1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі модернизм



бет3/11
Дата07.02.2022
өлшемі41 Kb.
#95186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
MIdterm ответ (1) (1)
MIdterm ответ (1) (1)
Модернизм философиясы

Модернизм (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы. Модернизм негізінен философиялық ой толғамдардан қуат алады. Сол себепті еуропалықтар үшін бар өнердің өзегі һəм ұйытқысы философия болды. Өйткені оларда дін өзінің қызметін шығыстағыдай атқарған жоқ. («В Европе преобладает философское стремление, в Азии — религиозное». Дрэпер). Яғни, қоғамдағы жаңалықтарға дін түрткі яки ұйытқы бола алмады. Қайта өрлеу дəуірінің түрткісі рационализм (ақылға қонымдылық) болса, модернизмнің түрткісі иррационализм (ақылға қонымсыздық) екені белгілі. XV ғасырдан рационализмге қатты ден қойған Еуропада XIX ғасырдан бастап иррационализмге қарай ойысты. Модернизм – өнер қайраткерлерінің əлемдік қақтығыстарға, адамзат дамуындағы дағдарыстарға деген көзқарастарын білдірді. Ең алдымен, «modern» сөзі «қазіргі (жаңа) кезең» деген мағынаны білдіреді. Оның екі мəндік мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең «қазіргі кезең талабына сай», екіншісі модернге, яғни модернизмге. Өз кезегінде «модерн» терминімен мəдени құбылыстардың ауқымды тобы белгіленді. Тар мағынада, «модерн» ұғымы деп ХІХ–ХХ ғ. басындағы көркемəдебиеттік қозғалыс түсінілді. Ал кең мағынада «модерн» ұғымы Жаңа заман (Modernity) деп аталған белгілі бір дəуірге сəйкес келген тарихи кезеңді айқындайды. Бұл дəуір Антикалық жəне Ортағасыр дəуірінен кейін келді. Осы екі дəуірдің жиынтығы «Pre-modernity» (модерналды) деп аталады. Модерн тарихи дəуір ретінде модернизм деп аталған ерекше философиялық жəне ғылыми көзқараспен сипатталады. Өкілдері – Бэкон, Декарт, Ньютон, Гегель, Маркс жəне тағы басқалар. Бұл көзқарастың негізгі идеясы – адамның ақыл-ойының əлемді нақты объективті заңдылықтарға бағынатын, біртұтас жүйе деп қарастыру мүмкіндігіне деген сенім, сондай-ақ табиғат пен қоғамның негізгі заңдылықтарын табу тарихи прогреске əсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге əлемді соған сəйкес қайта құруға мүмкіндік береді деген сенім.
Зерттеушілердің көпшілігі «модерн» дəуірінің өткен күнге айналғанын, ал «постмодерн» өзінің құқығына қашан ие болғанын нақты белгілей алмай жүр. Ал, осыны анықтауды қажет ететін сұрақтарға жауаптардың көптігін жəне жүйесіз нұсқаларын жиі кездестіреміз. Тіпті, «постмодерн дəуірі мен постмодернизм кезеңін» (М.Эпштейн) сөз етпей тұрып, «модерн дəуірімен бірге модернизм идеялары да аяқталды ма» деген маңызды сауалдарға жауап беруде Еуропаның əдебиетті зерттеуші-ғалымдарының ой-пікірлері де бір тоқтамға əлі де келе қоймағанын аңғарамыз. Қайшылыққа толы пікірлерді бір ізге түсіріп жүйелер болсақ, модернизм теориясының жалпы деген принциптері турасында мынадай тұжырымдар жасауға болады:
– əлемдік əдебиет контексінде модернизм эстетикалық доктрина ретінде алдыңғы дəуірлердің рухани құндылықтары мен дүниетанымдық қырларын жаңаша парықтаудан барып дүниеге келді;
– дəстүрлі эстетикалық ұстанымдарды басқаша екшеудің мысалдары ретінде еуропалық əдебиетте импрессионизм, символизм, жаңа драма, кубизм, имажизм, футуризм, экзистенциализм жəне тағы басқа мектептер мен ағым-бағыттар пайда болды;
– еуропалық модернизм дүниежүзілік соғыс сияқты адамзат көшіндегі ауытқулар мен əлеуметтік-тарихи дағдарыстар тұрғысында белең алып, əлем келбетін, өмір шындығын танытуда өз əлеуетін тауысып біткен позитивизмге қарсы тұрудан басталды;
– модернистер өз дəуірлерін ірі тарихи жаңарулар мен түбегейлі өзгерістердің кезеңі деп қарады; – алғаш тəжірибе түрінде енгізіліп, кейін теориялық тұрғыдан негізделген «сана ағымы», А. Бергсонның интуиция жəне сана өзгерістері мен өмір құбылыстарының ұқсас жағдайларын сабақтастыру, З. Фрейд пен К. Юнгтың адам əрекетерін санадан тысқары қарастыратын психоанализ хақындағы тұжырымдамалары модернистер үшін айрықша маңызға ие болды. Модернизм қоғамдағы қайшылықтардың барынша тереңдеген уақытында рухани-мəдени құлдырау, санадағы дағдарыстар белең алып кеткенде, оған қарсы реакция ретінде жаңа құндылықтар ізденістері кезінде пайда болғанын білеміз. Қазақ прозасында ХХ ғасырдың алғаш кезеңдерінде көрініс беріп, қайтадан үзіліп қалған модернистік поэтика желісі 1960 жылдардан бастап қайта өрістеуінде əлемдік тəжірибелермен аналогиялар байқалмай қоймайды. Дүниежүзілік соғысты адамзаттың ең үлкен дағдарысы, адам баласының рухани-ұждандық тұрғыдан ең ірі құлдырауы деп санаған əлем модернистері көркем ойлауды жаңа көкжиекке бағыттау, түп-тамырымен қайта қалыптау деп білсе, 1960 жылдардан бастап қайта өріс ала бастаған қазақ модернизмі маркстіклениндік эстетикаға көзсіз берілуден бастартудан, тоталитарлық сана үстемдігінен арылуды ойлай бастаудан, «жарқын коммунизмге бет алып бара жатқан» өз қоғамдарының болашағына шүбə келтіруден барып күш алды. Модернизмнің басты мақсаты – мəдениетті «модернизациялау», яғни «жетілдіру». ХХ ғасырдың басындағы авангардистік ағымдардың манифестерін оқып қарасаңыз, барлығының да мəдениетті жетілдіру проблемасын көтергенін байқар едіңіз. Алайда модернизм де біркелкі емес, ала-құла, көптеген мүдде, көзқарас, эстетикалық теориялардың қақтығысын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет