№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Педагогикалық мамандықты меңгеру жолдары



Pdf көрінісі
бет25/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   293
Байланысты:
педагогика
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
 Педагогикалық мамандықты меңгеру жолдары 
Болашақ  мұғалімді  кәсіби  қызметке  дайындау  арнайы,  әдіснамалық  және 
тәжірибелік бөлімдерден құралады: 
Оның  қызметтік  бөлімінің  түпқазығы  психологиялық-педагогикалық 
дайындық болып табылады, ол мыналарды көздейді: 

 
педагогикалық және психологиялық ғылымды барынша жетік білу; 

 
оқу  және  тәрбие  үдерістерінің  мәні  мен  заңдылықтарын,  тұлғаны  жас 
ерекшеліктерінің  әрбір  кезеңінде  оқытудың,  тәрбиелеу  және  дамытудың  өзара 
байланысын айқын түсіну; 

 
әдістемелік тұрғыдан үлкен дайындық, педагогикалық технологияны жетік 
білу; 

 
психологиялық-педагогикалық  білімдердің,  кәсіби  іскерліктер  мен 
дағдылардың қажет екендігіне шексіз сену, және оларды кәсіби деңгейде қолдана 
білуге ұмтылу; 

 
өзінің жеке басының тәрбиелілігі, ойшылдығы, әдептілігі, өзіне биік талап 
қоя білуі [13]. 
Жоғары  оқу  орындарында  оқу  үдерісі  кезінде  студенттерге  оқытудың 
теориялық  және  тәжірибелік  нысандары  ұсынылады.  Теориялық  дегеніміз 
дәрістік  сабақтар  болса,  тәжірибелік  дайындық  дегеніміз  семинарлар,  зертхана 
жұмыстары, практикумдар және ең бастысы – педагогикалық практика. 
Жоғары оқу орындарында оқытудың ерекшелігі курстан курсқа өткен сайын 
студенттердің  кәсіби қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, 
олардың таңдауы бойынша өткізілетін сабақтардың үлесі арта түседі. Сонымен 
қатар,  жоғарғы  курстарда  кәсіби  қызметтің  әртүрлі  бағыттары  бойынша 
мамандану  (тереңдете  оқыту)  көзделген.  Студенттерге  жоғары  оқу  орнының 
кафедралары ұсынатын факультативтік курстарда оқу мүмкіндігі беріледі. 
Болашақ  мұғалімдерді  дайындауда  таныстыру,  үздіксіз  және  дипломалды 
практикалардан өту қарастырылады. 
Оқу кезеңінің ішінде студенттер курстық және дипломдық жобалар әзірлейді. 
Жоғары  мектеп  жалпы  білім  беретін  мектептен  өзінің  міндеттерімен  және 
оқыту  нысандарымен  ерекшеленеді.  Ең  бастысы,  жоғары  оқу  орындарында 
белгілі  бір  кәсіби  бағыты  бар,  ересек  адамдар  білім  алады.  Мектепте  педагог 
оқушыны  оқытады,  ал  жоғары  оқу  орнында  оқытушы  студенттердің  өзіндік 
жұмыстарына  жетекшілік  етеді,  бұл  жоғары  оқу  орнында  білім  алудың  және 
болашақ  мұғалімнің  өзіндік  білім  алуының  негізі  болып  табылады. 
Студенттердің  кәсіби  бағыттылығын  нығайтуда  олардың  ғылыми  жұмыстарға 
қатысуы  үлкен  роль  атқарады.  Жоғарғы  дәрежелі  мамандарды  дайындаудың 
міндетті шарттарының бірі ғылыми студенттік қоғамдарға қатысу, студенттердің 
оқу  бітірер  алдында  біліктілік  жұмыстарын  орындауы.  Студенттердің  оқу, 


ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік  қызметі  біртұтас  болып  келеді  –  бұл 
мамандықты меңгерудің ортақ жолы. 
Осылайша,  мамандықты  меңгеру  міндеттерін  шешу  үшін  келесі  жолдар 
қарастырылады: 
1.  Теориялық  –  қазіргі  ғылымның  теориясы  мен  әдіснамасын  зерделеу, 
гуманитарлық, дүниетанымдық және кәсіби білімдерді меңгеру. 
2. Тәжірибелік, яғни оның барысында болашақ мұғалім мыналарды үйренуі 
керек:  

 
тұлғаның  даму  деңгейін  анықтау  және  тәрбиелік  ахуалды  талдау, 
педагогикалық  міндетті  қалыптастыру  және  соған  сәйкес  өзара  әрекеттестікті 
жобалау;  

 
педагогикалық  өзара  әрекеттестікті  іске  асыру,  осы  жолда  кездесетін 
кедергілерді сезіне отырып, оларды еңсеру жолдарын іздестіріп таба білу; 

 
нәтижелерді талдау, олардың себеп-салдарлық байланысын анықтай білу. 
3. Зерттеушілік, бұл сала мыналарды қамтиды:  

 
ғылыми  педагогикалық  ізденістің  теориясын,  әдіснамасын  және 
әдістемесін зерделеу;  

 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  қатысу,  оның  ішінде:  рефераттар, 
баяндамалар, рецензиялар әзірлеу, курстық және дипломдық жұмыстар орындау 
[13-14]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   293




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет