«№1 жалпы білім беретін орта мектеп» кмм-нің 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары


-2020 оқу жылындағы оқушылардың оқу үлгерімін талдау



бет15/96
Дата07.02.2022
өлшемі396,28 Kb.
#93633
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96
Байланысты:
годовой план 2019-2020
Биология факульт курсы (1), A ylshyn-tili-1 n s a, A ylshyn-tili-1 n s a, Тәулсіздік жетістіктері сын сагаты 6
2019-2020 оқу жылындағы оқушылардың оқу үлгерімін талдау
Барлық сыныптардағы білім сапасының анализі, соның ішінде бастауыш сыныптардың білім сапасының жоғары екендігін атап айтып, ал орта буында биыл өткен жылға қарағанда білім сапасы 10% көтерілгенін көрсетеді.
Оқу сапасын жоғарылату үшін оқу жылында біршама жұмыстар атқарылды. Оқушылардың оқу динамикасын зерттеу мақсатында, мұғалімдер мен оқушылардың әрекетін түзету барысында барлық пәндердің оқу нәтижесін мониторинг деңгейінде қалыптастыру, кейінгі оқу жүйесінде де бақылау нәтижесі өткізіліп, бастапқы анализдің орындалуы және жарты жылдық бақылау жұмыстарының мақсаты мектеп-лицейдің әдістеме бірлестігі мұғалімдердің жұмыста оқушыларға берген білімдерінің жеткіліксіз болуының себептерін анықтау. Әдістеме бірлестігі отырыстарда тоқсандық қорытынды бойынша аналитикалық талдау жүргізді. Осы жұмыстардың жүргізілу барасында оқу сапасының төмендігі, оқушылардың білім деңгейін түзету мен мұғалімдердің білім беру сапасы анықталды.
Үлгермеушілікті болдырмау жолында үлкен жұмыс атқарылды. Әдістеме бірлестігінің мәжілісінде тоқсандық қорытынды бойынша тек қана үлгермеушіліктің себептері ғана анықталып қоймай, әрбір оқушының біліміндегі кемшіліктерін жою жағдайына анализ өткізілді. Мектеп бойынша білім сапасы жағынан ең жақсы көрсеткішті бастауыш сынып оқушылары көрсетті. Ал ортаңғы буында ең жақсы көрсеткіш 5-ші сыныптар болды. Ал жоғары буында 10-шы сыныптар.
Мониторингтің анализінде білім сапасының іс жүзінде барлығы қатар өскендігін көрсетті, кестеден де көруге болады. Ол, әсіресе, бастауыш сыныптарда күшейген. Мұнда тәжірибелі, қабілетті мұғалімдер жұмыс істейді, оқу жылы мерзіміндегі жұмыста туындаған қажетті түзетулер мен былтырғы жылдың білім сапасының анализін енгізіп отырады.
Орта буында өсу орташа есеппен 8-10% құрайды. Орта буындар үшін ол жақсы көрсеткіш. Ал жоғары сыныптардың жараталыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық болып бөлінуде білім сапасын қатар алып жүру әрдайым мүмкін бола бермейді, сол сияқты әртүрлі сапаға апталық сағат мүмкіндік бермейді, алайда дұрыс бағалау белгілі бір кезең деңгейінде өтеді. Дегенмен ҰБТ-ға дайындық барлық сыныптарда жоғары кәсіби деңгейде өтті.
Оқу деңгейінің анализін қорытындылай отырып, бағалық компоненттер барлық пәндер бойынша қанағаттандырарлық деп есептеуге болады. Алдағы уақытта оқушылардың нәтижелі дайындық беру мақсатында пән мұғалімдеріне ұсыныс: әрбір оқушыға жеке тапсырма бере отырып, сол аралықта оқушылардың білім көлемі қай деңгейде екендігін анықтау қажет.Барлық консультацияларды толық тестік сынақ материалының анализі мен оқу материалының қиын мәселелі сұрақтарын сыныптан тыс өткізу. Оқушылардың өткен тақырыптарды оқу, түзету және тақырып пен тарауларды қайталау мақсатында мониторинг анализін өткізу. Оқушылармен сыныптан тыс уақытында тесттік материалдармен жұмыс дағдысын өткізу. Дұрыс жауап табу үшін дағдыны техникалық түрде меңгеріп, оның логиалық ойлау қабілетін қалыптастыру. Балалардың оқуға деген дайындық мәселелерін шешу үшін ата-аналармен жақын қарым-қатынасты күшейту қажет. Оқушының психологиялық тұрақтылығы мен білімін, күш-қуатын ұтымды пайдалану мақсатындағы жұмысқа мектеп психологы жұмылдырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет