1-Дәріс. Кіріспе. Геодезия пәні және оның міндеттері. Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы. Геодезияның дамуы туралы қысқаша мәлімет және оның құрылыс инженері қызметінде алатын орны. Қазақстан Республикасындағы геодезиялық қызмет


Геодезиядағы проекциялау әдісі және биіктік жүйесі



бет3/7
Дата11.10.2023
өлшемі386,65 Kb.
#184777
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
координата
дәріс инклюзия новый
2. Геодезиядағы проекциялау әдісі және биіктік жүйесі
Жер бетін планға немесе картаға түсіруде сызба геометриясында оқып–үйренген проекциялау әдісі кеңінен қолданылады. Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің орны эллипсоидтың бетіне нормаль болып есептелетін тік сызықтар арқылы проекцияланады. Осы проекциялау негізінде нүктелердің тік бұрышты (ортогональды) проекциялары алынады.
Жер бетіндегі А-нүктесін тік сызық арқылы деңгей бетке (6-сурет) проекцияланғандығы НА арақашықтығы–нүктенің абсолют биіктігі деп аталады, ал сол нүктеден бастап шартты бетке дейінгі қашықтық Н –шартты биіктік болады. Бір нүктенің екінші бір нүктедегі деңгейлік бетінен айырмашылығын–салыстырмалы биіктік–h, немесе биіктік өсімшесі дейміз. Мысалы, А нүктесінің В нүктесіне карағандағы биіктік өсімшесі hА=НА–Нв болады.
Мұхит деңгейін көп жылдар бойы бақылау нәтижесінде деңгейлік беттің орташа жағдайын анықтайды. Біздің елімізде абсолют биіктігінің бастапқы саны ретінде Балтық теңізінде орнатылған Кронштадт футштогінің нөлі қабылданған.
Футштог дегеніміз–бөліктері бар мыстан жасалынған тақта, осы бөлектер бойынша оқтын-оқтын теңіз деңгейі тексеріліп, есептеліп отырады. Сөйтіп, деңгей беттен нүктелерге дейінгі вертикаль қашықтықтарды нүктелердің биіктіктері Н дейміз.
Жер бетінің шағын учаскелерін кескіндегенде қолданылатын проекция әдісінің мәні мынадай (7-сурет): егер деңгей бетті V деп белгілеп, жердің бетіндегі А, В, С, D, Е нүктелерін тіктеуіш сызықтар арқылы (Н) проекцияласақ, жазық беттен сол нүктелердің (а, b, с, d, е) проекцияларын табамыз. Бұл проекция жазықтық (горизонталь) проекциясы деп аталынады. Осы аймақтың кеңістіктегі түрін бейнелеу үшін, сол нүктелерден (А, В, С, D, Е) деңгей бетке дейінгі арақашықтары (Аа, Вb, Сс, Dd) нүктелер биіктігін (Н) анықтауға тура келеді. Ол үшін, биіктіктердің айырмашылықтары (h=Сс-Dd) өлшенеді. Нүкте биіктіктерінің айырмашылығы–h–өсім биіктігі деп аталады. Өсім биіктігі нивелир деген аспаппен өлшенеді. Жер бетіндегі көлбеу сызықтар (АВ, ВС, т.б.) жазық бетке өздеріне сәйкес проекциялары ab, bc арқылы кескінделеді.
Кейде осы проекцияларды жазықтықтағы горизонталь салындылар деп атайды. Демек, АВСDЕ көпбұрышының жазықтықтағы проекциясын планға түсіру үшін, оның горизонталь проекциялары (аb, bс, сd, dе, еа) мен горизонталь бұрыштары 1, 2,  3... белгілі болса жеткілікті.
Көпбұрыш қабырғалары жер бетінде әртүрлі өлшеуіш құралдары (рулетка, өлшеуіш лента, т.б.), ал бұрыштары бұрыш өлшегіш аспаптар (теодолит т.б.) арқылы анықталады. Рулетка арқылы өлшенген арақашықтықтардың горизонталь проекцияларын табу үшін, олардың горизонт жазықтығымен жасайтын көлбеу бұрыштарын ( ) өлшеу қажет (7-сурет). DС-ның горизонталь проекциясын (dс) мына формула арқылы табуға болады:
мұндағы DС – жер бетіндегі өлшенген көлбеу арақашықтық, м;
ν – көлбеу бұрыш, градус;
dс – жазық беттегі горизонталь проекция.
7-сурет- Жер беті нүктелерінің проекциялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет