1. Глоссарий Орман Пирологиясында



бет4/30
Дата20.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
îðìàí ïèðîëîãèÿñû
ИТОГОВАЯ АТТЕСТАЦИЯ. 2020-2021 уч. год, ЖО 9, ҚРМЖҚР Силлабус 2022ж., Документ 4, Тотыгу-тотыксыздану тест, 67, 5f48db6acc320 1598610282 (1), Памятка 2023 г. Каз. яз., аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі
1. Орман өртi - орман ауданы бойынша таралып жатқан басқарылмайтын жану. Орман өрттері жануды объектісіне және олардың тарату сипаты бойынша сипатталады. Далаларда табиғи болатын немесе жасанды шақырылатын өрттер.Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Өрттермен әлсіреген отырғызулар қиын аурулардың ошақтары болып қала береді, бұл өттерден зардап шеккен аумақтардың ғана емес, сондай-ақ оған көршілес орналасқан отырғызулардың да жойылуына алып келеді. Өттер салдарынан қорғаушы, су қорғау және басқа да ормандардың және далалардың пайдалы құрылымдары, азықтылар төмендейді.
Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі және жоғарғы, тұрақты және тұрақсыз болады.
Тұрақты төменгі өрттер орманның төменгі қабаттары бойынша аз жылдамдықпен (минутына 0,5м) ағаштардың топырақ бетіне шыққан тамырлары бар төменгі бөліктерімен (топырақ қабаты, бұталар, ұсақ шырпылар өртенеді) таралады.






    1. – сурет. Төменгі өрт

Тұрақсыз төменгі өрттер топырақтың тірі және өлі бөлігін, шырпылрды, орман егістерін, бұталарды өртейді, бірақ қолайлы жағдайлар есебінен жылдамдығы минутына 0,5-1 м және өрттің жоғары болуымен, дымқылдығы жоғары орындардан өтіп кетіп таралады.


Төменгі өрттер үшін кең таралған өрттің формасы тән. Түтін түсі – ашық-сұр, төменгі өрттердің таралу жылдамдығы желмен қарағанда желге қарсы 6-10 есе қарсы. Тәуліктің түнгі уақытында күндізгіге қарағанда жылдамдығы азырақ болады. Жел бағыты өзгерсе өрттің формасы – оның форнтының, қанатының, соңының негізгі элементтері өзгеріп кетеді. Бұнадй жағдайларда әсіресе өрт үлкен көлемдерге жайылса, орман ішіндегі адамдарды да қоршап алуы мүмкін. Ірі өрт кезінде авиациялық барлау көмегімен ғана жағдайға бейімделуге болады. Жоғарғы тұрақты өрт төменгі өрттердің келесі кезеңі, төменгі өрттер ағаштардың тамырын өртмей отырып, бұтақтарын, жапырақтарын, ұсақ және ірі бұтақтарын өртке орап әкетеді. Төмен өрттердің ағаш жабындыларына өршігуі қатты желдерде, сондай-ақ қылқан жапырақты ағаштардың кебулерінде (әсіресе тау бөктерлерінде, өрт жоғарыға тарағанда) болады. Ағаш кебулері жоғарыда болған өрттен кейін толығымен өліп қалады, бұтақтардың тек күйіктері ғана қалады. Жоғарыдағы тұрақты өрт кезіндетөменгі өрт басының жылжу шамасы бойынша ағаштардың ұшар басы бойынша таралады. Тек қатты желдердің әсерінен ғана болатын, жоғарғы тұрақсыз өрттер кезінде ағаштардың бастарынан «ауыспалы», төменгі өрттің фронттарын баса отырып таралады. Жел сонымен қатар ағаштық ұсақ бөліктерін, басқа да ұсақ жанып жатқан объектілер мен шоқтарды шашыратып, негізгі ошақтың алдынан бірнеше жүз метрге төменгі өрттерде жаңа ошақтар пайда болуына әкеледі. Көптеген жағдайларда өрт айтылған тәсілмен жолдардан асып, өртті сөндіруге арналған минералданған сызықарға, өртке қарсы жарылулар және басқа да шептерге «лақтырылады».Өрттердің «алмасуы» кезінде ағаш ұштары бойныша сағатына 15-25 км жылдамдықпен таралады, бірақ та жоғары тұрақсыз өрттің орташа жылдамдығы әрқашан да аз, өйткені «алмасудан» кейін өрт фронтының таралуы төменгі өрт жанған ұштары учаскісінен өткенше тоқтап тұрады.






    1. – сурет Жоғары өрт

Жоғарғы өрттер көп көлемде жылу бөліп, өрт өнімдері мен қызылған ауа ағынын шақырып, бірнеше жүз метр диаметрде конвективті ағыны (бағандары) пайда болады. Олардың қозғалысы өрттің фронтының бағытымен түйіседі. Конвективті ағыстың ортасындағы өрт 100 мерт биіктікке дейін көтеріле алады. Конвективті бағана өрт аймағының ауа кіруін жоғарылатады және өрттің көбеуіне жол беретін жел тудырады.


Тұрақсыз жоғарғы жел кезінде аудан формасы жел бағыты бойынша соөылыңқы болады. Жоғарғы өрт түтінінің түсі қою қара.

1.1 – кесте. Өрт түрлері







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет