1 дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде Әдебиеттер



бет58/59
Дата09.01.2022
өлшемі1,2 Mb.
#110414
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
ЛЕК 1
Қосымша 1, 123, Мақсатын кою, жол ережесі
Әдебиеттер:

  1. Гидденс Э.Социология, М: Эдиториал, УРСС, 1992

  2. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология .- М., 1998

  3. Фролов С.С. Основы социологии. - М., 1997

  4. Харчев В. Основы социологии. -М., 1997


Жоспар:

1.Білім әлеуметтануының зерттеу пәні.

2.Білім әлеуметтік институт ретінде.

3.Білімнің негізгі функциялары: мәдени, тәрбиелік.

4.Білімнің әлеуметтанулық теориялары.

5.Дау-жанжалдық ыңғай және білім жүйесіндегі теңсіздіктер.


1. Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, социология секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру социологиясы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Социологияның мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудырушы қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.

Білім беру социологиясының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т.б.), сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру социологиясы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулері: қоғамдық өндіріс элементтері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементтері, рухани өмір элементтері мәселесін зерттейді. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны), оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, ұжым мен топ арасындағы қатынас, мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ, мұндай мәселелер білім беру социологиясының саласы ретінде педагогика социологиясын қалыптастырады.

Білім беру социологиясының өзіндік ерекше міндеттері бар:

білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін, түсініп, бағалау;

олардың әлеуметтік маңыздылық контекстіндегі білім сапасын және деңгейін бағалау;

қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы, оның әлеуметтік құндылықтарын зерттеу;

әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету;

рухани қажеттіліктер мен мүдделер динамикасына оның әсер ету деңгейін анықтау.

2. Білім беру социологиясының негізін М.Вебер және Э.Дюркгейм қалаған. Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси процестермен байланысын, сонымен қатар социологиялық көзқарас бойынша оқу орындары мен педагогикалық процестерді зерттеді. Кейінірек Т.Парсонс білімді қазіргі қоғамда әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді, оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды (рөлдер мен нормалар жүйесі). Осы тұрғыдан алғанда мектептер, сыныптар, әлеуметтік психологиялық орта, топтық процестер, жанжалдың шығу тегі, оқыту тәсілі, социометриялық құрылымдарға ие болатын білім алушылардың бейресми топтары зерттеледі. Н.Гросс, Р.Будон, Р.Коллинс білім алушының әлеуметтік жағдайын, оның оқу жүйесіндегі жетістіктерін, сондай-ақ білім мен әлеуметтік стратификацияның байланысын талдауға назар аударады.

3. Білім беру социологиясы білім жүйесінің көрсетілген әр деңгейінің әлеуметтік мәселелерін зерттейді.

Мектепке дейінгі мекемелер. Мектепке дейінгі мекемелердің адам тәрбиесінің, оның еңбекқорлығы мен басқа қасиеттерінің негізін қалау процесінде маңызы зор. Қоғамның маңызды институттарының бірі ретінде мектепке дейінгі мекемелердің әлеуметтік қызметтерін былай бөліп көрсетуге болады:

жас баланың тәни және психологиялық денсаулығын қорғау және нығайту;

балалардың білім алуға, жан-жақты дамуына және мектепте оқуға жалпы мәдени психологиялық құқығын жүзеге асыру;

құрдастары ортасында әлеуметтік мінезін қалыптастыру (балалар ұжымында, қарым-қатынаста және белсенді өзара әрекеттесуде);

мектепке дейінгі және келесі өмір барысында баланың тұлға болып қалыптасуы мүддесі үшін ата-ана және үлкен адамдармен психология-педагогикалық және әлеуметтік-ағартушылық жұмыс.

Мектеп. Мектептегі оқытудың тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден айырмашылығы баршаға ортақтығында. Барлық жастарға орта білім беру мекемесін бітіруге мүмкіндік пен кепілдік беріледі. Жастар орта білім алған соң еңбектік және қоғамдық-саяси өмірге араласады. Индустриялы қоғамда мектеп дербес өмір сүретін, жас буын мен жас адамның тұлғасын тәрбиелеу мен әлеуметтендіруде негізгі институт болып табылады. Әлеуметтендіру институты ретінде мектептің рөлі әрқашан айтарлықтай жоғары болған, алайда индустриялы өндірісте ата-аналардың жұмыспен қамтылуы мен екі ұрпақтық отбадан қарапайым отбасыға өтуіне байланысты отбасының тәрбиелік рөлінің төмендеуі себебінен ол одан да ұлғая түседі. Әр текті қоғамда мектеп деңгейі мен бағыты, сонымен бірге білімнің мақсаты мен міндеті бойынша жіктелген. Мектеп қабырғасында оқыту және мектептен тыс ұйымдастырылған іс-әрекет балалар мен жастардың тіршілік әрекеті барысында ерекше рөл атқарады. Ол табиғи талапты, бейімділікті, қабілеттілікті қарқынды байытып, дамытады, жан-жақты қызығушылықты қалыптастырады, өнегелі тәрбиенің факторы болып табылады, саналы тәртіпті нығайтады, қоғамның талабын орындауға үйретеді.

Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік жолын, мамандығын, айналысатын іс-әрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы нұсқалардың біреуіне тоқтала отырып, кәсіби білімнің қандай да бір түріне жоғары баға береді.

Кәсіби білімді, яғни кәсіби техникалық және жоғары маман алуды зерттеу үлкен орын алады. Кәсіби техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу формасымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру социологиясы үшін білім алушылардың білім себебі оқытудың тиімділігі оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды. Сонымен бірге, қазіргі кезде осы білім түрінің деңгейі жоғары деп айта алмаймыз, өйткені түлектердің жоғары білім алуға бағдары арнайы орта білімнен басым түсуде. 90-жылдардың басындағы жастардың әлеуметтік кәсіби бағыттылығының қарама-қайшы тәжірибесі, алға қойған мақсаттары оны қоғамда шынайы орындалуы арасындағы айырмашылықтар олардың айтарлықтай маңызды және терең дағадарыста екенін көрсетіп отыр.

Жоғары білім беруге келетін болсақ, социология үшін жастарды оқыту түрлерінің әлеуметтік мәртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне баға беру, қоғамдағы субъективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сәйкестігі, дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды.

Білім қоғамдық өмірдің барлық саласымен байланысты. Экономика білім беру саласының материалдық базасын анықтайды, оның мазмұнын пәндер құрылымы, мамандық және мамандану тұрғысын, жоспарын негіздейді. Саяси сала, сондай-ақ білім жүйесіне тікелей әрекет жасайды. Қоғамдағы режимге (демократиялық және тоталитарлық) және оның түрлеріне (ашық және жабық) байланысты білім беру жүйесінің мазмұны мен оған сәйкес келетін құрылымдары қалыптасады. Сонымен бірге социомәдени орта макро- және микро- деңгейде білім берудің барлық жүйесіне әсер етеді. Бұл жерде әңгіме қоғам мен отбасының өнегелі және діни құндылықтары жайлы болып отыр.

Сонымен қоса білім - тиісті тәуелсіздігі бар, қоғамның дамуы мен жұмыс істеуіне белсенді әрекет көрсететін қабілеті бар автономды жүйе. Білім беру деңгейіне қоғамның экономикалық күйі мен еңбек ресурстарының сапасы байланысты. Білім жүйесі азаматты қалыптастыра отырып, қоғамдық өмірдің саяси саласына да ықпал етеді.

Сонымен бірге, білім мәдени-тәрбиелік қызмет арқылы қоғамның рухани өміріне әсер етеді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесі және жалпы білім беру мектебі болашақта кез келген кәсіби дайындықтың талабы болып табылатын тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастырады.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына “шығуды” әлеуметтік жіктелген қызметтің көмегімен іске асырады. Білім қоғамның әлеуметтік кәсіби құрылымының өндіруші факторы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, ол әлеуметтік ауыспалылық пен әлеуметтік мобильділіктің арнасы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет