1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Цитология ғылымының дамуы



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата26.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#182571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Цитология лекция
НТК БП, Тапсырма 1, ЗЕРЕК БАЛА ережесі
Жарық микроскопымен зерттеу
. Биологиялық микроскоп. Жарық микроскопы 
клеткалық құрылымдарды және олардың функцияларын жан-жақты зерттеуге 
мүмкіншілік береді. Жарық микроскопы екі нүктенің ара қашықтықтарын өсіріп 
көрсетеді, шешуші қабілеті 0,2 мкм немесе 200нм тең, ал адам көзінің шешуші қабілеті 0,1 
мм.
Фиксациялау мен бояу әдістері.
Тірі материал мөлдір және қалың болуына 
байланысты зертеуге қолайсыз болғандықтан көбінесе фиксацияланған(бекітілген) 
материалмен жұмыс істелінеді. Одан жұқа кесінділер дайындап, арнайы бояғыштармен 
бояйды. Жиі қолданатын бекіткіштер: формальдегид, қосхромдық қышқыл калий, сірке, 
пикрин және осмий қышқылдары мен этил спирті. Жақсы бекіткіштер сұйықтар 
қоспалары, олардың көпшілігі зерттеушілердің аттарымен аталған (Буэннің, Карнуаның 
қоспалары).
Интерференциялық микроскопиялық әдіс 
фазалық-контрасты микроскопия 
әдісіне ұқсас. Бұл әдісте микроскоп обьектінің қалыңдығын және басқа параметрлерін де, 
атап айтқанда құрғақ салмағын өлшеуге мүмкіншілік береді.
Поляризациялық 
микроскопия әдісі 
ұлпалар мен клеткалардың түрлі компоненттерінің поляризацияланған


жарықтың сынатын қабілетіне негізделген.
Флуоресценттік микроскопия әдісі
тірі 
клеткаларды зерттеу үшін қолданылады, кейбір заттардың жарық сәулелерінің әсерімен 
жарық шығаратын қасиетіне негізделген.
Қараңғы өрістегі микроскопия әдісінде
түрлі 
тірі клеткаларды байқауға болады. 
Фазасы қарама-қарсы микроскопия әдісі 
организмнен 
шығарылып алынған физиологиялық ерітіндіге салынған ұлпалардың клеткалық 
құрылымының нәзік бөліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл әдістің ерекше 
құндылығы in vitro-да өсірілген клеткаларды зерттеуде. 
Электрондық микроскопия. 
1931 жылы Девиссон мен Калбин Германияда 
шығарған.Электрондық микроскоптың құрылыс принципі жарық микроскопына ұқсас
сәулелерінің ролін электр тогімен қыздырылған вакуумда орналасқан вольфрам жібінен 
тарайтын 
электрондар 
тасқыны 
атқарады, 
әйнек 
линзаларының 
орнында 
электромагниттер болады. 
Авторадиография әдісі
клетканың нақтылы морфологиялық құрылымындағы 
синтез процестерінің динамикасын зерттеуге, өзгермеген күйінде цитоплазмада ұзақ 
уақыт сақталуын анықтауға және олардың клеткалар мен ұлпаларда, организмдегі 
қозғалысын анықтауға мүмкігшілік береді. 
Цитохимиялық әдіс 
түрлі заттардың клеткада орналасуын және арнаулы құралдар 
арқылы олардың санын анықтауға мүмкіндік береді. 
Ұлпаларды қолдан өсіру әдісі
ұлпалар мен клеткаларды қолдан өсіріп, зерттеуді 
организмнен тыс (in vitro) және организмнің өзінің құрамында жүргізуге болады. 
Микрохирургия немесе микрургия әдісі
тірі клеткалардың қасиеттерін зерттеу үшін 
қолданады, микроманипулятор деп аталатын құралмен клетканы кеседі, ішінен бөліктерін 
шығарып алады. 
Рентгенмен құрылымды талдау әдісі 
молекулалардың құрамындағы атомдардың 
кеңістіктегі орналасуын анықтауғв, олардың ара қашықтықтарын өлшеуге мүмкіндік 
береді. Бұл әдісте зерттелетін обьектіге Рентген сәулелері бағытталады, пайда болған 
дифракциялық бейнесі фотопленкаға тіркеледі. 
Цитологияда қолданылатын өлшем бірліктері: 
Микрометр (мкм) -0,001 мм тең; 
Нанометр (нм) -0,001 мкм немесе 0,000001 мм тең; 
Ангстрем (А) -0,1 нм тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет