тайпаларының тарихына, тілі мен этнографиясына қатысты деректер кездесетін, жазба мұраны көрсетіңіз.
a. «Монғолдың құпия шежіресі»
b. «Тан әулетінің жылнамасы»
c. «Кодекс куманикус»
d. «Шыңғыс-нама»

23. Күлтегін батыр жайындағы дастанның авторын тап?
a. Тоныкөк
b. Озмыш тегін
c. Йоллығ тегін
d. Кетбұға

24. Қазақтың қай ханының билігі туралы Бұқар жырау Қалқаманұлының өз толғауларында мәліметтер келтіріледі ? 
a. Жәңгір ханның
b. Абылай ханның
c. Әбілқайыр ханның
d. Тәуке ханның

25. Қазақстан тарихы жөніндегі бұқаралық деректердің бірінші тобына жатады:
a. Қазақ шежірелерінің деректері
b. Қазақ-орыс қатынастарының құжаттары мен 
материалдары
c. Патша үкіметінің заң актілері
d. Қазақ даласында болып, көзімен көргендердің жазбалары
1 нұсқа жауаптары:

  1. С

  2. А

  3. С

  4. B

  5. D

  6. B

  7. A

  8. A

  9. D

  10. A

  11. C

  12. D

  13. A

  14. D

  15. C

  16. B

  17. A

  18. A

  19. C

  20. C

  21. A

  22. A

  23. C

  24. B

  25. D


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет