1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Қожаберген Толыбайұлының шығармашылық өмірнамасы



бет18/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
26. Қожаберген Толыбайұлының шығармашылық өмірнамасы
Орта жүз Ашамайлы Керейдің Бәйбіше Көшебе руының Таузар тайпасынан шыққан атақты батыр, әйгілі суырып салма ақын Қожаберген Толыбайұлының есімі ежелден еліне белгілі болғанымен, соңғы уақыттарға дейін түрлі себептермен әдебиет тарихына енбей, қағаберіс қалып келді. Қожаберген 1663 жылы, қоян жылы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Жамбыл ауданының Күлтөбе деген жерінде Толыбай сыншының отбасында дүниеге келген. Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз-Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болған. Сондай-ақ, шежіреші, білімдар адам болған. Қазақ шаңырағында туған. Анасы Ақбілек Орта жүз, Арғын Айдабол бидің қызы. Он үш жасынан ақындыққа бет бұрған ол он жеті жасында аңыз әңгімелерді өлеңмен жырлады. Қожаберген қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата-тек» деген дастанын шығарды. Өз аулында мешіт-медресе ашып, бала оқытып, ислам дінін насихаттайды, шеберхана салдырып, елді қол өнеріне баулып, егін салуды қолға алады.1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз-Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожабергенді Ордабасы, яғни хан ордасының бас қолбасшысы, әрі бас ақын етіп сайлайды. Оған жыраудың "Үш би" атты өлеңі мысал бола алады. Ол сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайды, қазақ хандығының ішкі-сыртқы саяси хал-ахуалын жете біліп, әрдайым өз жырларына арқау етіп отырған. Қожаберген батырдың жан-жақты қабілеті бар дарабоз тұлға екендігіне қоса, оның елші әрі сынықшы болғаны жайлы да деректер бар. Оған ақынның «Елшілік» деген өлеңі дәлел.Қожабергеннің әдеби мұрасын жинап, сақтаған — Сегіз Сері. Ол жыраудың «Елім-ай», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр» т.б. төлтума шығармаларын жинап, бізге жеткізген. Осы дастандарының бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырып, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандап, соны жырға қосады. Бұл жағынан алғанда, Қожабергеннің жыр еткен тақырыбының саяси жағынан өте маңызды екенін көреміз.«Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлерін шығаруы Қожабергенді күйшілік қырынан танытады. Атынан белгілі болып отырғанындай, күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі халық зарын күй тіліне айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет