1 дәріс. Объектілі бағытталған бағдарламалау түсінігі



бет15/36
Дата11.12.2021
өлшемі79,06 Kb.
#99042
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
ОББ

Жиындар.

Жиын белгілі бір ретті типтің ұзын саны 256-дан аспайтын қайталанбайтын мәндерінен құралады. Жиын типін сипаттаудың пішімі:

<Жиын аты>: set of <базалық тип>;

Базалық тип ретінде Integer, Word, Longint және Int64 типтерінен өзге кезкелген ретті типті алуға болады. Жиын типінің айнымалысының мәні базалық тип мәндерінен тұратын жиынның кезкелген ішкі жиыны бола алады. Жиынды сипаттаудың мысалдары:

Type Gbyte = set of 0 .. 9;

var G1: Gbyte;

G2: set of ‘a’..‘z’;

G3: set of (and, or, not, xor);

G4, G5: set of byte;

Жиын айнымалысының мәні екі тік жақшамен қоршалған және үтірлермен айырылған элементтер тізбегі болып табылады. Жиын элементтерінің реті жоқ және онда бір элемент екі рет алынбайды. Жиын мәндерін берудің мысалдары:

G1:=[1,3,5,7]; G2:=[‘g’..‘w’]; G3:=[and, or]; G4:=[65..90, 97..122]; G5:=[];

Жиындармен төмендегі қатынастар орындалады:



  • x in G (x элементі G жиынына тиісті)

  • A = B (A және B жиындары эквивалент (тең))

  • A >= B (B жиыны A жиынының ішкі жиыны)

  • A <= B (A жиыны B жиынының ішкі жиыны)

  • A <> B (A және B жиындары эквивалент (тең) емес)

Жиындармен 3 амал орындауға болады:

  • A + B (A жиыны мен B жиынын біріктіру)

  • A  B (A жиыны мен B жиынының айырмасы)

  • A * B (A жиыны мен B жиынын қиылыстыру)

Мысалдар:

A:= [1,4,7,8,3,9]; B:= [2,3,5,6,9,1];

C:= A+B = [1,2,3,4,5,6,7,8,9];

D:= AB = [4,7,8];

E:= A*B = [1,3,9];

Жиындармен орындалатын екі процедура ғана бар. Олар:



Мұнда x элементі G жиынының базалық типінің кезкелген бір мәні болуы шарт. Жиындармен орындалатын амалдардың анықтамаларына сүйенсек Include(G,x) процедурасы мен G:= G+[x] операторының және Exclude(G,x) процедурасы мен G:=G[x] операторының нәтижелері бір екенін көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет