1. Этносаралық келісім ҚР-ң қауіпсіздігін ныгайту негизи


М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси қызметі



бет20/35
Дата13.05.2020
өлшемі149,15 Kb.
#67851
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
Тарих жауаптар 1-30 арасында

21. М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси қызметі.. Мұхамеджан студент кезінде ақ қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде орталық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша үкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді. Ол патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына атсалыса араласты. 1905 жылғы революциялық қозғалыстарға белсенді түрде қатысқан және Жетісу қазақтарының арасында тұңғыш рет азаттық пен бостандық идеясын насихаттап, таратқан «Сын отечества», «Радикал» және «Руский Туркестан» газеттерінің тілшісі, журналист В.Жаботинскиймен Мұхамеджан бірігіп 1905 жылы автономияшыл- федералшылдардың одағын құрды. Тынышбаевтың «Руский Туркестан» газетінде «Қазақтар және азаттық қозғалысы» атты баяндамасының қолжазбасы одақтың құрылтайында тәркіленіп, айып салынды. 1905-1906 жылдары Мұхамеджанды Верныйда тұтқындауға астыртын бұйрық берілген.Тынышбаев 1905 жылы қарашада өткен автономияшылар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, баяндама жасайды. Онда ол «Қазақтардың жер мәселесі – сөзсіз аса маңызды… Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды … қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, … ежелгі атақонысынан айыру … қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?!» – деп өткір сөйледі. Осы кезден бастап ол қоғамдық- саяси өмірге белсене араласа бастайды. 1907 жылы ол ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан депутат болып сайланды және онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етті. Дума таратылған соң Мұхамджан Орта Азия темір жолы құрлысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысты.М.Тынышбаев 1916 жылы 26 маусым жарлығына қарсы шыққан халық көтерлісінің салдарын күні бұрын болжап, көтерлісшілерді сабырлылыққа шақырды1917 жылы Ақпан төңкерісінен соң ол Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссарының орынбасары болып тағайындалды.Тынышбаев Алаш қозғалысына белсене араласты. Ол Түркістан өлкесі орталық атқару комитеттері өкілдерінің съезіне қатысты. Тынышбаев І Жалпықазақ съезіне қатысып, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Тынышбаев халық ағарту институтында математика, физика, химия, түркі халықтары тарихы пәндерінен дәріс оқыды. Сонымен қатар ол ғылыми жұмыспен де белсене айналысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет