1. Ж. Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы


Н.А.Добролюбовтың педагогикалық көзқарасы



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі24,62 Kb.
#90007
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жауабы 2

2. Н.А.Добролюбовтың педагогикалық көзқарасы
Саяси қайраткерлер Н. А. Добролюбовтың көзқарасына терең талдау жасай келе, оны самодержавиелік үкіметке қарсы бағытталған халық көтерілісін күткен және зорлық-зомбылық атаулыға табанды түрде қарсы шыққан жазушы еді дейді. Міне, осындай патша үкіметімен бітіспес күресте қалыптасқан Добролюбов либералшыл-буржуазиялық бағыттағы педагогтарға қарама-қарсы тәрбиенің саясаттан алшақтауы мүмкін емес, ол саясатпен тығыз байланысты және соған қызмет етугс тиіс деп есептеді. Осы тұжырымына сәйкес ол өзінің "Россиядағы халық ағарту министрлігі" деген мақаласында елдегі орын тепкен сословиелік-крепостниктік тәрбие жүйесін, ресми педагогиканы және оқу министрлігінің бюрократтык-чиновниктік жұмыс әдісін бұлтартпас дәлелдермен қатты әшкерелейді. Н. А. Добролюбовтың дәлелдеуінше, үкіметтің халық ағарту саласындағы саясаты еңбекшілердің білімге деген кұштарлығы мен талабын жаншып, езуге бағытталған. Сондықтан да ол мұндай саясатты соғыс деспотизмі деп атайды. Добролюбов үкіметтің халыкты ағарту мәселелері жөніндегі реформалармен ғана көз бояп, алдайтындығьш дәлелдейді.Материалист Добролюбов ағарту ісі мен білімнің халықтың материалдық тұрмыс жағдайымен тығыз байланыстылығын көрсетеді, әсіресе миллиондаған шаруалар арасындағы қараңғылық пен сауатсыздықтың себебін көрсете келе, ол былай деді: "Бір үзім нан үшін, түрлі салықтарын өтеу үшін күн сайын жұмыс істеуғе мәжбүр болған шаруаның кітапқа қол созбайтыны түсінікті, оның басқа да қажеттірек мұқтаждары бар, соларын ойлауы тиіс".Ұлы революцияшыл-демократ Добролюбов шаруа балалары мектеп біліміне, ақыл-ой әрекеттеріне қабілетсіз келеді деген екі жүзді теріс пікірлерге қарсы шыға отырып, шаруа балаларының арасында қабілетті де, онымен бірге ынталы да балалар жеткілікті деген тұжырым айтады.Осындай дәлелді әрі орынды тұжырымдармен бірге, Н. А. Добролюбов революцияшыл-демократиялық педагогика тұрғысынан Россиядағы ағарту және білім беру жүйесін түпкілікті өзгерту және қайта құрудың жолдары жөнінен құнды пікірлер ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет