1. Ғылыми стильде жазылатын жұмыс түрлерін көрсет. А. шығарма,әңгіме,баяндама



Дата20.05.2024
өлшемі39,69 Kb.
#202536
түріАнықтамалық
Байланысты:
тест (5)
РМ ОМ 1курсс каз. №10, Сөзжасам саласындағы туынды сөз бен туынды түбір, ҚАЗІРГІҚАЗАҚТІЛІНДЕГІҮСТЕУСӨЗТАБЫНЫҢСӨЗЖАСАМДЫҚЖҰРНАҚТАРЫ, 1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР, Пр.р 7 (1), download, download, рефервт

1. Ғылыми стильде жазылатын жұмыс түрлерін көрсет.
А.шығарма,әңгіме,баяндама;
В. сөздік, анықтамалық, энциклопедия
С. өмірбаян, қызметтік хат, түйіндеме
Д. акпараттық хабар, очерк, репортаж
Е. хабарландыру, ақпараттық хат
2.Публицистикалық стильге тән синтаксистік ерекшеліктерді анықта
А. саяси лексиканың молынан ұшырасуы
В. бұйрықты, лепті сөйлемдердің жиі кездесуі
С. тақырыпқа сай термин сөздердің пайдаланылуы
Д. мақал-мәтел, тұракты тіркестердің көп қолданылуы
Е. қысқарған сөздердің жиі қолданылуы
3. Халықтын философиялық көзқарасын көрсететін шешендік сөздің түрін көрсет
А. шешендік дау
В. шешендік толғау
С. шешендік арнау
Д. бата-тілек
Е. шешендік сын
4. Ойкөкпардың мақсатын анықта
А. көпшілікке үгіт-насихат айтып, үндеу тастау
В. мәселені шешудің мүмкіндіктерін қарастыру
С. қарсы пікірді жоққа шығарып, өз ойын дәлелдеу
Д. пікір таластыра отырып, ортақ бір шешімге келу
Е. көпшіліктің ойымен келісу
5. Ойкөкпарға қатысатын топтың мүшесін кім деп атайды?
А. қатысушы
В. сарапшы
С. оппонент
Д. спикер.
Е. төреші
6. Әуезді өзгертуге бола ма?
А. Өзгерте отырып, сезім-күйді білдіруге болады
В. болмайды, сөйлемнің мәні өзгеріп кетеді
С. болады, дұрыс жазуға көмектеседі
Д. әуез арқылы бір ғана көңіл күйді білуге болады
Е. әуез арқылы дұрыс сөйлеугег болады

7. . Қарама-қарсы ұғымдарды қатар қою арқылы жүзеге асырылатын айшықтаудың түрін белгіле.


А. эпитет
В. метафора
С. меңзеу
Д. синтаксистік параллелизм
Е. теңеу
8. Сонымен, ойымызды түйіндей келгенде, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні т.б. тіркестер мәтіннің қай бөлігіне тән?
А. Kipicпe;
В. негізгі бөлімге;
С. қорытынды бөлімге;
Д. барлық бөлімге.
Е. бастапқы бөлімге
9.. Ой аяқталмай, тұспалмен көрсетілген кезде қолданылатын тыныс белгіні көрсет
А. сызықша;
В. нүктелі үтір;
С. көп нүкте
Д. тырнақша
Е. үтір
10. Мәтіннің анықтамасын көрсет
А.біршама тиянақты ойды білдіретін тілдік бірлік
В.тілімізде қалыптасқан нормалар жиынтығы
С.өзара байланыста айтылатын (жазылатын) екі не одан да көп сөйлемдер жиынтығы
Д.күнделікті қарым-қатынаста пайдаланылатын әдеби тілдің бір түрі
Е.сөйлемдер мен сөздер тізбегі
11. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтау, оның мәнін ашып
тұжырымдау мақсатындағы сөздер:
А. бірыңғай мүшелер;
В. жалпылауыш сөздер;
С. оқшау сөздер;
Д. айқындауыштар;
Е. дұрыс жауабы жок.
12. Бес түлеген бөрімін, Белге соқсаң жығылман деген жыр жолдарында айшықтаудың қай түрі қолданылған?
А. параллелизм
В. теңеу
С. шендестіру
Д. метафора
Е. эпитет
13. Ассонанс дегеніміз не?
А. дауысты дыбыстардың үндес қайталануы
В. дауыссыз дыбыстардың бірыңғай қайталануы
С. сөз тіркесі не сөйлем түріндегі құрылымдардың қайталануы
Д. бір сөздің өлең жолдарының басында қайталануы
Е. бір сөздің қайталана беруі
14. Ауызша мәтінге тән белгілер қандай?
А. Акустикалық тұрғыда жүзеге асырылады; динамикалық сипатта болады;
В. Қалыпқа түскен сөйлеу нормалары қолданылады; статикалық сипатта болады;
С.Бейвербалды амалдар қатыса алмайды; визуалды түрде жүзеге асырылады;
Д. айтушы мен тыңдаушы арасында жанды байланыс жоқ;: динамикалық сипатта жүзеге асады.
Е. Қалыпқа түскен сөйлеу нормалары қолданылмайды
15. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңдер:
А. Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, - қорқыныш қана бар.
В. Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, - қоркыныш қана бар?
С. Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар.
Д. Жүзінде қайғы да жоқ қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар.
Е. Жүзінде: қайғы да жоқ, қасірет те жоқ - қорқыныш қана бар.

16. Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдынғысының


мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалып тұратын болса, мұндай жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
А. сұрау белгісі;
В. қос нүкте;
С. нүктелі үтір.
Д. нүкте;
Е. көп нүкте;
17. Баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер бірін-бірі толықтырып тұратын болса, ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгілері қойылады?
А. үтip;
В. нүкте;
С. қос нүкте;
Д. нүктелі үтір.
Е. көп нүкте;
18. Біреудің ойлаған ойын, пікірін, топпылауын білдіретін сөздер.
А. автор сөзі;
В. төлеу сөз;
С. төл сөз;
Д. оқшау сөз;
Е. диалог.
19. «Пәлі-ай Мақұл-ақ Ал ендеше мен нені айттым!?» деген сөйлемде қойылатын тыныс белгісі:
А. көп нүкте;
В. сұрау белгісі;
С. леп белгісі;
Д. нүкте;
Е. үтір.
20. Сөйлемнің қай стильде жазылғандығын табыңдар.
Бұл сөз агрессорларға қарсы күрестегі табандылық пен қайсар-
лықтың символына айналды.
А. публицистикалық стиль;
В. ғылыми стиль;
С. ауызекі сөйлеу стилі,
Д. ресми іскағаздар стилі.
Е. көркем әдебиет стилі
21. «Қазақ әдеби тілінің алғашкы зертханасы» деп нені айтамыз?
А. терминдерді;
В. эмоционалды-экспрессивті сөздерді;
С. жаңа сөздерді;
Д. ауыз әдебиетін.
Е. ресми сөздерді
22. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз қайсы?
А. кез-келген
В. кез келген
С. кезкелген.
Д. кез:келген
Е. кез, келген
23. Лексикалық нормаға сай сөздер қатарын көрсетіңдер.
А. жаңғақ, тақия, жүгері;
В. шаттауық,тебетей, борми;
С. шаттауық, тақия, жүгері;
Д. жаңғақ, тебетей, борми.
Е. жаңғақ, тебитей, тақыия
24. Дала кемесі, жыр алыбы, күміс көмей қандай сөздер?
А. эмоционалды-экпрессивті сөздер
В. қоғамдық-саяси терминдер
С. теңеу сөздер
Д. қосарлы сөздер
Е. шешендік сөздер

25. Шешеннің сөз мазмұнын толықтыратын тілдік емес әрекетке не жатады?


А. тұрақты тіркестер
В. дауыс ырғағы
С. мақал-мәтел
Д. сөз байлығы
Е. көркемдеуіш тәсілдер

1.Ғылыми стильге тән белгіні көрсет


А.бейнелі сөз орамдарының жиі қолданылуы
В. сөздердің ауыспалы мағынада жұмсалуы
С. айтылатын ойдың анық, дәл берілуі
Д.эмоционалды-экспрессивті сөздердің көп кездесуі
Е. образды сөздердің қолданылуы
2.Қате жазылған сөзді көрсет
А. сахна
В. дауыс
С.жаурын
Д.тамызық
Е. буын
3. Пікірталастың түрлерін белгіле
А. дау, толғау
В. айтыс, арнау
С. ойталқы, ойкөкпар
Д. диалог, монолог, полилог
Е. шешендік дау, шешендік толғау
4. Ономастиканың жер-су аттарын зерттейтін саласын көрсет
А. зоонимика
В. этнонимика
С. экономика
Д. космонимика
Е. топонимика
5. Сөйлеушінің, айтылған ойды, жағдайды қолдайтын-қолдамайтыны, оған қуаныш-реніші неден көрінеді?
А. сөйлемінен көрінеді;
В. дауыс интонациясынан көрінеді;
С. сөйлеушінің бет құбылысынан көрінеді;
Д. үзіп-үзіп сөйлеуінен көрінеді.
Е. сөздердің мағынасынан
6. Санамалау интонациясы бар сөйлем арасында қойылатын тыныс
белгісі кайсы?
А. Сызықша
В. үтір
С. тырнақша
Д. қос нүкте.
Е. жақша
7. Интонацияның сөйлемнің хабарлы не сұраулы немесе бұйрықты екенін анықтайтын функциясы қайсы?
А. Эмоцияларды айқындау функциясы;
В. коммуникативтік функция;
С. мазмұн ерекшелігін ажырату функциясы;
Д. сөйлемдер жігін белгілеу функциясы.
Е.сөз тіркестерін ажырату функциясы
8. Жалпылауьш сөз бірыңғай мүшелердің алдынан келгенде кандай тыныс белгісі койылады?
А. Сызықша
В. қос нүкте
С. тырнақша
Д. үтір.
Е.жақша
9. Гүл сөзі қай тілден енген?
А. парсы;
В. кытай;
С. латын;
Д. жоңғар;
Е. түрік
10. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз қайсы?
А. мектепішілік олимпиада
В. мектен-шілік олимпиада
С. мектеп ішілік олимпиада
Д. мектеп-ішілік олимпиада
Е. мектеп:ішілік олимпиада
11. Көркем әдебиет стилінде жиі жұмсалатын сөз тіркесін табыңдар:
А. салтанатпен мерекелеу;
В. қол қою;
С. ынталы жүрек;
Д. тез кел.
Е. өтініш жазу
12. Әдеби тіл нормасына жатпайтын сөйлемді көрсетіңдер:
А. Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, мұнда ол түгіл есек те
отырыпты ғой.
В. Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді.
С. Япырым-ай, мына жерге ауыл орнап, дүкен құрылғаны жақсы
болды-ау!
Д. Жарқыраған мамыр күні тамылжып тұр.
Е. Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ.
13. Ресми стильге берілгендердің қайсысы сәйкес келмейді?
А. анықтық;
В. көріктеу элементтері;
С. толымды, жақты сөйлемдер;
Д. терминдер.
Е. құрамының тұрақтылығы
14. Мағыналары ыңғайлас, баяндауыштары тұлғалас, санамалап айтылған сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгі қойылады?
А. сызықша
В. көп нүкте
С. қос нүкте
Д. нүктелі үтір
Е. үтір
15.Дәлелдер мен дәйектемелер, статистикалық мәліметтер кай бөлімде кеңінен қолданылады?
А. Кіріспеде;
В. қорытынды бөлімде;
С. негізгі бөлімде;
Д. барлық бөлімде.
Е. соңғы бөлімде
16.Тақырып деген не?
А. Мәтіндегі оқиға мен ойдың түйіні;
В. сөйлемдердің байланысуы;
С. тіркесіп келетін сөздер;
Д. сөйлемдегі сөздердің байланысы
Е. мәтіннің қорытындысы
17. Мәтіннің бөліктерін көрсет.
А. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау;
В. тұтастық, аяқталғандық, модальдылық;
С. кіріспе, негігі бөлім, қорытынды;
Д. сөз, сөз тіркесі, сөйлем.
Е. микромәтін, макромәтін
18. Стильдің қай түрінде ресми құжаттар, ғылыми әдебиеттер және көркем әдебиетке тән тілдік элементтер қабаттаса қолданыла береді?
А. ресми ісқағаздар стилі;
В. публицистикалық стиль;
С. ғылыми стиль;
Д. көркем адебиет стилі.
Е.ауызекі стиль
19. Сөйлеу тілінің неше түрі бар?
А. 1;
В. 2;
С. 3;
Д. 4.
Е. 5
20. Ресми стиль үлгілерін көрсетіңдер.
А. алғысхат, түйіндеме, келісімшарт;
В. мақала, өмірбаян, эссе;
С. мемуар, роман, қисса;
Д. қолхат, өмірбаян, әңгіме.
Е. бұйрық, аңыз, жолдау
21.Көптік ұғымның синтетикалык тәсіл арқылы берілу жолы:
А. аналар;
В. кәрі-жас;
С. қымыз;
Д. отыз қой
Е. ақыл
22. Мен естідім. Қандай байланыс түрі?
А. матасу;
В. жанасу;
С. қиысу
Д. меңгеру
Е. матасу
23. Есімді тіркесті тап:
А. үлкен үй;
В. тағы да келді;
С. он шакты;
Д. онға жуық
Е. он-оннан
24. Атаулы сөйлемді тап:
А. Ұлт мәдениеті.
В. Таң атпай тұрып, жұмысқа кетеді
С. Алтын күз.
Д. Онға жуық
Е. Мен естідім.
25. Орыс халқының бай мәдени мұрасының бір саласы - оның тамаша мақалдары, мәтелдері - қазақ, халқына аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне айналым келді деген сөйлемдегі сызықшаның қойылу себебі:
А. қаратпа сөз;
В. қыстырма;
С. оңашаланған айқындауыш;
Д. бірыңғай мүше.
Е. одағай

1. Мұғалім, дәптер сөздері қай тілден енген?


А. иран;
В. қытай:
С. орыс:
Д. араб;
Е. түрік
2. Тіл білімінің тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекет-қызметін зерттейтін саласы- ... •
А стилистика;
В. риторика,
С. әдебиеттану;
Д. лексикология.
Е. пунктуация
3. Диалог көбіне қай стильде қолданылады?
А. ғылыми стиль;
В. ауызекі сөйлеу стилі;
С. ресми ісқағаздар стилі;
Д. публицистикалык стиль;
Е. көркем әдебиет стилі
4. Мына туынды сөздер қандай сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған?
Қарақат, қаракөз, ақбөкен, ақгүл.
А. аналитикалық;
В. синтетикалық;
С. лексика-семантикалық;
Д. морфологиялық
Е. лексикалық
5. Бір сөзжасамдық ұяға жататын туынды сөздер қайсы?
А. су, сулык, сушы, сусыз, сулы;
В. су, сулы жер, сумен;
С. сулы жер, нулы жер;
Д.сусыз тіршілік болмайды.
Е. суға, суды, су
6. Меңгеруді тап
А. суға түсті;
В. аман келді;
С. біздің өлке;
Д. кең дала.
Е. үстелдің аяғы
7. Сөздердің байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
А. тоғыз адам - кабысу;
В. кең бөлме - жанасу;
С. окуға лайық - меңгеру;
Д. Алатаудың Жамбылы - матасу.
Е. Мен көрдім- қиысу
8. Тура толықтауышы бар сөйлемді тап:
А. Ұзақ оқиғаны ерінбей әңгімелеп отырмын.
А. Көк көлігімен келген екен.
С. Осы айда туссе игі.
Д. Қалың қар екен деп, қалың киініп келдік.
Е. Ертең сабақ басталады.
9. Белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын немесе сол ойдың ар жағында айтылмай қалған тағы бір ойдың бар екендігін, не болмаса асығып-аптығып сөйлеуге байланысты айтылмақ пікірдің толық айтылмағандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгі.
А. тыныс белгі койылмайды:
В. үтір.
С. көп нүкте;
Д. нүктелі үтір;
Е. сызықша;
10. Жауап күту мақсатымен айтылған сөйлем:
А. сұраулы;
В. хабарлы;
С. бұйрықты;
Д. дұрыс жауабы жоқ.
Е. лепті;
11. «Қазақ тілінің анықтағышы» кітабының авторы кім?
А. Н.Оралбай;
В. К.Аханов;
С. Ф.Мұсабекова;
Д. Ә.Қайдар.
Е. Р.Сыздық
12. Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш не жалпылауыш мәнді сөздер келсе, қандай тыныс белгі қойылады?
А. сұрау белгісі;
В. қос нүкте;
С. нүкте;
Д. үтір.
Е. көп нүкте;
13. Тіл білімінің тыныс белгілерді зерттейтін саласы:
А. морфология;
В. психолингвистика;
С. пунктуация;
Д. синтаксис.
Е. лексикография;
14. Кіріспе бөлім деген не?
А. Кейінгі айтылар ойдың алғашқы ұшқыны;
В. айтылған немесе жазылған ойдың тұжырымды түйіні;
С. сөздің бүкіл күшін топтастырушы мәнді бөлім;
Д. ойға өзек болған негізгі идеяны таратып айтатын бөлім.
Е.айтылған ойдың ортаңғы бөлімі
15. Ойдың түйіні тезис түрінде баяндалатын бөлімді керсет.
А. кipicпe
В. қорытынды;
С. негізгі бөлім;
Д. кіріспе, қорытынды.
Е. ортасы
16. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қойылатын тыныс белгіні көрсет.
Аяғының ауырғанына қарамастан ... ол шапшаң жүріп отырды.
А. үтір;
В. сызықша;
С. ешқандай тыныс белгісі қойылмайды;
Д. нүктелі үтір;
Е. көп нүкте.
17. Интонацияның қызметі қайсы?
А. Сөйлемнің тек хабарлы екенін ажыратады;
В. әртүрлі эмоцияларды белгілейді;
С. сөздерді созылынқы айтуға күш салады;
Д. сөйлемнің түсінікті болуына қызмет етеді.
Е. сөйлемнің тек сұраулылы екенін ажыратады;
18. Жошы хан күмбезінің жобасы тік бұрышты. Көзге айрықша түсетін нәрсе - салтанатты порталы. Оның маңдай алдын сүйір арқа түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстінгі салмақты еркін көтеріп тұру үшін мейлінше берік eтiп тұрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқұрына ұқсаткан. Мәтіннің қай түріне жатады?
А. сипаттау мәтіні
В. әнгімелеу мәтіні
С. пайымдау мәтіні
Д. баяндау мәтіні
Е. аралас мәтін
19. Шешендік сөздерді саясат шешендік, билік шешендік, білімдар шешендік, уағыз шешендік деп белген ғалым кім?
А. Г.3.Апресян;
В. А.Байтұрсынұлы;
С. 3.Кабдолов;
Д. М.Әуезов.
Е.М. Ғабдуллин
20. Шешендік дау неше түрге бөлінеді?
А. 4
В. 5
С. 3
Д.6
Е.2
21.
21. Ақсақалдар айтады: «Биыл астықтың шығымы жақсы... табиғат жарықтыққа өкпеміз кәне». Ақсақалдар айтады: Өліара ашық қой әзірше, қазан айы биыл тыныш өтер». Айшықтаудың қай түрі қолданылған?
А. лексикалық эпифора
В. лексикалық анафора
С. синтаксистік анафора
Д. синтаксистік эпифора
Е. ассонанс
22. Қайсысы көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктеріне жатпайды?
А. терминдер;
В. риторикалық сұраулар;
С. қайтамалар;
Д. бейәдеби бірліктер.
Е. меңзеу
23. Публицистикалық стильдің қызметі қандай?
А. қоғамдық пікір қалыптастыру
В. көркем шығармаларды түсіндіреді
С. ғылымның негіздерін түсіндіреді
Д. терминдердің қолданысын үйретеді
Е. іс қағаздарды дұрыс рәсімдеуді үйретеді
24. Бір құбылыстың екіншісімен салыстырылуы қалай аталады?
А. меңзеу
В. теңеу
С. метафора
Д. метонимия
Е. синекдоха
25. . Жазылған мәтінді ажыратып оқу тәсілі
А. әуез
В. ырғақ
С. әуен
Д. кідіріс
Е. дыбыс

1..Ғылыми стильге тән лексикалық ерекшелікті тап.


А.лепті, сұраулы сөйлемдердің ұшыраспауы
В. терминдердің жиі қолданылуы
С.ойдың хабарлы сөйлеммен берілуі
Д.баяндауыштың ырықсыз етіс түрінде келуі
Е. тұрақты тіркестердің қолданылуы
2.Емлеге сай дұрыс жазылған күрделі-құрама жалқы атауды белгіле.
А. қыз Жібек
В. әз Жәнібек
С. Әйтеке Би
Д. Қорқыт ата
Е. Әбу насыр Әл-Фараби
3.Элизияға ұшырайтын тіркесті анықта
А. ақ лақ
В.ала ат
С. қара сиыр
Д. көк орамал
Е. сары қоян
4. Экспрессивті, бағалауыш сөздер жиі қолданылатын стиль түрін көрсет
А. көркем әдебиет стилі
В. ғылыми стиль
С. ісқағаздар стилі
Д. публицистикалық стиль
Е. ауызекі сөйлеу стилі
5. Шешендіктің үш элементін (шешен, шешендік сөз, тыңдаушы) көрсеткен ғұлама кім?
А. Цицерон;
В. Аристотель
С. әл-Фараби
Д. Майқы би
Е. Төле би
6. . Пікірталастың түрін көрсет
А. баяндама
В. шешендік сөз
С. ойкөкпар
Д. жоба
Е. шешендік арнау
7. Интонацияның құрамдас бөлігі не үшін қажет?
А. сөйлемнің мағыналы әрі мәнді болуы үшін;
В. сөздерді дұрыс жазу үшін;
С. сөйлегенде дұрыс ойлау үшін
Д. тіркестерді дұрыс орналастыру үшін
Е. сөздердің мағынасын ашу ишін
8.Кідіріс нені білдіреді?
А. Акустикалық дыбысталудың тоқтағанын
В. ойдың аяқталғанын
С. келесі сөздің жалғасатынын
Д. сөз тіркестерінің оқылуын
Е. сөйлемдегі сөздердің байланысын
9. Публицистикалық стильде қай түрі қолданылады?
А. формулалар кездеседі
В. саяси лексика, тақырыпқа сай терминдер жиі қолданылады
С. ғылыми терминдер кездеседі
Д. образды сөздер көптеп кездеседі
Е. анықтама, дәлелдемелер кездеседі
10.Меңзеу дегеніміз не?
А. екінші кұбылыспен салыстыру
В. бір ұғымның орнына екінші ұғымның айтылуы
С. екі нәрсенің атын ауыстырып, алмастыра қолдану
Д. ұксас өзге затқа не құбылысқа балау
Е. ұлғайту
11.Аласаны атқа санама, Жақсыны жатқа санама деген мақалда айшықтаудың қай түрі қолданылған?
А. синтаксистік параллелизм
В. аллитерация
С. ассонанс
Д. анафора
Е.эпифора
12. Мәтін ақпаратты тасымалдау түрлеріне қарай ........,......,....... бөлып бөлінеді.
А. суреттеу, әңгімелеу, пайымдау;
В. гуманитарлық, тарихи, танымдық,
С.макромәтін, микромәтін
Д.ауызша, жазбаша, электронды
Е. тұтас, тұтас емес, аралас
13. . Әнгімелеу мәтіні деген не?
А. құбылыстың сын-сипатын, белгілерін егжей-тегжейлі суреттейтін мәтін түрі
В. бір нәрсе туралы неліктен солай айтыланын дәлелдейді
С. оқиғаның себебі мен байланысын анықтайтын мәтін
Д. оқиғаны ретімен хабарлайтын, баяндайтын мәтін түрі
Е. кейіпкердің бейнесін суреттейтін түрі
14. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңдер:
А. Садақ деген сөздегі «са» буыны ашық буын.
В. Садақ деген сөздегі -са буыны - ашық буын.
С. «Садақ» деген сөздегі «са» буыны - ашық буын
Д. «Садақ» деген сөздегі - са буыны - ашық буын.
Е. «Садақ» деген сөздегі са буыны ашық буын.
15. . Белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығының немесе сол ойдың ар жағында айтылмай қалған тағы бір ойдын бар екендігін, не болмаса асығып-аптығып сөйлеуге байланысты айтылмақшы пікірдің толық айтылмағанын білдіру үшін қойылатын тыныс белгі:
А. сұрау белгісі;
В. қос нүкте;
С. нүкте;
Д. үтір.
Е. көп нүкте;
16. Біреудің ойлаған ойын, пікірін, топшылауын білдіретін сөздер мен сөйлемдер:
А. автор сезі;
В. төлеу сөз;
С. оқшау сөз;
Д. диалог.
Е. төл сөз;
17. Берілген ретіне қарай сөз тіркестерінің, байланысу түрін анықта:
ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман.
А. матасу, қабысу, жанасу;
В. меңгеру, қиысу, қабысу;
С. қабысу, меңгеру, жанасу;
Д. матасу, меңгеру, қабысу.
Е. қиысу, матасу, жанасу;

18. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады деген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі:


А. қаратпа сөз;
В. қыстырма;
С. оңашаланған айқындауыш;
Д. біріңғай мүше.
Е. одағай;

19. Сөзжасам дегеніміз не?


А. жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін тіл білімінін бір саласы;
В. қосымша жалғанған сөздерді зерттейтін тіл білімінің бір
саласы;
С. сөздердің тұлғалық сипатын қарастыратын тіл білімінің бір
саласы;
Д. сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Е. сөздердің тіркесуін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

20. Мәтіннің өте жинақы болып құрылатындыгы қай стильге тән?


А. ауызекі сөйлеу стилі;
В. көркем әдебиет стилі;
С. ресми ісқағаздар стилі;
Д. публицистикалык стиль.
Е. ғылыми стиль
21. Грамматикалық ауытқыған сөздер қатарын көрсетіңдер.
А. боладұр, баратұғұн, жібермен;
В. әңгелек, шаһар, масақ;
С. өгіз аяң, өзен бойу, өкүл гүйөу;
Д. терезе, азық-түлік, құндыз.
Е. балалар, сөмке, стақан
22. 8. Ауызекі сөйлеу нормасы?
А. орфоэпиялық;
В. лексикалық;
С. орфографиялық,
Д. барлығы дұрыс.
Е. синтаксистік
23. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз қайсы?
А. банкқа
В. банкіге
С. банкке
Д. банкіға
Е. банкға
24. Баяндап отырған мәселеге автордың көзқарасын, өзіндік пікірін сезімін аңғарту үшін қолданатын сөздер:
А. оңашаланған айқындауыш:
В. қаратпа сөз;
С. бірыңғай мүше.
Д. қыстырма;
Е. одағай;
25. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтау, оның мәнін ашып
тұжырымдау мақсатындағы сөздер:
А. бірыңғай мүшелер;
В. жалпылауыш сөздер;
С. оқшау сөздер;
Д. айқындауыштар;
Е. дұрыс жауабы жок.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет