1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Гендердің модификациялық әсері. Геннің плейотроптық әсері



бет14/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
6. Гендердің модификациялық әсері. Геннің плейотроптық әсері.
Өз әсері жоқ, бірақ басқа гендерді күшейтіп немесе осаландыратын әсері бар гендерді модификаторлық (латынша түр өзгерушілік) гендер деп аталады. Бұл тұжырымға гендердің өзара әсер етуінің барлық түрі жатады. Дегенмен, «модификаторлдық гендер» анықтамасына гендердің өзара әсер етуінің ауыспалы түрлері кіреді. Мысалы, супрессиялық гендер (ағылшынша «супрессор» - басымдылық) белгіні қалпына келтіреді, ал модификаторла нашарлатады не күшейтеді.
Малдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға төзімділігі де шамасы модификаторлық гендерге байланысты. Қара малдың герефорд тұқымының бастары ақ болады. Жазғы жайылымда күн сәулесі әсерінен қабағында пигменті жоқ малдар көздің ісік (рак) ауруына ұшырайды, ал пигменті бар млдар ауруға ұшырамайды. Көз айналасындағы пигменттің интенсивтілігі (қоюлығы) тұқым қуалайды. Бұл бастың ақ түсін қадағалайтын негізгі модификатор геннің барлығын көрсетеді. Сөйтіп, селекциялық жолмен көз рағынан құтылуға болады.
Бір геннің көптік әсер етуі плейотропия деп аталады. Плейотропия жағдайында ген белгілердің кейбіреуіне доминантты түрде, басқа біреулеріне рецессивті түрде әсер етуі мүмкін. Плейотропия үдерісінің нәтижесі оның онтогенездің қай кезінде әсер ете бастауына байланысты. Егер ген ертерек әсер етсе, белгінің дамуына көп әсер етеді. Рлейотропия селекция жұмысын қиындатады, өйткені кейде бір ген пайдалы да, зиянды да белгінің дамуына әсер етуі мүмкін. Мысал ретінде қаракөл қойларының көк түсі генінің әсері, декстер тұқымды малдың аяқ-басының қысқаруы т.б. келтіруге болады. Бірнеше рецеесивті гендер де көпшілік әсер етуімен белгілі. Мысалы, дрозофиланың ақ көзділік w гені оның денесінің түсіне және кейбір ішкі органдарының дамуына әсер етеді, олардың тіршілік қабілеттілігін, өсімталдығын төмендетеді. Көптеген гендер бейтарап қоздыруымен қатар организмнің тіршілік қабілетін төмендетеді. Ертеден белгілі меланосаркома (грекше «меланос» - қара, «саркос» - ет, «ома» -ісік) – дәнекер тканінде өсетін қатерлі ісік көбінесе көк түсті жылқыларда кездеседі. Плейотропияның пайда болуына органдардың даму барысындағы коррелятивтік (өзара байланыс) өзгергіштіктің зор ықпалы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет