1. Дәріс тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. «Әдебиет- сөз өнері»



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата15.10.2023
өлшемі0,5 Mb.
#185601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ҚӘОӘ лекция
Махамбет
6-дәрістің тақырыбы:
Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай 
оқыту 


Әдеби жанр (французша - тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада 
қолданылады. Біріншісі -әдебиеттердің қалыптасқан тектері - эпос, лирика, драма; 
екіншісі - әдеби туындылардың түрлері - әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр 
- даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жан-рдың түп негізі сақтала 
отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады. 
Поэзия - әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында түрады. 
Лириканы оңыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды. 
Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрңайсысының белгілі бір қызметі 
ңалыптасады. 
Эпос - болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде, 
сюжеттік желі негізінде су-реттейді. 
Лирика - адамның ішкі сезім күйін, әр түрлі эмоцио-налдың жағдайын бейнелейді. 
Драма - кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, 
қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді. 
Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына аңынның 
көзқарасын, күйініш-сүйініш сезімін, толғаныс тебіренісін көрсетеді. Лириканы тал-дау 
оңырманды өнерді эмоциялың эстетикалық жағы-нан түсінуге баулиды. Лириканы 
оңытуда мынадай мәселелер ескерілу керек: 
- алдымен, лириканы оқуда эмоциялық, логикалық бірлікті сақтау керек; 
- оқушының лирикалық шығармаға деген көзқарасы болуы шарт; 
- өлеңнің әрбір бөліктерін өзара тұтастыру керек. Сол арқылы ақынның айтайын 
деген ойы аныңталуы керек
- ақын шығармасында ңандай көркемдік құралдарды пайдаланғаны талдану керек; 
- лирика мен ақынның бірлігі танылуы шарт. Лириканы терең түсіну үшін қайталап 
оқып, басқа ақынның соған ұқсас өлеңдерімен салыстыру керек. Одан соң, мәнерлеп 
оқудың мәні үлкен. Академик З.Қабдолов:« Лириканы тақырыбына қарай топтап талдау 
оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айырықша мәні бар нәрсе: 
оның әр түрінен ақынның бір қырын тануға болады» - десе, ғалым Ж.Дәдебаев: 
«Лирикалық шығармада ақын өмірден, айналасынан көргені мен білгендерін ғана жазып 
қоймай, сол құбылыстардан лирикаға арқау боларлықтай ең басты асыл қасиеттерін тани 
білу керек», - деген нақты ой түйеді. 
«Өлең» үғымы ХІХ-ХХ ғасырларда нақты мазмұн иеленді. Өлең - өлең сөзбен 
жазылған, лирикалық сипаты басым шағын әдеби туынды. Өлең белгілі бір ырғаққа 
бағындырыла оңылады. Өлең шумақтан, тармақтан, бунақтан, буыннан, ұйқастан тұрады. 
Барлық тілдегі өлең тармағының негізгі өлшем бірлігі - буын. Буынның фонетикалық 
сипатына әуез, екпін секілді белгілер тән. Соған орай, өлең жүйесі метрикалың, 
силлабикалық, то-никалық, силлабо-тоникалың болып жіктеледі. 
Көркем әдебиет өзінің бар болмысымен сол халықтың танымын, өткендегісі мен 
болашағын бейнелейді. Әдебиеттің ұлттық ерекшелігі халықтың тарихи дамуымен тығыз 
байланысты. Ал, оның қайнар бұлағы - фольклорлық мұра - көркемөнер дамуына ұдайы 
елеулі ықпал жасап отыратын шығармашылық фактор. 
Фольклор мұраларында кездесетін мифологиялық кейіпкерлер адам танымының әр 
түрлі даму кезеңін көрсетеді. 
Мыстан кемпір. Ол - айлакер әйел, қулықпен күн кешкен. Алдап-арбаудың небір 
түрлерін, амал-айласын білген. Өзімізге жақсы таныс «Алпамыс батыр» жырында 
батырдың алдын орап, майда тілмен оны дегеніне көндіріп, шырмауына түсіретіні 
белгілі.Мыстан бейнесінің жырларда берілуі жөнінде зерттеуші Ш.Ыбыраев мынадай 
пікір айтады: «Мифтік ұғымдардан қазақтың көне эпостарында көптеген белгілер 
сақталған. Жалпы, көне эпостарда ерекше жинақталып, тұтас көрінетін жауыздық бейне - 
мыстан кемпір. Ол бірде айлакер, барлық жағдайды күні бүрын болжагі отыратын, сөйтіп, 
батырдың жолына алдын ала тор құратын жауыз кемпірдің кейпінде сурет-телсе, бірде 


жеті басты жалмауыз, нағыз дүлей күштің иесі ретінде суреттеледі». Яғни, мүндай сырт 
кейпі ұсқынсыз бейне жыр сюжетін ерекше қызықты, шытырманды ете түседі. 
Албасты - мифологиялың көне кейіпкер. Бұл ретте ғалым С.Қасқабасов мынадай ой 
айтады: «көне мифоло-гиядағы рух-иелер алғашқы қауым мифінде дүниені жаратушы өрі 
күллі өлемнің иесі болып көрсетіледі. Мүндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі заманда 
қалыптасқан жанрларда да, мысалы ертегі, эпостарда да көрініс береді». 
Пері - көбіне салқын жерде, көбіне су жағасын мекендейді. Ол сұлу қыз 
түрінде көрінеді. Перінің мұсылман жөне кәпір перісі болады. Мұсылман перісі көбіне 
адам үшін зиянсыз болады. Бұл бейне де ертегі-аңыздарда өйел бейнесінде беріледі. де 
адамға тән. Міне, бұл кейіпкерлер адамның көне ойлаудағы танымынан хабар бере 
отырып, халықтың байырғы ұғымдардың менін ашады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет