1 Дәріс. «Hr және тайм-менеджмент» негізгі түсінігі Жоспары: «Hr және тайм-менеджмент» ұғымы «Hr және тайм-менеджмент» негіздері



бет1/116
Дата06.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#61961
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Байланысты:
«HR және тайм-менеджмент» ДӘРІСТЕР


ДӘРІСТЕР
1 - Дәріс. «HR және тайм-менеджмент» негізгі түсінігі


Жоспары:
1. «HR және тайм-менеджмент» ұғымы
2. «HR және тайм-менеджмент» негіздері
«HR және тайм-менеджмент» ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағыу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай тұсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология ,өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инабациялау, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принцптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Европалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам. “Менеджер бұл жауынгер ” оған қателесуге болмайды. Өзінің жеке мүдесін фирма мүдесіне бағындыра білдіруге өзінің жанұясы фирманың гүлденуі үшін күресуі тиіс. Жапонияда менеджер мектебінің негізгі жапон корпорациларын болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орның жүздеген тыңдаушылар осы өсиет қайталайды. Менеджердің табиғатына Дракер осындай сипаттама береді. Оның пікірінше менеджер арнайы екі міндетті атқарады және ол міндеттер әскер кәсіпорын жұмыскерлерінде ешқайсында жоқ. 1. Қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндіріс құру.
Кезкелген шешімді қабылдау іс- әрекетке кіріскенде.
Барлық менеджмент үшін олардың қызмет орнына қарамастан ортақ қызмет болады.
А) Менеджер іскер кәсіпорын мақсатын орындайды.Сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады.
Ә) Менеджер ұйымдастырушы болуы қажет.
Б) Менеджер көтермелу шараларын қамтамасыз ететін тығыз байланыс орнатады.
В) Менеджер ұйым іс- әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді.
Г) Менеджер адамның қызмет жағынан кемелденіп, жоғарлатуын қамтамасыз етеді.
Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.
А) Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.
Ә) Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.
Б) Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.
Ерте қоғам кезінде адамның қызметін бағыттап отыру үшін адамдар қажет болды. Мысалы: Египеттік пирамида басқарушы өнердің ескерткіші болып табылады. Өйткені ондай құбылыстарды мұқият жоспарлау, көп адам жұмыс жасағандықтан солардың қызметін қадағалау қажет болды. Менеджмент даму кезеңдерін теориялау және практикалау қарап отырып мынадай тарихи кезеңге бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет